Заңгер: «Рақымшылық - ақтау актісі емес»
Осыдан бірлі-жарым күн бұрын президент Тоқаев «қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, істі болғандарға қатысты «Рақымшылық жасау» туралы заңға қол қойғаны белгілі. Осыған орай, біз Әділет жолы» қоғамдық ұйымының төрағасы, заңгер Бауыржан Мақұлбаевпен сұхбаттасқан едік.
Спикер туралы қысқаша ақпарат:
Бауыржан Мақұлбаев 1969 жылы Шығыс Қазақстан обылысы Абай ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң фаултетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын туған жеріндегі ішкі істер саласында бастаған. 2002 жылдан 2005 жылға дейін Алматы облыстық прокуратурасының басқарма бастығы, 2005 жылдан 2008 жылға дейін Алматы қалалық прокуратурасының басқарма бастығы, 2008 жылы Алматы қаласы Алатау ауданының Бас прокурароры міндеттерін атқарған. Алматы қалалық заң консультанттары палатасының төрағасы. Мемлекеттік заңгерлер қоғамы Алматы филиалының төрағасы міндеттерін атқарған. Қазір «Әділет жолы» қоғамдық ұйымының төрағасы.
Рақымшылық кімдерге жасалады?
- Рақымшылық белгілі бір «қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады» деп айыпталған қаңтар оқиғасының қаза болған қатысушыларына қатысты бола ма?
- Рақымшылық ақтау актісі емес. Гуманизм әрекеті бола отырып, ол қылмыскерді жазадан босатуға немесе оның мерзімін қысқартуға ғана бағытталған.
Құқықтық тәжірибеде рақымшылық актілері тек тірі адамдарға қолданылады, өйткені рақымшылық жасау актісін қолдану үшін амнистияға ұшыраған адамның келісімі қажет. Бұл рақымшылық актісі де одан өзгеше емес.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған қайтыс болған адамға қатысты заңнамада адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық істі қысқарту көзделген. Бұл ретте айыпталушының қайтыс болуына байланысты істі оның жақын туыстарының келісімінсіз тоқтату мүмкін емес.
Мұндай келіспеушіліктер туындаған жағдайда іс сотқа жолданады, онда барлық мән-жайлар анықталып, қайтыс болған адамның әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті үкім шығарылады – не ақталады немесе не айыпталады.
- Рақымшылық – рақымшылыққа ілінгендердің жақын туыстары үшін қандай да бір теріс құқықтық салдарға әкеп соға ма?
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, рақымшылыққа ұшырағандардың жақын туыстары оның әрекеттері үшін заңды жауапкершілікке тартылмайды, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жақындарына да рақымшылыққа байланысты оларға қатысты заңнамалық шектеулер жоқ. Мәселен, қылмыскерге рақымшылық жасау оның балаларының болашақта мемлекеттік немесе әскери қызметке баруына еш кедергі келтірмейді.
- Келтірілген залалды өтемеген адамдарға рақымшылық шарасын қолдануға қандай да бір шектеулер бар ма және оның мөлшері қандай?
- Жоқ, мұндай шектеулер жоқ. Рақымшылық залалдың болуына және оның өтелуіне қарамастан қолданылады. Алайда, рақымшылық бойынша қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босату рақымшылыққа ұшыраушыны жәбірленушіге өтемақы төлеу міндетінен босатпайды.
- Неліктен Қылмыстық кодекстің басқа баптары рақымшылыққа қамтылмады?
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл рақымшылық қаңтар оқиғасына қатысушыларға ғана қатысты бір реттік акт болып табылады. Сондықтан «Рақымшылық туралы» заң жобасына ағымдағы жылдың қаңтарында болған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық қудалау органдары тіркеген қылмыстық құқық бұзушылықтар енгізілді. (2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында).
Бұл ретте жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар, билікті асыра пайдаланған және азаптаған адамдар, қайталап қылмыс жасағандар, зорлаушылар, террористер мен экстремистер рақымшылыққа жатпайды, яғни қылмыскерлердің ең қауіпті бөлігі.
- 2022 жылдың қаңтар айында жасалған барлық қылмыстар амнистияға жата ма және осы кезеңде қылмыс жасаған адамның қаңтар оқиғасына қатысы барын қалай анықтауға болады?
- Рақымшылыққа 2022 жылдың 4-7 қаңтары аралығында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар ғана жатады.
Әрбір қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайы және оның ағымдағы жылдың қаңтарында орын алған тәртіпсіздіктермен байланысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында анықталады. Яғни, әрбір әрекет бойынша олардың жасалуының барлық мән-жайлары мен шарттары нақтыланып, құқықтық баға беріледі. Бұл ретте прокурор мен сот «Рақымшылық туралы» Заңды қолдануда заңдылықты қамтамасыз етеді.
- Рақымшылық қолданылған адамдар ақталды деп есептеле ме және рақымшылық қалай жүзеге асады?
- Жоқ, рақымшылық адамды ақтамайды және оны ақтай алмайды, ол тек жазадан босатуға немесе оның мерзімін қысқартуға бағытталған.
Рақымшылық бойынша қылмыстық істі қысқарту ақталмайтын негіздерге жатады.
Кіші және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін рақымшылық бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның келісімі және кінәсін мойындауы қажет. Рақымшылыққа жататын және өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан адамдар үшін рақымшылықты қолдануға келісім беру үшін қылмыстық қудалау органына тиісті арыз жазу қажет болады.
Сол сияқты соттарда қаралып жатқан істер бойынша арыз қылмыстық істі қарайтын сотқа беріледі.
Егер адам сотталған болса, оның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденгендіктен, рақымшылықты қолдануға келісім беру талап етілмейді. Оларға қатысты жазаны орындаушы орган рақымшылық қолдану туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сонымен қатар, егер оның жасаған әрекеті Рақымшылық туралы заңның нормаларына жататын болса, сотталушының өзі рақымшылық жасау туралы тікелей сотқа жүгінуге құқылы.
- Рақымшылық қолданылған сотталғандардың оларға кейіннен шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы актіні, немесе жазасын жеңілдету бабын қолдануға құқығы бар ма?
- Иә, олар істейді. Рақымшылық қолданылғаннан кейін Қылмыстық кодекстің 72, 73-баптарында көрсетілген ресми мерзімдер өткен жағдайда сотталған адамның өтінішхаты бойынша сот оған қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы акт немесе жазасын жеңілдету бабын қолданылуы мүмкін.
Заңда бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазасын жеңілдету туралы акт қолданылған адамдарға рақымшылық жасауға тыйым салу қарастырылмаған.
Сұхбаттасқан Есбол Үсенұлы
Abai.kz