Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
6922 7 пікір 11 Қыркүйек, 2019 сағат 14:05

Алтын адам Перғауындай туристтерді өзіне тарта ала ма?

Қазақстанның қай өлкесін алып қарасаңыз да, тау-тасы да, аққан бұлағы мен қара топырағына шейін тарихтан сыр шертеді.  Рухани жаңғыру аясында әрбір  тарихи жәдігерлеріміз  өз құндылығын жоғалтпай керісінше  кеңінен насихатталуда.  Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 20  шақты журналисттер қауымы Рухани жаңғыру аясында тарихи ескеркіштермен таныс болып қайтқан еді.  "Алтын адам Есігіңнен табылды, төріңде не жатқанын кім білсін" -, деген сөз бар, иә 1969 жылы елді елең еткізген жаңалық ол,  Есік қаласында бір бай бағыланның жастай қайтыс болған ұлының алтынмен апталған мүрдесі еді. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған екен.  Менің Алтын адаммен алғашқы таныстығым кішкене кезімде  Алматы қаласындағы жаңа алаңдағы үлкен ескерткішін көргенен басталған болатын. Ескерткіште   қанатты барыстың арқасында екі аяғымен тік тұрған Алтын адамның бейнесі бейнеленген.  Не себепті барыспен түскені беймәлім...   Бүгінде Қазақстанның тарихи брендіне айналған Алтын адамды білмейтін кем де кем. Кезінде  Академик Досмұхамед Кішібеков: “1969 жылы Алматы облысының Есік қаласына жақын жерден бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген “Алтын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Египеттегі Тутанхамоннан кейінгі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді”, – дейді (“ЕҚ”. 31.10.07).

Қош сонымен   Есік қаласындағы мұражайға саяхат жасаған бір топ журналисттерді бастап мұражай  директоры Тасқын Тойбаев  мұражайдың  арғы жағындағы  төмпешіктерге бастап әкелді.

"- Өздеріңіз көріп тұрғандай мұнда қазір қазба жұмысы жүргізіліп жатыр, ерте көктемде бастағанның өзінде қазір ортаңғы қабірге жеттік.  Әр  кезеңімен жыл сайын бұнда тас-топырақпен үстіннен жауып отырған".

Сонымен қатар бұрынғы жәдігерлер алынысымен қайтадан қазған жерді жауып тастап отырса,  бұл обаларды аса мұқият қазып жатқанында сыр бар болып шықты. Болашақта жан-жағы цементпен шегенделіп, тапқан жәдігерлер қалай тұр сол күйінде қалдырылып аспан астындағы обаларды музейлендіру қолға алынып жатыр екен. Бұл әдісті дамып кеткен көптеген мемлекеттер пайдаланатын болып шықты.  Әтеген-айы Алтын адам табылған жерінен қазып алынған соң қайта жабылып, бүгінде автобаз  салынып кеткен.  Мұражайға келушілер қарасы молдығы қуантты, көбісі шет елдіктер. Жасы келген шаштарын ақ шалған екі қариямен бізде пікір алмасқан едік. Сонау Калифорниядан келіпті,  Алтын адамның мұражайына келуіне себепкер,  Димаш Құдайбергеновтың әлеуметтік желіге салған Алтын адаммен түскен суреті себеп болыпты.  Қарап отырсақ Еуропада, Азияның кейбір мемлекеттерінде салынған ежелгі қалалардағы зәулім ғимараттардың  көбі сақталып қалған. Қазақстанда өкінішке орай бірде бір ежелгі деп айтар ғимарат қалмаған,  Отырармен бірге күйреген.  Есік қаласына жақын жерде тағы бір Рахат қала жұрты зертеліп жатыр.  Жалпы көлемі 88, 7 гек,  1999 жылы  Б. Нұрмұханбетовтың архелогиялық барлау жұмыстарынан белгілі. 2004 жылы  Ә.Х.Марғұлан атындағы архелогия иниституты жүргізген алғашқы қазба жұмысы нәтижесінде Рахат қала жұрты мен Есік қорымының бір кезеңге жататыны анықталды. Келесі жылы Алтын адамның табылғанына 50 жылдық толады,  осыған орай  Есік қорғандарынан табылған құнды жәдігерлерді таныстырып үлкен көрме өткізу жоспарда. Бүгінде Есіктегі жол бойындағы мұражай келушілерге тар болып қалған,  мұражайды тағы кеңейту үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, 2020 жылы жаңа мұражайдың  құрлысы  басталса 2021 жылы ашылып, халыққа қызмет етпек.

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты 82 оба бар екен, оның көпшілігі апатты жерде, яғни көлдің жағасы т/б.  Көбі тоналған, суға ағып жоқ болған,  мәселен Өріктіден табылған алтын түймелердің  тек жұрнағы қалған.  Десекте насихат аздықтан көп  халыққа ақпарат жеткізіле бермейді. Олқылықтың орнын толтыру үшін  Еңбекшіқазақ аудандық баспасөз хатшысы Динара Тюлемисова рухани жаңғыру аясында әлі талай құнды жәдігерлерді халыққа жеткізетін тілшілер қауымымен бірлесе жұмыс жасала беретінін айтып өтті.

Аида Кожмамбетова

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2088