Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2013 0 пікір 9 Тамыз, 2011 сағат 20:47

Сайлау БАЙБОСЫН. Мемлекеттiк тiлдiң меселi тағы бiр қайтты

Газетiмiздiң өткен сандарының бiрiнде Павлодарда мемлекеттiк тiлдi және өзiнiң жеке басын қорлағаны үшiн "Павлодарлифт" ЖШС-ын сотқа берген жергiлiктi тiл жанашыры Руза Бейсенбайтегi жайлы жазған бо­ла­тынбыз. Оқырмандардың есiне сала кету үшiн қысқаша айтсақ, Руза Бейсен­байтегi төлемақы жөнiнде мемлекеттiк тiл­де сауал қойғанда, "Павлодарлифт" серiк­тес­тi­гi қызметкерлерiнiң бiрi оған: "Говорите на нормальном русском языке", "Еще пожалеете о своем казахском, вот подадим в суд, тогда посмотрим, на каком загово­ри­те!"деген секiлдi дөрекi жауап қайтар­ған. Одан бөлек, төлемақы үшiн келетiн түбiртектерде оның аты-жөнi әдейi бұрмаланып, "Бейсенбай MERI", "Бейсенбай тiги ТЗ", "Бейсенбай ТЗ" деп жазылған.

Бiз өткен жолы осы даулы iс жөнiнде бол­ған сот отырысының кейiнге қалдырылғанын хабарлаған едiк. Шiлденiң 26-сы күнi бұл мәселе қайта қаралды. Оған қатысуға мүмкiншiлiк болмағасын, бiз Рузаның өзiне жолығып, мән-жайды бiлген едiк. Өкiнiшке қарай, судья И.Медерова "Павло­дар­лиф­тiң" әрекетiн дұрыс деп тауыпты.

"Қазаншының еркi бар, қайдан құлақ шығарса" дегендей, қандай шешiм шығарам десе сот өзi бiледi. Дегенмен сот үкi­мiнiң көшiрмесiн оқи отырып, бiраз нәрсенiң байыбына бара алмағанымыз рас.

Соттың соңғы шешiмiнде былай делiнедi (өзгерiссiз берiп отырмыз): "...Елiнiң мемлекеттiк тiлi жауапкермен қорланып жүргенiн көрiп жүйкесi тозып, үнемi стресте жүргенi үшiн жауапкерден келтiрiлген моральдық шығынын 100 мың теңге сомасында өндiрiп алмақ болған" (Бейсен­бай­тегiн айтады).

Және бұған қоса ҚР Азаматтық Ко­дек­сiнен дәлелдер келтiредi:

"ҚР АК 115-бабының 3-тармағында жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадыр-қасиетi, абыройы, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, ... есiм алу құқығы, .... және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады деп бекiтiлген".

Тағы бiр жерiнде: "ҚР азаматтық кодексi 951-бабының талаптарына сәйкес, моральдық зиян жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешiрген (төзiмiн тауысқан, уайымға сал­ған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, т.б).

Мiне, аудармасы ауырлау болса да, бiр­де­ңе түсiнуге болатын сияқты. Яғни, өзiңнiң жеке басыңды қорлап, одан көңiл күйiңiз бұзылса, моральдық шығын талап етуiңiзге болады екен. Бiрақ бұл жерде Руза Бейсенбай тегiнiң жеке басы ғана емес, тұтас бiр мемлекеттiң тiлi аяққа басылып тұрғанын көрiп отырмыз.

Бiрақ судья Медерова сот барысында құқық бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы анықталмады деген шешiм шығарыпты. Апырмау, сонда аты-жөнiңдi қалай-болса солай жазып, мемлекеттiк тiлiңдi кемсiтiп жатса, ол құқық бұзушылыққа жатпай ма екен деп ойладық. Бұл жаңағы 115- бапты жоққа шығару ғой!

Судья, сондай-ақ, жәбiрленушiнiң аты-жөнi де заңға қайшы деп табады.

"Әкесiнiң аты шын мәнiсiнде тегiн ауыстыратын болса және тегi мiндеттi түрде бiрiншi орында, одан кейiн аты тұрса, онда әкесiнiң аты жазылмайды. ... Сондай-ақ тек­ке "тегi", "ұрпағы", "немересi", "шөбе­ресi" сөздерiн және тағы басқа сөздердi қосып жазуға болмайды", - дейдi.

Сөйтiп: "Жоғарыда аталған заң талаптарына сәйкес, талапкердiң Бейсенбайтегiне "тегi" - "фамилиясы" сөзiн тiркеу заң талаптарына қайшы келедi, соның нәтижесiнде азаматтық айналымға қатысушы басқа тұлғалардың талапкердiң аты-жөнi жазылуы жайында адасуларын туғызып отыр" деген шешiм шығарады.

Ал шындығында, жәбiрленушi "Бейсен­байтегi" деген фамилияны өз бетiнше емес, кезiнде Павлодардағы әдiлет бас­қармасының рұқсатымен алғанын судья неге ескермеген?

Шешiмде тағы: "....куәлар Т.Р.Түркен, А.Әлхан, және С.К.Нурсаитов жауапкерге телефон шалу кезiнде оның қызметкер­лерiнiң орыс тiлiнде жауап бергенiн, тұтқаны тастай салғанын мәлiмдедi, алайда жауапкердiң қызметкерлерi тарапынан мемлекеттiк тiлге кемсiту көрсетiлiп, талапкерге дөрекi түрде сөз қайтарғанын рас­таған жоқ", - дейдi.

Бiреу телефон арқылы сөйлесiп жатқанда, жанында отырған адамға ештеңе естiл­мейтiнiн кiшкентай бала да бiледi. Осыны судья бiлмейдi деп қалай айтасыз.

Туған тiл деп шырылдап жүрген Рузаға сүйенiш болар бiреу бар ма деп Павлодар облыстық Тiл басқармасымен хабарласқан едiк. Сөйтсек, мемлекеттiк ұйым болып есептелетiн бұл басқарма жекеменшiк серiктестiктердi тексере алмайды екен. Онда олар соттасуы мүмкiн. "Ары тартсаң өгiз өледi, берi тартсаң арба сынадының" керi.

Сөйтiп, онсыз да көкпарға салған серкедей сiлiкпесi шыққан мемлекеттiк тiлдiң Медерова ханым тағы бiр мәрте жауырынын жерге тигiзiп бердi. Бұл - Рузаның жеңiлiсi емес, Қазақ тiлiнiң жеңiлiсi! Ұлттың жеңiлiсi! Әлi қанша жеңiлер екенбiз?!

Сайлау БАЙБОСЫН,

Павлодар облысы

http://zhasalash.kz/kukyk-zan/5174.html

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508