Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Саңлақ 5823 12 пікір 6 Қазан, 2019 сағат 10:25

Головкин IBF және IBO белдігін қайтарып алды

Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1-0, 10 КО) жұдырықтасты.

Бокс жанкүйерлері асыға күткен бұл жекпе-жекте ота салмақ санатындағы IBF және IBO титулдары бәске тігілген.

Кездесу күтпеген көрініспен басталды. Украиналық боксшы бірінші раундта нокдаунға түсіп қалды. Бірақ бұл жоғары қарқын жекпе-жек соңына дейін жалғасқан жоқ. Үшінші раундтан бастан бірсыдырғы кездесу басталды. Украин боксшысы қабағы жарылып кеткеніне қарамастан 12 раунд бойы бокстасып шықты.

Қос боксшы 12 раунд жұдырықтасып болған соң, төрешілер қазақстандықтың қолын көтерді. Осылайша, отандасымыз бұрын өзіне тиесілі болған IBF және IBO тұжырымдарының чемпиондық белдігін қайтарып алды.

Негізі Деревянченко мен Головкин 2018 жылы кездесуі керек болатын. 2017 жылдың тамыз айында Сергей Багам аралдарының боксшысы Туреано Джонсонды жеңіп, IBF белбеуінің иегері Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы атанған. Алайда GGG Сергеймен емес, Сауль Альвареспен жұдырықтасуды жөн көріп, IBF титулынан бас тартқан.

2018 жылдың қазан айында Сергей америкалық Дэниел Джейкобспен орта салмақтағы ІВҒ чемпиондық белбеуін сарапқа салып, нәтижесінде төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Ал ІВҒ белдігі кейін Джейкобсті жеңген Сауль Альварестің қолына өтті. Биыл сәуірде Сергей неміс боксшысы Джек Кулькайды жеңіп, тағы да IBF титулына міндетті үміткер атанды. Бірақ мексикалық боксшы да Деревянченкомен жекпе-жек өткізген жоқ. Сөйтіп, ІВҒ белдігі тағы бос қалған. Міне енді аталған белдік қайтадан Головкиннің беліне оралып отыр. ІВҒ белбеуінің қысқаша "шешіресі" осындай.

Бәріміз білетіндей, Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болатын. Алайда өткен жылы 16 қыркүйек Лас-Вегаста мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белдіктерінен айырылып қалды (одан сәл бұрын IBF белдігін қайтарып бергенін жоғарыда жаздық). 2018 жылы бар белдігінен айырылған отандасымыз араға бір жыл салып әлем чемпионы атағын қайтарып алды. Ол енді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

Оқи отырыңыздар: Головкиннің гонорары неге аз?

Айта кетейік, бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық боксшы Эндрю Хернандеспен (20-7-2, 9КО) жұдырықтасты. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек бар болғаны 30 секундта қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970