Қазыбек Иса. Мұндай дүбірді өшкен емес... өскен партия ғана тудырады!
«Ақ жол» партиясындағы өзгерістердің зор оқиғаға айналуы жайлы он орамы
Кез келген саяси партияның негізгі мақсаты билікке келу. Ол көп партиялығы дамыған, саяси еркіндігі қанат жайған өзге елдерде биліктің ауысуы түрде болса, бізде әзірше билік тармақтарын алумен қанағат тұтып тұр. Болашағын ойлап, біздің елдегі мүмкіндікті болжай біліп, конструктивті оппозиция ұстанымындағы «Ақ жол» партиясын бағалаған билік оның төрағасы Әлихан Бәйменовты биліктің бір бұтағына қондырып, Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасы етіп жатса, ол неге соншалықты шу болуға тиіс. Әлихан Бәйменов тап бір бізге жау елдің министрі болып бара жатқандай екіленгендердің естері екеу, түстері төртеу болуын қалай түсінуге болады?
Біріншіден, саяси партияны басқарған саясаткер биліктің бір тармағына бармағанда, қайда барады? Біздің жағдайда соны кім түсіндіріп береді екен?
«Ақ жол» партиясындағы өзгерістердің зор оқиғаға айналуы жайлы он орамы
Кез келген саяси партияның негізгі мақсаты билікке келу. Ол көп партиялығы дамыған, саяси еркіндігі қанат жайған өзге елдерде биліктің ауысуы түрде болса, бізде әзірше билік тармақтарын алумен қанағат тұтып тұр. Болашағын ойлап, біздің елдегі мүмкіндікті болжай біліп, конструктивті оппозиция ұстанымындағы «Ақ жол» партиясын бағалаған билік оның төрағасы Әлихан Бәйменовты биліктің бір бұтағына қондырып, Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасы етіп жатса, ол неге соншалықты шу болуға тиіс. Әлихан Бәйменов тап бір бізге жау елдің министрі болып бара жатқандай екіленгендердің естері екеу, түстері төртеу болуын қалай түсінуге болады?
Біріншіден, саяси партияны басқарған саясаткер биліктің бір тармағына бармағанда, қайда барады? Біздің жағдайда соны кім түсіндіріп береді екен?
Екіншіден, оппозициялық партияда жүріп, билікке келген алғашқы да , соңғы да Әлихан Бәйменов емес. 2004 жылы тура осы «Ақ жол» партиясы тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбаев Ақпарат министрі болды. Ол кезде ешкім шулаған жоқ қой... «Таң қалдырған тағайындау» деп «Жас қазақ үні» газетінде ғана мақала жазылды. Одан кейін Ораз Жандосов біраз жыл Антимонополиялық комитетті басқарды. Мен тек екеуін ғана айтып тұрмын... Одан бұрынғыларды айтсақ, елдің есінде қалғаны Ермұқанбет Ертісбаевты Социалистік партияны басқарып тұрғанда билікті сынамай ас ішпейтін еді десең, ел қазір таң қалатын шығар... Өйткені ол қазір оппозицияны сынамай шәй ішпейді. Биыл демократиялық күштерден Президенттік сайлауға ешкім шықпағанда Ертісбаев оппозицияға не істеу керектігін ежіктеп түсіндіргенін жақсы білеміз. Ол тіпті «Билікті өтініп сұрамайды, Украйнадағыдай тартып алады» деп те айтып салды. Президент кеңесшісінің бұл кеңесін «Азатқа» ғана емес, қазаққа керек кеңес» деп «Қош бол, оп-по-зиция» деген мақалада жаздық («Жас қазақ үні» газеті qazaquni.kz). Кезінде бір саяси-ғылыми институтты басқаруға келіскен ол оған дейін билікті елімізде де, шетелде де ең қатты сынағандардың бірі болды. Оның билікте жүріп-ақ билік туралы шетелде не дегенін «Жас қазақ үні» газетінде өткен жылы белгілі дипломат Сайлау Батыршаұлы жақсы келтіріп кетті...
Үшіншіден, «Ақ жолға» қара күйе жағушылар оны саяси өшкен партия деп соғуда. Ау, өшкен партия туралы осынша осыншама шу тудырып, дүбірлетер ме еді... Шілденің алғашқы жартысы тек осы «Ақ жол» партиясы туралы әңгімелердің қатты қызуымен-ақ ысып кетті... Бұл кезеңде Астананың 13 жылдығы, Елбасының туған күні секілді ел үшін ерекше маңызды оқиғалардың болғанына қарамастан... «Ақ жол» туралы сөз бәсеңсіген жоқ. «Менмін» деп кеудесін соққанда бос дүңгір шығатын партиялардың басылымдары өз партияларын ұмытып... тек «Ақ жол» туралы әр нөмірі сайын құлаш-құлаш қара бояулы беттер беріп жатыр... Әрине, беттерді қалай бояу... бетке байланысты екені тағы да анық... Олардың бәрі де «Ақ жолдың» мүшесі емес болғандықтан, өссін деп емес, өшсін деп жүргендер екенін партия мүшелері жақсы біледі.
Төртіншіден, партиядағы бұл өзгеріске, яғни басшысының ауысуына байланысты қарсылық білдіріп, бір облыстық филиал төрағасы жұмыстан кетті. Ол да заңдылық. Өйткені, «Ақ жол» «Нұр Отан» емес қой... басшысы айтса, бас шұлғып, 100 пайыз келісе беретін... Демократиялық партияда өз пікірін білдіріп, қарекет ететіндер аз емес.
Бесіншіден, біздегі партиялардың барлығы оның төрағасының жеке тұлғасына байланысты құрылады деген саясаттанушылар пікірін алғаш жоққа шығарған да осы «Ақ жол» партиясы болды. Жеке тұлға, төрағасы кетсе, тарап кететін партия қалыптасқан партия емес.
Сонымен бірге партияның қаржылық жағдайы да қатты қиындыққа тап болғаны елге белгілі еді. Ал ол қаржыны тарту үшін партияны сақтап қалу мақсатында өзінің партия басшылығынан да кете алатынын Әлихан Бәйменов осыдан екі ай бұрын әр президум мүшелері мен облыстық төрағаларға хат арқылы хабарлаған еді. Кейбір партия басшылары секілді партиясынан жасырып, президентке кіріп, онысы екі айдан кейін белгілі болып қалып, сонда оның кезінде өзімен бірге партия теңтөрағасы болған саясаткер досының қапия қазасының жай-күйін де сұрай алмағаны да анықталып, масқара болған жоқ...
Алтыншыдан, бізде экономикада демонополизация орнағаны белгілі. Енді бұл қадам саясатта да басталуы тиіс. Елбасымыз алдымен экономика, содан соң саясат дегенін жақсы білеміз. Енді демонополизация денұротанизацияға жалғасуы керек. Оны «Нұр Отаннан» азаттық алған Азат Перуашев азат ойлы «Ақ жолмен» бірге бастағалы отыр. Азаттың «Ақ жолға» кіре салып, төраға болуы да сынайтын жаңалық емес. 2003 жылы болу керек, Ресейдегі Қазақстанның елшісі болып табылатын Алтынбек Сәрсенбаев «Ақ жолдың» теңтөрағаларымен жүргізген ұзақ келісімнен кейін, бір күнде «Ақ жолға» өтіп, сол күні теңтөраға болғанына біз куә болғамыз. Оны аузына салып бергенін ғана жазатын сарыауыздар білмейтін шығар, біз өзіміз сол съезде дауыс бергеміз.
Жетіншіден, «Ақ жол» партиясы бұрыннан кәсіпкерлер мәселесін көтеріп келе жатқан партия. Ол туралы ұсыныстары заңдарымызда да көрініс тапқан. Сондықтан да, өз алдына партия құрғысы келген «Атамекеннің» біраз партиялармен келіссөз жүргізгенде, Абай айтпақшы, «Құр айқай бақырған, құлаққа ән бе екен?» дегеніндей, байбаламшыл партияларды емес, үндемей жүріп іс бітіретін «Ақ жолды» таңдағанына таңғалуға болмайды.
Сегізіншіден, Азат Перуашев келе салып, оған «Ақ жолдың» президиум мүшелері бір ауыздан келісе салған жоқ. Бұл келісім өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүріп келе жатыр еді. Оған дауыс беру үшін президиум мүшелері съезд алдында бір күн бойы түнгі сағат бір жарымға дейін дауласқанын айтуымыз керек. Онда Азат Перуашевқа неше түрлі сұрақтарға жауап беруіне тура келді. Ақыры президиум бір шешімге келді.
Тоғызыншыдан, Азат Перуашев алғашқы сөзін «Ақ жолдың» тәуелсіздікті ту еткен ұлттық «Алаш» партиясының ізбасары екенінен бастады. «Ақ жолдың», бұл бағыттағы жұмыстары жалғасын таба беруі тиіс деді. Бізді де партия қатарында қалдырған осы ұстаным екенін жасырмаймыз. Тәуелсіз Қазақстанның саяси кеңістігінде ұлтттық идеологияның орны ойсырап келе жатқанын ел жақсы біледі. «Ақ жолдың» елімізде алғаш рет жасаған Қазақстанның 2011-2020 жылдарға арналған Ұлттық Тұжырымдама жобасын салмақты саясаттанушылардың бәрі қолдап, құттықтағаны белгілі. Съезден кейінгі алғашқы күні-ақ Президиум мүшелерінің бірінің ұсынған партияда орыс ұлттық ұйымдарын ашу туралы ұсынысқа ең адымен осы жолдардың авторы мен «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев қарсы шықты. Содан соң қалғандары қолдады. Осы жерде-ақ мен өзімнің партияда қалғанымның дұрыс болғанына көз жеткіздім. Бұл ұлттық ұйым мүшелері мен қаламгерлердің «Сіз не үшін қалдыңыз партияда?» деген сұрақтарына да жауабым деуге болады.
Оныншыдан, Азат Перуашевтың «Ақ жол» партиясының басшылығына келуі партия үшін де, ең алдымен оған үлкен сынақ. Ал кеден одағына кіру кезінде өзіндік ойларымен билік партиясының да пікіріне қарсы келе білген, мемлекеттік тілді тез үйреніп алған ол бұл сынақтан қалай өтеді, оны уақыт көрсетеді.
Әзірге, үрулерге мойын бұрмай, жүруді ғана білетін «Ақ жолдың» ақ керуені ақ жолмен алға тартып келеді...
«Жас қазақ үні» газеті