Abai.kz қызметінен кетсін деген Мамраев бастық болды
Жақында ғана Қызылорда облысына әкім болып тағайындалған Гүлшара Әбдіқалықова оған дейін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болатын. Әбдіқалықова әкім болып кеткен соң, оның орнына депутат Бейбіт Мамраев сайланды.
«Комитет төрағасы лауазымына Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраевтың кандидатурасын ұсынамын. Б. Баймағамбетұлын жақсы білесіздер, бұған дейін көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Соңғы бірнеше жыл бойы Мәжіліс депутаты, соның ішінде осы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы болып, маңызды заңдарды қабылдауға өз үлесін қосып келеді. Осы салада білімі де, тәжірибесі де мол. Сондықтан аталған комитетті басқару үшін Бейбіт Баймағамбетұлы лайықты деп есептеймін», – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Комитет төрағасы қызметіне кіріскелі отырған Бейбіт Мамраев та біздің оқырмандарға жақсы таныс. Тұрақты авторымыз Ауыт Мұқибек «Депутат Мамыраев. Жасалмаған келісім. Жардан ұшқан бап...» және «Мамыраев Мәжілістен кетсін!» атты мақалаларында депутат Мамраевтың Заң жобасын талқылау барысындағы солқылдақтығына сын айтқан болатын.
Abai.kz