Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2951 4 пікір 28 Қараша, 2022 сағат 13:49

Қытайды төңкеріс елесі кезіп жүр

Ши төраға қайта сайланған Қытай коммунистік партиясы 20-шы кезекті құрылтайының ашылу қарсаңында, нақтылап айтқанда 13 қазан күні Бейжіңнің әйгілі «Сытоңчяо» (төрт торапты көпірінде) беймәлім азамат жалғыз адамдық билікке қарсы наразылық шарасын өткізген.

Көпірге ұзынынан, тігінен биліктің қазіргі жүргізіп отырған саясатына қарсы плакаттар іліп, құрылтай кезінде Қытай халқын ереуілге шақырып, Ши төрағаны орнынан кетіруге шақырған. Анағұрлым көп адамның назарын аудару үшін көпір үстін түтіндетіп, мақсатына жеткен. Оқиға орнына жергілікті тұрғындар ғана емес, шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері де келіп жеткен. Осы оқиғадан кейін Қытай астанасында көпірлерді қадағалайтын «көпір қарауылы» деген жаңа мамандық пайда болған.

Қытай билігі қауіпсіздікті қанша күшейткенімен, жұрт наразылығы толастамады. Керісінше өрши түсті. Айфон бөлшектерін өндіретін электроника қалашығындағы дүрбелең әлі тыншымады. 24 қарашада кешкі сегіздерде Үрімжідегі көп қабатты тұрғын үйде өрт болып, Үкіметтің берген мәліметі бойынша, 10 адам қаза тауып, 9 адамды күйік шалған. Шенеуніктердің, әсіресе, 100 күннен бері қатаң карантинде жатқан адамдарды «қашуға мүмкіндігі болса да қашпады, өрттен қорғану қабілеттері кемшіл болды», - деп қайтыс болған әйелдер мен бабаларды айыптауы өртке май құйғандай әсер етіп, ертесі он мыңнан астам адам Үрімжі қалалық Үкіметінің алдына жиналған. Нәтижесінде қала билігі карантинді алуға келісім берген.

Қытайдың қаптаған интернет сақшылары шындықты айтқандардың аккаунттарын өшіріп, ірі интернет ресурстары Үрімжідегі өрттің рейтнгісін төмендетуге тырысқанмен, күллі Қытай құлақтанып, Шанхай бастап, үлкен қалаларда жұрт өрттен қайтыс болғандарға аза білдіру мақсатында қаралы жиынын өткізуге топтасқан. Жаңа мәлімет бойынша, 50 қалада, 104 жоғары оқу орынында ірілі-ұсақты осындай шаралар өткен. Жиын барысында үш жылдан бері еркін жүріп-тұрудан қалған Қытай жұрты «Бізге карантин емес, еркіндік керек», - деген ұрандардан тыс, «Коммунистік партия кет», «Ши төраға кет», «Бізге диктатор емес, әділ сайлау керек» деген ұрандар көтерген. Жоғары оқу орындарының басшылары студенттерді сақшыларға беруден бас тартса, қала жұрты сақшы мекемелерін қоршап, өз ойын ашық айтқан белсенділерді босатуды талап еткен.

Қытайды 2012 жылдан бері басқарып келе жатқан Ши төрағаның партияның кезекті құрылтайынан кейін тағы да үшінші мерзімге сайланып, көңілі жайланып, халқаралық ірі жиналыстарға қатысқаны белгілі. Саяси сарапшылар қазір ол екі оттың ортасында қалды дейді. «Карантиді алайын десе, үш жылдан бері қоғамды тыныштандырудың құралына айналған қолайлы тәсілінен бас тартқысы жоқ, алмайын десе, халықтың наразылығы күшті. Экономика мен сыртқы саясаттың жарасы жеңіл, халық сенімінен айырылса, бітен жері – сол», - дейді.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321