Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3472 0 пікір 3 Тамыз, 2009 сағат 07:35

Енді медицина өзінің ас-табағына емес, емделушінің қас-қабағына жұмыс істейді

Еліміздегі медицина саласының сапасына сын көп айтылатыны өтірік емес. Бәлкім, бұған арадағы бәсекелестіктің болмауы себеп. Осының алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жасаған болатын. Кеше осы жобаны денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет мәжілісіне талқылауға ұсынды. Үкімет мүшелері денсаулық сақтау саласына мұндай жаңалықтың қажет екенін ұғынса керек. Жобаны мақұлдап та жіберді. Министр бірыңғай ұлттық жүйе медициналық мекемелер арасында бәсекелестік тудырады, сол арқылы жоғары сапаға қол жеткізе аламыз деп сенеді. «Бұл жүйе бірнеше мәселенің шешімін табады. Ең бірінші, Қазақстандағы барлық медицина мекемелерінің арасында бәсекелестік орнайды», - деді Жақсылық мырза жүйенің жақсылығынан үміт етіп.

Бұл жүйе барлық медициналық мекемеге ортақ. Жекеменшік болсын, үкіметтік болсын. Яғни бәсекелестікке бәрі түседі. Бәсекелестік қайдан пайда болады? Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шарты бойынша, адамға емделетін жерді таңдауға еркіндік берілген. Яғни қай жердің медициналық қызметіне көңілі толады, сол жерге барып емделе алады. Осы себептен де өзге медициналық мекемелер енді өзінің ас-суына емес, клиенттің қас-қабағына қарап жұмыс істейтін болады.

«Жаңа жүйенің басты артықшылығы - қазақстандық азаматтар кез келген медициналық мекемені өздері таңдап, ондағы қызметтер үшін ақы төлей алады. Бұл отандық медицина саласындағы бәсекелестікті күшейтіп, оны қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етпек», - дейді министр. Ал ескі жүйенің қазіргі жүйеден айырмашылығын, көлеңкелі тұстарын да Жақсылық Досқалиевтің өзі ашып айтып берді. «Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың қазіргі жүйесі төмендегідей кемшіліктерге ие: дәрігердің таңдау еркіндігіне мүмкіндік жоқ, көрсетілетін медициналық қызмет ашық емес, азаматтардың санитарлық жауапкершілігі жоқ, яғни азаматтар тарапынан пара беру жағдайлары кездесіп жатады», - деді Жақсылық Ақмырзаұлы.

Министр жаңа жүйе енсе, медицина саласындағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа да тосқауыл болады деген үмітте. «Жаңа жүйе медициналық қызмет көрсетудің барынша ашық болуына мүмкіндік береді», - дейді еліміздің бас дәрігері.

Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, аталған жүйені 2010-2015 және 2016-2020 жылдар аралығын қамтитын екі кезең бойынша қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Ендігі мәселе мынада: «Ал ешкім бас сұқпайтын ауруханалардың жағдайы қалай болмақ?» - деп сұрақ қойды Премьер Кәрім Мәсімов министрге.

«Онда ол мекемені басқа мақсатта қолданамыз», - деп жауап берді Жақсылық мырза.

Тағы бір мәселе, медицина саласы бойынша қазіргі аймақтарға бөлінетін қаржы да әділетсіздікке ұрынып жататын көрінеді. Министр бұл проблеманы да жаңа жүйе реттейді деп сенеді. «Мәселен, бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша бір адамға 19 мың теңге бөлінсе, оңтүстік аймақтарда ол 7000 теңгеге де жетпейді. Сондай-ақ Қарағандыда стационардың бағасы 88 мың теңге болса, Оңтүстік Қазақстан облысында оның құны 44 мың теңгені құрап отыр. Бұл әділетсіздік емес пе? Сондықтан жаңа жүйе осының бәрін реттеп, медициналық қызметтердің сапасын көтеру мақсатын да көздейді», - дейді Ж.Досқалиев.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов жаңа жүйені енгізу бір күннің шаруасы емес екенін айтты. Ол халықтың жүйе жайында айтылған пікірлерімен санасу керек екенін де ескертті. «Жалпы алғанда, мен бүгінгі айтылған позицияларды қолдаймын. Сондықтан бұл жүйеге өте ұқыпты, байыппен келгеніміз абзал», - деді Үкімет басшысы.

ОҢТҮСТІКТІҢ ЖЫРЫН АЙТ...

Үкіметте қаралған тағы бір мәселе - Оңтүстік Қазақстан облысының проблемалары. Мұндай мүмкіндікке облыс әкімі Асқар Мырзахметов алғыс айтып алып, шешілмеген түйіндерді тізбелей бастады. Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, бүгіндері Оңтүстік Қазақстан облысы мектепке дейінгі балалардың тек 13,8 пайызын ғана балабақшамен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар тек осы Оңтүстік Қазақстанда мектептердің 90 пайызы сабан кірпіштен салынған. Бұл дегеніміз - ертеңгі күні қатты сел не су тасқыны болған жағдайда сабаннан салынған барлық мектептер шайылып кетеді деген сөз. Оның үстіне, үш ауысымда оқытатын мектептердің 60 пайызы осы өңірде.

Кезінде Оңтүстік Қазақстанда суармалы егістіктің көлемі 2,3 миллион гектар болса, қазір ол 1,4 миллион гектарға төмендеп қалды. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы - істен шыққан коллекторлар мен су жүйелерін жөндеу. Яғни бар мәселе - су ресурстарының тапшылығында. Бұл мәселені тамшылатып суару технологиясын енгізу арқылы шешуге болады деп санайды облыс әкімі.

Энергия тапшылығын да елден ерекше тартып жатқан осы өңір. Әкім Асқар Мырзахметов облыстағы энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін тау суларын пайдалана отырып, шағын су электр стансыларын салу қажет деп санайды. Оның жобалау, есеп-қисабын жасау жұмыстарының өзіне 350 млн теңге керек. Ал келесі жылға бастау жоспарланып отырған құрылыс жұмыстарына 3,9 млрд теңге қажет.

Салтан СӘКЕН, Астана

«Алаш айнасы» газеті, 31.07.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5332