Сенбі, 23 Қараша 2024
4120 2 пікір 21 Тамыз, 2019 сағат 11:31

Көмекке мұқтаж жандардың мәселесі тікелей эфирде шешімін табады

Күзгі телемаусымнан бастап «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әлеуметтік бағыттағы «Niet» жобасы эфирге шығады. Екі сағат бойы тікелей эфирде өтетін жаңа бағдарламада шынайы көмекке мұқтаж жандардың мәселесі шешімін табатын болады,- деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ Баспасөз қызметі.

Әлеуметтік тележоба бойынша ауқымды сарапшылар пулы құрылды. Оған құқық қорғау органдарының, Халыққа қызмет көрсету орталығының, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер бойынша өзге де ұйымдардың кәсіби мамандары тартылды.

Бағдарламада психологиялық көмек түрлерінен бастап, қоғам қажеттілігі мен талқысындағы баспана, квота, бала асырап алу мәселелері бойынша нақты көмек шаралары қабылданады.

«Qazaqstan» арнасында әлеуметтік бағыттағы жобалар бұған дейін де болды. «Niet» әлеуметтік жобасының ерекшелігі - көпшілікті көмекке мұқтаж жандардың жағдайынан хабардар етіп қана қоймай, тікелей эфирде көмек қолын созу. Әр хабар белгілі бір адамның, отбасының мәселесіне арналып, арнайы сарапшылар тобының ақыл-кеңесімен бағдарламаға берілген екі сағат ішінде шешімін табады», -делінген баспасөз хабарламасында.

Жобаның негізгі мақсаты -  түрлі себептермен қиындыққа тап болып, тығырықтан шығар жол іздеген жандарға қолұшын созу.  Бағдарлама танымал тележүргізуші Гүлназ Әлімгерейдің жүргізуімен 9 қыркүйектен бастап дүйсенбі-жұма аралығында эфирге шығады.

Көмекке зәру жандардың өтініш-тілектері бүгінгі күннен бастап +7 (701) 555 07 51 нөмірі бойынша қабылданады.

Айта кетейік, биылғы күзгі маусымға «Qazaqstan» Ұлттық арнасы 14 жаңа жоба әзірледі. Тағы 10 бағдарлама жаңа форматта көрерменге қайта ұсынылады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407