Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2534 0 пікір 22 Желтоқсан, 2011 сағат 02:07

Заң үстемдік құруы тиіс

Ұзақбай ҚАРАБАЛИН, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ мұнай және газ институтының бас директоры

Жаңаөзен қаласындағы қайғылы оқиға туралы алғашқы хабарлар таратылғаннан бері өзімді қоярға жер таппай жүрмін. Шын мәнінде тұрғындары бірі-бірін жақсы танитын шағын ғана мұнайшылар қаласында қалайша мұндай оқиға орын алды. Тіпті, ақылға қонымсыз.

Басбұзарлар мен бұзақылардың Жаңаөзен қаласында жасаған жантүршігерлік әрекеттерін қатаң түрде сөгемін. Осы қаскөй әрекеттерді жасауға қатысқан жастарға қарата айтарым: Ойланыңдар! Сендер кімдерді тонап, кімдерді өртеп жатырсыңдар? Сендер кімді қырып жатырсыңдар? Сендер өз қалаңа, өз отандастарыңа, өз туыстарыңа қастандық жасап жатсыңдар! Бұл жерде ешқандай да жалған ұранмен жаба тоқуға болмайды, бұл - ауыр қылмыс, ал оның қатысушылары қылмыскер болып қалады.

Бүгінде Жаңаөзенде болған төңкерісті осы жылдың мамыр айында «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында болған мұнайшылар ереуілімен байланыстыру әрекеттері орын алып жатыр. Осы ретте бұған өзімнің қосылмайтынымды жеткізгім келеді.

Ұзақбай ҚАРАБАЛИН, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ мұнай және газ институтының бас директоры

Жаңаөзен қаласындағы қайғылы оқиға туралы алғашқы хабарлар таратылғаннан бері өзімді қоярға жер таппай жүрмін. Шын мәнінде тұрғындары бірі-бірін жақсы танитын шағын ғана мұнайшылар қаласында қалайша мұндай оқиға орын алды. Тіпті, ақылға қонымсыз.

Басбұзарлар мен бұзақылардың Жаңаөзен қаласында жасаған жантүршігерлік әрекеттерін қатаң түрде сөгемін. Осы қаскөй әрекеттерді жасауға қатысқан жастарға қарата айтарым: Ойланыңдар! Сендер кімдерді тонап, кімдерді өртеп жатырсыңдар? Сендер кімді қырып жатырсыңдар? Сендер өз қалаңа, өз отандастарыңа, өз туыстарыңа қастандық жасап жатсыңдар! Бұл жерде ешқандай да жалған ұранмен жаба тоқуға болмайды, бұл - ауыр қылмыс, ал оның қатысушылары қылмыскер болып қалады.

Бүгінде Жаңаөзенде болған төңкерісті осы жылдың мамыр айында «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында болған мұнайшылар ереуілімен байланыстыру әрекеттері орын алып жатыр. Осы ретте бұған өзімнің қосылмайтынымды жеткізгім келеді.

Бас прокуратураның алдын-ала тергеу материалдарына сүйенсек, қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан мұнайшылар бұл әрекеттерге араласпаған. Бейнетаспадан алдын-ала дайындалған, қолдарына тұрба, ұшына  пышақ байланған таяқтар, жанғыш заты бар бөтелкелер ұстаған жастарды көруге болады. Тіпті, куәгерлер олардың қолдарында суық қарудың болғанын айтады. Осы бұзақылардың арасында мұнайшылар болған жоқ және олардың болуы мүмкін емес.

Ең сорақысы, басбұзарлардың бұл әрекеті ел игілігі үшін еңбектеніп жатқан мұнайшылардың атына кір келтіріп, олардың жылдар бойы жинаған беделіне сызат түсіргені өзекті өртейді.

Бұл ретте мен Мемлекет басшысының өзіне тән парасаттылығымен өздерінің қылмыстық ниеттері үшін жағдайды пайдаланып қалғысы келген бұзақы топтың әрекетінен нағыз мұнайшыларды арашалап алғаны үшін алғысымды білдіремін. Себебі, мұнайшылардың мұндай жауапсыз әрекеттерге баруы мүмкін емес.

Әрине, тәртіпсіздіктер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік концерттің кейбіреулерге ұнамауынан басталды. Мерекелік ісшараларға қатысу үшін Жаңаөзеннің бас алаңына мыңдаған тұрғындар жиналды, алайда олар ел өміріндегі аса маңызды мерекені тойлай алмады. Бірнеше айдан бері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа тұрғызу туралы көмектен бас тартқан жұмыссыз мұнайшылардың осы әрекеттерге қатысы бары өкінішті. Олар көптен бері алаңда тұр, тіпті, олар алаңды өздеріне «меншіктеп» те алған. Олар бас алаңда Тәуелсіздік мерекесіне байланысты қала тұрғындарына арналған мерекелік шара ұйымдастыруға қарсылық білдірді. Олардың неліктен бас алаңды Жаңаөзен қаласында тұрып жатқан 110 мың тұрғындікі емес, өздерінің меншігіндей көргенін түсіну қиын.

Соның нәтижесінде осы алаңда тұрғындар алдымен концертті өткізбей, сахнаның қиратып, орнатылған аппаратураларды сындырып тастады. Осылайша, олар өздерінің жауапсыз әрекетімен басбұзарлар мен бұзақыларға жол ашып берді. Әрине, оларды пиғылы бөтен біреулер өздерінің қылмыстық мақсаттары үшін пайдалануы әбден мүмкін. Осыны алаңда тұрғандар неге түсінбейді деген сұрақ туындайды.

Ол аз десеңіз, ел арасында «ереуілшілер» деп аталып кеткен бір топ өздерін қаланың қалған тұрғындарына, емін-еркін өмір сүргісі келетін, балаларын алаңдамай мектепке жіберіп, көшеге шыққанда өзінің және отбасының қауіпсіздігіне алаңдамай, қаланың өсіп-өркендеп, дамуын қалайтын 110 мың жаңаөзендік тұрғынға қарсы қойды. Алдымен олар қала тұрғындарынан алаңды тартып алды, енді келіп қаскөй топтың кесірінен астаң-кестеңі шығып жатқан қаланы тартып алуға ниеттенуде. Өздерін «мұнайшымын» деп атап жүрген әлгі топ өздерін ел игілігі үшін еңбек етіп, жер қойнауынан қара маржан өндіріп, өзінің отбасын асырап, еліміздің өркендеуіне үлес қосқысы келетін «Өзенмұнайгаз»-дың тоғыз мың жұмыскеріне қарсы қойды.

Нағыз мұнайшы деп кен орнының келешегіне алаңдайтын, жауапкершілік, парыз, борыш  дегенді жақсы білетін, қаладағы қиын ахуалға қарамастан мұнай кәсіпшіліктерінде еңбек етіп жатқан адамдарды атауға болады.

Нағыз мұнайшы деп қандай да болсын қиындықтарға мойымай, қазыналы Маңғыстау түбегіндегі алғашқы мұнай кәсіпшіліктерін ашып, ерен еңбектің үздік үлгісін көрсеткен адаргерлерді атауға болады. Олар 90-шы жылдардың бас кезіндегі қиын-қыстау кезеңде айлап-жылдап жалақы көрмеген кезде де аянбай еңбек етті, кен орындарын сақтап қалуға тырысты.

Міне, бір кездері даңқы асқан, дәулеті тасыған Жаңаөзен осындай нағыз мұнайшылардың қаласы болуы тиіс. Жалған ұран көтеріп, ел арасына іріткі салатын жымысқы пиғылды топтардан арылуымыз керек. Мүмкіндігінше қаланы тез арада қалпына келтіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет.

Мен Жаңаөзен қаласында жиілеп кеткен «ереуілдер» мен «наразылық акцияларының» артында қылмыскерлер тұр деген көпшіліктің пікіріне толықтай қосыламын. Мұнай кәсіпшілігі жоқ, мұнайшысы жоқ Шетпедегі оқиға - осыған дәлел. Тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар мен оған қатысушылар заң талаптарына сай жауапқа тартылады деп сенемін.

Мен барлық қазақстандықтарды мұнайшылардың құқын қорғау деген сияқты «сылтаумен» қылмыскерлердің әрекетін ақтап алуға тырысып жатқандардың арбауына сенбеуге шақырамын. Тағы да қайталап айтамын: мұнайшылардың бұған ешқандай қатысы жоқ.

Бұл күнде мен 14 желтоқсан күні Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» деген жоғары атақты алғанда: «Мен бұл жоғары атақты Қазақстан Республикасын дамытуға, оның тәуелсіздігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан барлық қазақстандық мұнайшыларға берілген марапат деп түсінемін», - деген сөзімді еске түсіремін. Мен мұны Елбасының мұнайшылардың еңбегіне деген жоғары бағасы, мұнай саласына деген сенімі деп білемін. Алайда, арада екі күн өтпей жатып, мұнайшылар қаласында ақылға қонбайтын қайғылы оқиға орын алды. Өкінішке қарай, осы оқиғалардан кейін кейбір ақпарат құралдары мұнайшыларды елге қарсы қоюға талпынып жатыр. Мен мұны мүлде дұрыс емес деп санаймын.

Бүгінде  Маңғыстау облысында Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр, аймақтың проблемалары жан-жақты қаралу үстінде. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында. Мемлекеттік деңгейде тиісті шаралар қабылданады деп сенемін. Осы жанжалға қатысы бар барлық тараптарды шыдамдылық танытып, барлық мәселені ақылға салуға шақырамын. Сонда ғана тыныштықты сақтап, татулықтың ту ете аламыз.

Жаңаөзен мұнайшылары, жалпы барша қазақстандық мұнайшылар, өзге мамандық иелері сияқты Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуін, халқымыздың тату-тәтті өмір сүргенін қалайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5403