Сенбі, 21 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 8358 0 пікір 11 Шілде, 2011 сағат 17:36

Асхат Еркімбай: «Қазақ баспасөзінің болашағы – жаңа медиа»

Күн сайын бір жаңалығын тосатын қазіргідей асығыс қоғамда ақпарат таңдаудың каталогынан кенде емеспіз. Оқырман қандай газет-журнал оқимын, қандай сайтқа кіремін, қай блогты оқимын десе де өзі біледі. Осы ақпараттық тасқында Қазақ журналистикасы жаңа заманның технологияларын қаншалықты меңгере алып жүр? Интернет атты алып әлемде қазақ тілінің жай-күйі қай деңгейде тұр және сол деңгейді көтере түсу үшін елімізде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Соңғы жылдары сәнге айналған блогшылар, блог деген ұғым не? Ол дәстүрлі журналистиканың жауы ма жоқ бәсекелесі ме? Дәстүрлі медиа мен жаңа медианың айырмашылығы неде? Оны ресми БАҚ өкілдері қалай қабылдауда?

Сауалымызға жауап алу үшін біз қазақ блогшысы, Орта Азия елдеріне арналған "Neweurasia.net" блогындағы қазақ тіліндегі хабарлардың үйлестіруші-редакторы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жауапты хатшысы Асхат ЕРКІМБАЙ мырзамен әңгімелескен едік.

- Жалпы, менің түсінігімше «блог» деген ұғымды Қазақстанға ең бірінші алып келген сіз. Өзіңіз негізін қалаған блогтың қазіргі жай-күйі қалай? Ол қаншалықты өсті және қазақ блогшылары қаншалықты танымалдылыққа ие?

Күн сайын бір жаңалығын тосатын қазіргідей асығыс қоғамда ақпарат таңдаудың каталогынан кенде емеспіз. Оқырман қандай газет-журнал оқимын, қандай сайтқа кіремін, қай блогты оқимын десе де өзі біледі. Осы ақпараттық тасқында Қазақ журналистикасы жаңа заманның технологияларын қаншалықты меңгере алып жүр? Интернет атты алып әлемде қазақ тілінің жай-күйі қай деңгейде тұр және сол деңгейді көтере түсу үшін елімізде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Соңғы жылдары сәнге айналған блогшылар, блог деген ұғым не? Ол дәстүрлі журналистиканың жауы ма жоқ бәсекелесі ме? Дәстүрлі медиа мен жаңа медианың айырмашылығы неде? Оны ресми БАҚ өкілдері қалай қабылдауда?

Сауалымызға жауап алу үшін біз қазақ блогшысы, Орта Азия елдеріне арналған "Neweurasia.net" блогындағы қазақ тіліндегі хабарлардың үйлестіруші-редакторы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жауапты хатшысы Асхат ЕРКІМБАЙ мырзамен әңгімелескен едік.

- Жалпы, менің түсінігімше «блог» деген ұғымды Қазақстанға ең бірінші алып келген сіз. Өзіңіз негізін қалаған блогтың қазіргі жай-күйі қалай? Ол қаншалықты өсті және қазақ блогшылары қаншалықты танымалдылыққа ие?

- Бірінші рет мен күз айында Біріккен Ұлттар Ұйымының жас журналистерге арналған шәкіртақысын жеңіп алып, Нью-Йоркта екі айлық тәжірибеден өттім. Оған дейін қазақша сайт ашқым келіп жүрген. Бірақ, ол кезде қаріп мәселесі қиын болатын. Қазақша әріптер көрінбейтін, әрі сайт жасауға қаржы керек еді. Солай ойлап жүрген кезімде Нью-Йорктағы Колумбия университетінің профессоры үш минуттың ішінде «blogspot»-тан блог құрып берді. Мен таң қалып профессорға «Қазақша жазуға бола ма?» деп едім, «Иә, болады» деді. Қарасақ, блогты қазақша құруға болады екен. Дәл сол күні мен кешкісін алғаш рет Нью-Йоркта бірінші блогымды «blogspot»-та құрдым. Сөйтіп блогты түсіне бастадым әрі оның тегін екені де мені қатты қуантты. Және қазақша әріптері де бар. Сол кезде мен дәстүрлі журналистикадан мүмкіндік жоқ болса, біздің жолымыз, біз сияқты жастардың мүмкіндігі мен болашағы жаңа медиада екенін ұғындым. Зерттей бастасам, бұған дейін қазақ тілінде блогтар құрылған  екен. Моңғолия, Кореядағы қандастарымыздың аспаздық тақырыбындағы блогы маған дейін құрылыпты. Бірақ біз журналист болғаннан кейін, елдің ортасында жүргендіктен мен бірінші көрініп қалдым. Осылайша, блогты насихаттаудың жұмысына белсене кірістім. Неге блогтан бастадым? Себебі, блог арқылы журналистерді жаңа медиаға жақындату керек болды. Қазақ журналистеріне блогты көбірек айтып түсіндіре бастадым. Өйткені, 2006 жылы қазақ тілді және орыс тілді журналистер деген мәселе бар болатын. Бөліну сол кезде басталды. Қазақ тілді журналистер нашар, жазбайды, одан қалса қазақ журналистері екінші сортты деген ұғым көп айтылатын. Бұл менің намысыма қатты тиді. Содан жарып шығатын жол іздеу керек болды да, оны «Міне таптым, ағылшынша білемін, мынаны істеуге болады екен. Ендеше, осыған кірісейін» деп бел шештім. Соның нәтижесінде, белгілі бір деңгейде орыс тіліне қарағанда қазақ тілінде жаңа медиа көп насихатталды. Бірақ қазақ тілді ортаны орыс тілді орта көп біле бермеді. Содан біз не істедік? Өзіміздің ортада бейресми жиналыстар өткізіп жүрдік. Ақыр соңында осындай «Мінбер» атты қордың ашылуына алып келді. Сөйтіп заң аясында жаңа медианы насихаттау үшін ағартушылық жұмысымен айналыстым. Себебі, журналист жаңа медианы дұрыс түсінсе, онда бұқара дұрыс түсінеді. Егер журналистер дұрыс түсінбесе онда бұқара да дұрыс түсінбейді. Сондықтан да біз осы шаруаны қолға алған дұрыс деп шештік.

- Түсінікті. Ал, дәстүрлі медиа жаңа медианы қалай қабылдады?

- Дәстүрлі медиа жаңа медианы осы соңғы бір-екі жылдың көлемінде ғана мойындай бастады. Бұған дейін, олар да білген жоқ, бөлек ұғым деп түсініп келді.

- Мойындай бастағаны қайдан көрінді?

- Қайдан көрінді десеңіз, дәстүрлі журналистиканың өкілдері бірте-бірте блог аша бастады сайтына. Бұрын сайттары жай газеттердің көшірмесі ғана болып келсе, қазір газеттің сайтына әлеуметтік желіні қоса бастады. Сайтқа арнайы бөлек маман қоятын болды немесе бөлек «Абай.кз», «Маса.кз» сияқты сайттар ашылды. Дәстүрлі журналистиканың өкілдері жаңа медианы түсініп, олар да келе бастады. Себебі, мұнда потенциал мен мүмкіндік өте көп. Және ең үлкен артықшылық - орыстілді журналистер бұл жерде ешқандай кедергісін келтіре алмайды. Себебі, қазақша жазылған нәрсеге олар араласа алмайды. Сондықтан, бізге, қазақ журналистерінің арасындағы өзара бәсеке жаңа медиада қызу болды. Дегенмен, көбісі әлі де жаңа медианы дәстүрлі медиаға бәсеке деп ойлайды. Асылында олай емес, бар болғаны жаңа медиа дәстүрлі медианы жаңа белеске көтерген бір құрал. Яғни, бұрын газетіміз газет күйінде қалған болса, қазір газет жаңа медиа форматына көшкеннен кейін инициативтілігі арта түсті. Оған қоса, таралымы мен аудиториясы кеңейіп, жаңа нарық қалыптаса бастады. Мультимедиялық контент пайда болды. Яғни бұрынғы газет интернетке шыққаннан кейін жаңа медиадағы болмыстың ауқымын кеңейтті. Бірақ ақпарат берудің мазмұны өзгерген жоқ. Бұрын газетте көтеріліп жатқан тақырып, сол жерде де көтеріліп жатыр. Көпшілігі түсінбей, «Бұл бізге бәсеке. Бітті, енді газет оқылмай қалады, жабалып қалады екен» деген ойға келді. Біз Америка емеспіз ғой. АҚШ-тағыдай бізде керемет коммерцияланған медиа нарық қалыптаспаған әлі. Біздегі қазақ журналистикасы тәуелді. Ол коммерциялық басылымдар емес. Олар мемлекеттен қаржылық қолдау алып отыр. Сондықтан өмір сүре береді. Ал, жаңа медиа керісінше, ол - нарық. Мұнда оқырманның үнемі бақылап отыруға және өз пікірін жазуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, жаңа медиада бір жақсысы, технология шыққан сайын сен соның ыңғайына бейімделуге мәжбүрсің. Телефон шықты ма, сен сайтыңды телефонға бейімдеуің керексің. Адамдар, яғни, оқырман телефонсыз жүрмейді. Демек, осы мәжбүрлікке журналистерді алып келу арқылы «мына жақта да жол бар» деп олардың кәсібилілігін көтеру.

Ресми басылымдарда ежелден қалыптасқан шаблондармен жазатын кәнігі көпжылдық стажы бар журналистер еңбек етеді. Олардың кейбірі жас журналистердің ақпаратты көбіне Интернеттен ала салатынын, ізденбейтінін ұната бермейді. Сонымен қатар, оларда оқырманның ықыласы блогшыларға ауып кете ме деген қауіп бар сияқты. Тіпті, блогшылар қажет емес дегендей де сын айтылып жүр.

- Адам неден қорқады? Адам білмейтін нәрсесінен қорқады. Мысалы, қараңғы бөлмеде қалып қойған адам есік барын білмейді, өйткені ол қорқады. Ал егер жарықтың барын білсе ол қорықпайды, бөлмеден шығады. Бізде де сол сияқты жаңа медианы қоғамда білмегендіктен қорқады. Яғни, жаңа медиа туралы ІТ сауатсыздық жөнінен Қазақстанда өте төмен деңгейде. Зерттеулер бойынша, Қазақстан оқу-жазу жөнінен дүниежүзіндегі ең сауатты он елдің қатарына кіргенімен, ІТ сауаттылық бойынша біз Африка елдерінің деңгейінде тұрмыз. Осы сауатсыздықтың салдарынан адамдар қорқады. Блогты бір қорқынышты нәрсе деп ойлайды. Блог - қасық немесе шанышқы сияқты құрал. Адам оны қалай қолданады, бұл соған байланысты. Сауаттандыру жұмыстары көп жүргізілген сайын адамдар «е, бұл блогты мектепте мұғалім де, коммерциялық мақсатта да пайдалануға болады екен ғой» деп ненің не екенін түсіне бастайды. Мәселен, қазір мұғалімдер геогебра жобасын пайдаланып жатыр. Блог тек қана журналистикамен байланысты емес. Әр адам құралды өзінше пайдаланады. Қауіп білместіктен туындайды деп ойлаймын. Осыны барынша түсіндіруге тырысамын. Қазақстанда Интернетті қолданушылар көбейген сайын, ІТ сауаттылық артқан сайын адамдар өз ықыласына сәйкес қолдана беретін болады.

-       Қазір біраз журналистердің блогы бар, ашып жатқандары да көп. Маған «блогтан кейін неге сайт ашпасқа» деген идея келді. Сонда әркім өз бетінше жұмыс жасап кетпей ме? Қазір зерттеп қарасам, көптеген сайттар бар екен. Олардың саны көбейсе, оны оқып отыруға оқырманның уақыты бола бере ме екен?

-       Өте орынды сұрақ. Бұл да жаңағы ІТ сауатсыздыққа келіп тіреледі. Негізінен Интернетпен жұмыс істей алудың өзінің бір әдебі бар. RSS-те жұмысың жеңілдейді, мәселен саған әрбір сайттың адресін ашып кіру керек емес, «жмэйл» поштаңа тіркеп қоюыңа болады. Онда жеке поштаңа басылымдар мен сайттардың жаңадан мақаласы келіп түсіп тұрады. Сен поштаңды ашу арқылы ғана жаңалықтарды оқып, көре аласың. Осындай сауаттылық артқан сайын адамдар өзіне керекті сайтты ғана оқитын болады, өзіне керекті нәрсені ғана іздейді. Сан сапаға ұласады. Ал ол контенттің сапасын арттыра түседі. Қазір, иә сан көп, сол сан бірте-бірте сапаға алып келеді. Нәтижесінде қоғамда сапалы ақпарат пайда болады. Өзара бәсеке күшейеді. Мысалы, екі адам экономиканы жазатын болса, біреуі үш күнде бір жаңаласа, біреуі екі күнде жаңалайды. Мен екі күнде бір жаңалайтынын жиі оқитын боламын да, аптасына бір рет жаңалайтынды мүлде оқымайтын боламын. Сөйтіп, сан сапаға ұласып, Интернетте виртуалды бәсеке орнайды. Бұл жақсы үдеріс. Сондықтан, біз қазір блог деп айтып жүргеніміз де сол. Блог көбейсін, сан көбейсін, сан сапаға алып келеді. Сайт ашсаң да сондай болады. Және бізде бір заң бар, Интернетті бақылау емес, Интернетті реттеу туралы заң. Бұл заң болу керек. Ондай заң барлық елде бар. Интернетте де қаптаған блог пен сайттарды реттестіріп қойған. Реттеуде бәріне еркіндік берілген, бірақ ескерту болады. Ал бақылауда еркіндік болмайды, еркін қимылдай алмайсың. Үнемі кез келген уақытта сені басып тастауы мүмкін. Сондықтан, Интернетте бақылау емес, реттеу болу керек. Реттемесе хаос болып кетеді.

- Ендеше, бізде қазір Интернетте реттеу басым ба әлде бақылау басым ба?

- Бізде қазір реттеу бар, біз соны сауатсыз болғандықтан көпшілігі сол реттеуді бақылау деп түсінеді. Біздің солай түсінгенімізді пайдаланып жауып тастайды. Оған адамдар шуламайды да. Мәселен, «Уордпрессті» алайық. Ол ашық болу керек, бірақ қазір жабық тұр. Және оны қалай жапқан, біреуінде ашатын, біреуінде ашылмайтын қылып жапқан. Көрдіңіз бе, біздің сауатсыздығымызды пайдалана отырып, жабудың да тәсілін тапқан. Қоғамдағы ІТ сауатсыздықпен күресу жолындабұл нәрсенің барлығы кездеседі. Бірақ, Интернетте сөзсіз реттеу болу керек. Өйткені, шынымен блогосфера мен Интернет қауіпті нәрсе. Ол - құрал. Адамдар оны дұрыс мақсатта қолданатын болады. Егер айтылмаса онда ол шынымен қауіпті. Және ол қауіп «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендей, бәріне зияны тиіп кетеді. Сондықтан бұл нәрсе реттелгені дұрыс. Ағартушылық жұмыстары көп жүрген сайын мұндай проблема азаяды. Ең үлкен мәселе сол  - ІТ сауатсыздық. Адамдар «мэйл.руды» білсем, Интернетті білем деп ойлайды немесе уордта жұмыс істеп отырса, компьютерді білем деп ойлайды.

ІТ сауаттылық деген не? ІТ Сауаттылық дегеніміз - компьютердің ішіндегі бағдарламаны өзіңнің жұмысыңа бейімдей білу. Қарапайым «жмэйл» поштаны өзіңнің жұмысыңа бейімдеп жез қоңырауды жасап қою. Яғни интернеттегі бағдарламаның жетегінде кетпе сен, қайта сен оны өз жетегіңе ал. Сауаттылық деген осы.

Дәстүрлі медиа мен жаңа медиа өзара түсінісіп, бірігіп жұмыс жасауы үшін қандай ұсыныс жасаған болар едіңіз?

-  Біріншіден, дәстүрлі медиа жаңа медианы жау көрмеуі қаже. Ол үшін дәстүрлі медианың аға өкілдері жаңа медианың не екенін түсініп, білсе, оған үрке қарамайтын болар еді. Керісінше, бұның құрал екенін түсініп екі есе жұмысты өндіреді. Онсыз да енді-енді бүр жарып келе жатқан блогшыларға үрке қарау, оларды жау көру «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген позицияны сақтайды. Не білуге ұмтылмайды, бас салып қаралай жөнеледі. Егер кішкене үңілер болса, Интернетте қазақша контентті дамытып отырған сол блогтар. Қазір қазақ тіліне «Уикипедия» арқылы да үлес қосылуда.

Жалпы, блогқа да тіреліп тұрған мәселе жоқ. Бұл жердегі мәселе - мультимдида. Дәстүрлі медиа өкілдері яғни, оның оқырманы бүгінде газет оқымайды. Оның оқырманы -Интернетте. Оның бүгінгі оқырманының телефоны бар және телефон арқылы неше түрлі сайттарға кіреді. Кез келген дәстүрлі медиа өкілі ақпаратты шынымен оқырманға жеткізудің жолы осы болса, онда м осы тәсілмен беруді ұйғарса, онда мультимедиялық өнімнің жемісін көреді.

-   Қорқатын ештеңе жоқ дейсіз ғой...

-  Айталық, біздің блогты жауып тастады делік. Одан не өзгереді? Онда орыс тілді блогосфераның ығына жығылып, орыс мемлекетіне тәуелді боласың. Одан ұтпайсың, керісінше ұтыласың. Айналып келгенде, біз сол ақпараттық бодандыққа қайтадан түсеміз. Өз басым, 2006 жылдан бері «Мой мирмен» емес, «жмэйлмен» жұмыс істеп келемін. Біз семинар барысында сіздерге білетін нәрсеміздің бес пайызын ғана айттық. Себебі, қазір аудитория оған дайын емес. Бәрін айта алмаймыз. Американың соңғы жаңадан шыққан жобаларының бәрін көріп-біліп жүргеннен кейін, Қазақстанның контенті оған дайын деп айта алмаймын. Блогтың өзіне үркіп жүрген адамға біз үлкен маркетингтің мәселесін қозғамаймыз. Онда шошиды. Дәстүрлі медиа негізгі жұмысың болғандықтан айлық аласың, ол басқа нәрсе. Ал жаңа медиа - жеке жұмысың, жеке қызығушылығың. Өйткені, ұнататын ісіміз.

Жарайды ІТ сауаттылық пен мультимедианы, жаңа технологияның бәрін меңгерген қоғам болдық дейік. Мәселен, мен сайттарды шарлап, одан қалса блогшы қауымның жазбаларын оқимын деп бір күнімді кетірдім. Ал, сіз, осының бәріне қалай уақыт тауып жүрсіз?

- Жаңа медиа құрал ғой. Құралдың кілтін дұрыс білсең оңай. Мысалы, үнемі жанымда телефоным жүреді. Телефон арқылы автобуста кетіп бара жатып, жазба жазамын, поштамды бірден тексере қоямын. Және бірден қай сайтқа кіруге болады, қайсысы болмайды, бірден біле қоямын. Құралды дұрыс пайдалана білсең ол саған көмектеседі, сен одан шаршамайсың. Сосын мен тұрақты жұмыс істемеймін. Түрлі жобалармен айналысатындықтан, уақытымды өз-өзімді дамытуға жұмсаймын. Маған сол тиімді. Өз-өзімді дамытсам, оны өзгелермен бөлісуге болады. Азаматтық белсенділік әрқашанда бірнәрсені құрбандық қылады. Қоғамда алғашқыда белсенді адамдарды түсіну қиын болады. Сондықтан не нәрсе болсын, жаңадан бастап көрсету қиын. Мәселен, Аршат Оразовты да алғаш сайт жасаған көптеген адамдар түсінбестікпен қабылдады. «Мықтымын» деп отырған қазақ журналистерінің біз туралы әрнәрсе айтқанша, сол күш-жігерін аз да болса жаңа бір контент жасауға, Мұқағалидың немесе Абайдың бір өлеңіне арнаса ғой дейсің. Сонда оқырманға қанша пайдасын келтірер еді. Тым болмаса жұмысымызға кедергісін келтірмей, кесірін тигізбей отырса екен деген де тілек бар.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Жансая Сыдықбай

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1935