Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
6861 19 пікір 30 Сәуір, 2021 сағат 15:17

Қытай компаниялары: Инвестиция ма, экспансия ма?

"Қазақстанда Қытай компаниялары салынады" деген күннен бастап, ел ішінде дау толастар емес. Халықтың бір бөлігі Қытай компаниялары экономикалық дамудың бір кепілі болмақ десе, екінші бір бөлігі компания экспансияның жұмсақ түрі деуде. Көпшілік Қытай компаниялары арқылы мыңдаған Қытай азаматтары елімізге кіріп, қайта шықпай, азаматтық алуы мүмкін деген күдікпен отыр. 

Қытай Қазақстанға инвестиция құюшы мемлекеттердің бірі. Анығы алғашқы бестікте. Оның мұнай және газ саласына құйған инвестициялары млрдтаған долларға жетеді. Соңғы уақытта ресми Бейжің еліміздің ауыл шаруашылығы мен уран, тау-кен өндірісіне де қаржы құюды арттырды.

28 сәуір күні ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ҚХР Коммерция министрі Ван Вэньтао екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Пандемияның өршіп тұрғанына қарамастан, 2020 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда 4%-ға өсіп, 15,4 млрд долларды құраған. Бұл ретте, Қытайға экспорт 9 млрд доллар, ал Қытайдан импорт 6,4 млрд долларды құрап отыр. Осының өзі Бейжің мен Нұр-Сұлтан арасындағы сауда қатынасының жаңа қарқынға көтерілгенінің көрсеткіші.

Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында 24,5 млрд долларға 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарлануда. Қазақстан аумағындағы бірлескен Қазақстан-Қытай кәсіпорындарының саны 700ден асып отыр. Осы ретте көпшілік көкейінде үлкен сұрақ туындайды: Бұл инвестиция ма, әлде экспансия ма?

Әрине, инвестиция құю, өзара пайда табу жаһандық нарықтың бір ережесі. Дегенмен Қытаймен сауда жасап, инвестициясына тәуелді болған елдердің тәуелсіздігін бәсекеге тігіп жатқанын да көріп отырмыз. Бейжіңнен қарыз алып, қайтара алмаған қанша ел жерінен айырылып, порттарын сыйға бергенін оқып отырмыз. Күдіктенбеске амал жоқ.

Қытай билігімен жасалған барлық келісімді ашық жариялап, кәсіпорындардағы жұмысшылардың санын, азаматтығын нақты көрсетпей, елдің күдігі сейілмейді. Көкейдегі "бұл инвестиция экспансияға бастар жол" атты секем бір сәтке болсын жоғалмайды.

Ка мырза

Abai.kz

 

19 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963