Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2484 0 пікір 21 Шілде, 2011 сағат 09:16

Сәкен Сейфолла. Орыс отарлығының қайта оралуы

Өз жерімізде, өз елімізде отарлаушы, тонаушы, жаулаушы елдің патшаларына арнап, азаттық жолында шәйт болған, құрбан болған бабаларымызды қор қылғандай, кешегі жойқын қырғынды есімізге түсіре беретіндей, жалпақ жұрттың ар-намысына тиетін Павлодар, Петропавл сияқты атаулардан құтыла алмай жүргенімізде бөтен-бөгде емес, өзіміздің БАҚ-тарымыз Қазақстанда орыс патша Николай, патшайымы Александра және олардың Алексей, Ольга, Татьяна, Мария және Анастасия атты  балаларына арнап жаңа шіркеу ашылғанын "ақжолтайлап"  жазып жатыр.

Біз Ресейден, былайша айтқанда, қызыл кеңес-коммунист фашизм дәуірі алдындағы қазақ халқының, қазақ ұлтының, қазақ мемлекетінің соңғы ресми елбасысы Кенесары ханның кесілген басын жалына-жалбарына сұрап ала алмай жүргенімізде Астана митрополиті Алматы өңіріне барып осындай жаңа шіркеуді салтанатты түрде ашыпты. Онысымен қоймай, сол шіркеуді салысуға жәрдем бергендердің біразына дәл сол тұста еліміздің "Алғыс" медальдері де үлестіріліпті...  http://www.zakon.kz/224641-v-kazakhstane-pojavilsja-khram-imeni.html

Мені дұрыс түсінуіңізді өтінемін. Әсіре ұлтшылдықтан әсте аулақпын. Бірақ, қайдам, біздің қазекең Ресейде өзінің төл ата-баба тарихи атамекенінде ежелден шоғырлана отырса да өз балаларына кем дегенде (бұрыннан болған және кеше ғана Путин тұсында жабылған!) ана тілінде тәлім беретін мектебін аша алмай отырғанда бұндай "мырзалық-кеңпейілділігіміз" өз қара басыма, ең жұмсартып айтқанда, өте ерсі көрінеді.

Шіркеулерін ашса ашсын, мейлі, оған, әлбетте, ешкімнің бізде қарсылығы жоқ та. Бұл жерде орыстарға айтар назым жоқ. Құтты болсын жаңа құдай үйлері. Басқа не айтамыз?!

Бірақ үкіметімізге, өзіміздің президент әкімшілігіне, керек болса ұлттық қауіпсіздік комитетімізге, жауапты мәдениет және сыртқы істер министрліктерімізге айтар дауымыз таудай.

Көрші екі ел арасындағы қарым-қатынас терезесі тең дәрежеде іске асырылу керек емес пе? Қашанғы біз жалпақтап әр облыста, әр қалада, бүкіл аудандарымызда бюджеттен  басқа да  қайнар-көздерден  қаржыландырып еврей, орыс, украин тағы тағылар толып жатқан мәдени-ұлттық орталықтарды аша береміз? Дәл біздегідей диаспоралар кез-келген мемлекетте де бар. Германияда да, Францияда да, басқаларда да. Дәл біздегідей жағдай оларда да баршылық. Бірақ дүниежүзінде бір де бір өркениетті мемлекет тап  біздей  жалпақшешейлік танытпайды.

Бұл бишаралық жалтақтықты қашан қоямыз? Қашан ел боламыз?

Патша өлімі ел үшін үлкен трагедия. Орыс үшін өз патшасы (бұл өздерінің діни рәсімдері бойынша ресми түрде жарияланады!) қасиетті әулие-әмбие қатарына қосылады. Қазақ халқы, қазақ ұлты, қазақ мемлекеті үшін ол патша, біріншіден, Ресейдің бізді отарлау саясатын басқарған зұлым! Яғни біздер үшін ол, тарихи тұрғыдан алсақ, отарлау мен қанаудың символы.

Біз лайық дәріптей алмай жүрген Кенесарымыз біз үшін сөзсіз ұлы тұлға болса, Ресей үшін ол, біріншіден, өздерімен соғысқан қас дұшпаны, олардың ұлттық отарлау саясатына қарсы шыққан бүлікші екені белгілі. Жоғарыда аты аталған орыс патшасы да орыс халқының соңғы (өлтірілген) патшасы, Кенесары да қазақ халқының соңғы ресми елбасысы, ханы, патшасы. Оны да өлтірген. Орыстар бізде өз патшасының атын мемлекеттік деңгейде (мемлекеттік медальмен марапаттау сол емес пе?) насихаттап жатыр. Ал біз ше? Біз соңғы елбасы, патша, ханымыз Кенесары атын Ресейде бір нысанға беру түгілі оның бас сүйегін (аруаққа сыйынған, ата-баба мазарларына тәу еткен қазаққа одан қымбат, одан отаншыл, одан қасиетті не бар?!) сол Ресейден әке-көкелеп сұрап мәймөнкелеп қайтара алмай жүрген түріміз осы...

Ертең жоңғар ұрпағы қалмақтарымыз да қазақты аяусыз қырған өз патшаларына арналған салтанатты шараларын өткізе бастаса, не істейміз біз? Олар да теңқұқылы азамат қой!

Шындығы керек болса осы «қаптаған» диаспоралардың бүкіл іс-әрекеттері мемлекетімізге, мемлекеттік тілімізді дамытуға неге бағытталмайды? Жо-жоқ, олар, керісінше, тек өз бірінші отаны -  мемлекеттерін аңсауда, өз тілі мен дінін ойлауда. "Үй сыртындағы бөріні" үйіміздің төріне шығарып қашанғы есіктен сығалап күн кеше береміз, ағайын?

Мемлекеттік тіл  ‒  ол тек қана қазақтың ғана тілі емес қой, ол барша Қазақстан азаматтарының ортақ бірінші, негізгі тілі! Қазақ тіліне мұрынын шүйіргендерді еліміздің азаматы деп есептеудің өзі ақылға сыймайды!

Өзімізді өзіміз бөлшектей бергеннен кім ұтады, кім ұтылады? Осы қарапайым пайымды көрмеген, елемеген, дұрысы  ‒  көргісі келмеген адамды қазақ санатына жатқызуға бола ма, болмай ма?

Қазақ, «жауының сөзін қоштаған, жауыңның өзі жасасын» дегендей (Мұқағали) орысты да, Ресейді де сыйлайды. Бірақ қазаққа орыс патшаның құны (қайтадан жұмсартып айтайын) көк тиын екенін, олардың аттары қалаларымызға, басқа нысандарымызға берілгені біздер үшін қорлық екенін бізге сыртан келген келімсек диаспоралар ескеру керек пе, керек емес пе? Мемлекеттік саясат ел мүддесін қорғамаса, елдік мәселесі төңірегіне жұмылдырылмаса, бұндай саясат саясат па, кесепат па? Қазақ жерінде үй ішінен үй тігуге жол берген билік өз атына да, затына лайық па, лайық емес пе?

Жоғары жақта елді, елдікті, туған халқын, егемендікті ойлайтын адам бар ма өзі, немесе мүлде жоқ па?

Бұл қорлыққа халық малдай төзе береді деп ойлай ма олар шынымен?

"Маса-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618