Сенбі, 23 Қараша 2024
3767 0 пікір 21 Тамыз, 2019 сағат 11:45

Қызылордада білім саласында жаңашылдық бар

Биыл Қызылорда облысындағы 293 мектепке 164 500 оқушы келеді деп жоспарлануда. Оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға көбейген,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бұл жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова айтты.

Оның сөзінше, 1-сыныпқа 21553 оқушы қабылданады деп жоспарлануда. Оқушылар санының өсуі негізінен Қызылорда қаласында байқалған.

– Облыста қазіргі таңда балабақшалар саны 667-ге жетіп, онда 61 мың бала тәрбиеленуде. Балабақшалардың 72% жеке секторда. Арал, Қазалы аудандарынан 85 орынға арналған 2 жеке балабақша, Қызылорда қаласынан 140 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша ашылды,- деді басқарма басшысы.

Баспасөз брифингі барысында білім саласындағы жаңалықтар да сөз болды.

– 1-қыркүйектен бастап 4, 9, 10 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алады. Бұл ретте аталған сынып оқушыларына оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер сатып алу үшін жергілікті бюждеттен 1,7 млрд теңге бөлініп, 15 баспамен келісімшарттар жасалған. Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 10-сынып оқушылары «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сынды жаңа пән оқиды. Бүгінгі таңда бұл мақсатта нақты жұмыстар атқарылды, - деп атап өтті Майра Мелдебекова.

Сондай-ақ, ол биылғы жылдан бастап мектептерде ыстық тамақ ұсыну, лагерьге жолдама беру, 1-сыныпқа оқуға қабылдау, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі автоматтандырылғанын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, кез келген ата-ана mektep.sitcen.kz ақпараттық жүйесін қолдану арқылы оқушының қажетті құжатын үйді отырып-ақ электронды нұсқада өткізе алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407