Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3395 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 21:32

Еркінбек АСҚАРҰЛЫ. Аты-жөнімізді қашан жөндейміз?

Әр ұлттың аты-жөні оның ұлттық ерекшелігін әйгілеп тұратыны анық. Сонымен қоса ол сол ұлттың салт-сана, ой-өрісінен хабар беретін көрсеткіші де іспеттес. Айтпағымыз, осы аты-жөнімізді қалай жазып жүргеніміз, анығырақ айтқанда, қазақи дыбысталуына орай дұрыс айтып та, жаза да алмауымыз. Мысал керек пе, жетіп артылады. Бүгінгі екі қазақтың бірінің фамилиясы осыдан пәленбай жыл бұрын сельсоветтің шала сауатты секретарының (сол кездің сөзі) не орысша, не қазақша емес қойыртпақтап жазып берген қалпынан өзгерген жоқ. Нәтижесінде қараңыз: айналаңыз қаптаған «Дюсебай» мен «Кошумбай» «Кушамбай» «Сиванбай» сияқты сыйықсыз аты-жөндерге толып тұр. Менің фамилиям «Кушербаев» дейді анау жолы бір жігіт. Неге «Кушербаев, Көшербаев емессің бе?» деген біздің сұрағымызға қалтасынан куәлігін суырып алып «Міне, сенбесеңіз қараңыз» деп қа-рап тұр. Апырау, ол қазақша Көшербаев болып жазылуы тиіс қой деген сөзімізді қаперге алар емес. Соңғы жылдарда Мәдинә атты қыз не әйелді кездестірдіңіз бе? Өз басым көрген жоқпын. Себебі, бәрі түгел Ма - ди - на болып кеткен. Әдемі, әуезді, құлаққа жұмсақ, жылы естілетін Мәдинәмізден айрылып қалғалы қашан.

Облыстық әділет департаменті азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің бастығы, осы салада сан жылдар еңбектеніп келе жатқан тәжірибелі маман Әлия Қырықбаеваның айтуынша, аты-жөнімізді ұлтымыздың тіліне лайықтап жаза қалған жағдайда соған лайықтап барлық құжаттарды өзгертуіміз керек екен. Әйтпесе аяқ бассаң, алдыңнан проблема шығады. Кез келген мекеме сіздің өзгертілмеген, төлқұжатқа сәйкес келмейтін құжатыңызды қабылдамайды. Әсіресе, қаржы, құқық қорғау салалары, әлеуметтік қорғау мекемелері үшін бір-біріне бір әрпі сәйкес келмейтін құжаттар заңсыз болып саналады.
Аты-жөнімізді жазуда шатастырып жүрген тағы бір былық «ов», «ев » жалғауларының алынып тасталуына байланысты. ҚР Азаматтық кодексінің 15-бабына сәйкес құжатқа ең алдымен тегі, одан соң аты жазылуы тиіс екен. Ал, біз бірінші атымызды, содан соң тегімізді жазамыз. Негізінде осы соңғысы дұрыс сияқты. Себебі, әлем бойынша солай. Мысалы Джордж Буш, Барак Обама, Владимир Путин деген сияқты. Ал, бізде тегі бірінші жазылатындықтан әкесі кім, баласы кім екенін кейде айыра алмай жатамыз. Айталық, бір танысымыздың баласына төлқұжат ауыстырғанда қазақшалаймыз деп Сәкен Рүстем деп жазып беріпті. Енді ол әкесінің орнына «Сәке» болып жүр.
Жоғарыда аты аталған Әлия Көшкенбайқызының айтуынша, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері қазіргі уақытта ата-аналарының қалауы бойынша баланың аты-жөнін, тегін қазақшалап жазып береді, бірақ әке-шешесінің аты-жөндерін төлқұжаттары бойынша жазады. Заң солай. Осыған қарап отырсақ, тегімізді дұрыстау үшін кемінде бір ұрпақ ауысуы керек екен. Себебі, ол бала ержетіп, өз баласын атына жаздыратын болса ғана түзеледі. Егер ол арғы атасының атына жаздырғысы келсе ше? Онда осы өрескелдік, былықпа жалғаса бермек. Ол ол ма, «Соңғы кезде ата-аналар балаларының куәлігіне аттарын қазақша емес орысша дыбысталуы бойынша жазуды талап ететін болды», - дейді тағы да Әлия Көшкенбайқызы. Айталық, Мәдинә емес Мадина, Дәмелі емес Дамилья, Кәмилә емес Камилла, Іңкәр емес Инкара деген сияқты. Бұл да санамыздың әлі қазақшаланбай, керісінше кетіп бара жатқанын көрсететіндей.
Енді бірер сөз балаларымыздың аты-жөнінде. Жақында осы қалай екен деген қызығушылықпен облыстық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде болып, өткен бірер жылда туған балалардың аты-жөндеріне көз жүгірткенім бар. Құдай-ау, қандай ат жоқ дейсіз оның ішінде! Көбі, әрине, заманға лайық туған әдемі де жеңіл, әуезді аттар. Мысалы, қыз балаларға Айым, Гүлім, Мөлдір, Ерке, Құштар деген сияқты. Әсіресе, Нұрайлар көбейіпті. Ұлдарға Елнұр, Жаннұр, Нұржігіт, Нұрәлі, Ерәлі, Елімдос деген аттар да жарасымсыз емес. Сонымен бірге Тимучин, Бейбарыс, Билан деген де аттар кездесті. Таяуда бір азамат баласының есімін Дағдарыс деп қойғанын да естігенбіз.
Сонымен ата-тегімізді, аты-жөнімізді жөндеп жазудың жөні қалай айтсақ та келіңкіремей тұр. Осы өрескелдік, былыққа бүгін-ертең тосқауыл қойылар түрі көрінбейді. Тек оған түбегейлі шара қолданып, жаңадан заң қабылдап немесе оны реттейтіндей өзгеріс енгізілмесе, осы кеткені кеткен сияқты. Сонда аты-жөн, тегімізді түзей алмай, жаза алмай жүрген біз кімбіз осы!

Еркінбек АСҚАРҰЛЫ
«Дидар» облыстық газеті (ШҚО)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371