Сенбі, 23 Қараша 2024
Ғибырат 2451 1 пікір 22 Ақпан, 2023 сағат 16:01

Тағылым боларлық түйін екен

Басы: «Ұлылық ауруының» жаңа көрінісі...

Жалғасы: Қазақы сандырақтың бірі...

Жалғасы: Мұрат замандасқа хат...

Жалғасы: Жер-су атауларын жекешелендіруге болмайды!

Жалғасы: Рухани жаңғыру - қияли қаңғыру...

Жалғасы: Немістердің ұлтшылдыққа толы 10 өсиеті

Жалғасы: Назарбаевша шалықтауға Каримовше анықтама


10.01.2009. «Түркістан» газетінің №1 санында Бексұлтан Нұржекенің «Қазақ және отансүйгіштік» атты жақсы мақаласы жарық көріпті. Шынымды айтсам мен Бексұлтан жазған дүниелерден (тарихи тақырыпқа) тұшына оқығаным осы ғана болды. Қасым Мәсимидің «История уйгурской державы» атты екі томдығын мен оқығам әрі автормен ауыз екі болса да 3-4 сағаттап айтысқанмын. Автордың қандай ниетпен жазғанына бас қатырмай-ақ нақты мән-мазмұнына талдау жасаған адам Бексұлтан айтқан тыраш шовинизмнің күлімсі иісінен тұншығады. Оны мен авторға ашық әрі қатаң ескерте айтқанмын. Түрік халықтарының бірлігін бүлдіргеннен басқа, ұйғыр халқына жеккөрініштен басқа еш нәрсеге қол жеткізе алмайсың. Сонда саған керегі не нәрсе еді?- дегенмін.

Бекең тарихқа әуес болып жүргелі талай болды. Өзі айтқандай «Орбұлаққа әуестіктен»  басталған тарихшылдықтың  азды-көпті табысы Бекеңді мың-мың жылдар қойнауына құлаш ұра ұмтылуға желіктіріп жібергенін сезбей қалғаны, менде бір аяушылық сезім пайда қылған. Апыр-ай қарымы жетпеске неге қарманып тыраштанады екен, хұн мен үйсінге, сақ пен тиграхаудаға бару үшін қанша ізденіс, қанша білім керек екенін алдымен ойлап қарау керек болар-ау!

Бекең оны бұрын байқамаса, енді байқап шамасын шақтай бастағандай болып көрінді.

«...Мен оқыған дүниелерімді жинап, жүйелеп сақтауға дағдыландым. Біраз нәрсені оқып білгеннен кейін барып қана адам өзінің өте аз білетінін байқайды екен. Ең көп білетін адам, меніңше ештеңе білмейтін адам, өйткені өзі білмеген соң ешкімді тыңдамайды да ештемеге араласпайды да, бәрін жоққа шығара береді.»

«Ең көп білетін адам» дегеннен нақтылап «ең көп білем дейтін адам» деп жазу керек еді. Жөні де сол ғой.

Мен Бекең жазған бір мақаласындағы Есіктен табылған сақ ханзадасының алтын киімін «үйсіндердікі болар» дейтін болжамының қисынсыздығын дәлелдеп «Талас-Тараз-Шығу  қалаларының тарихи орны деген мақала жазып едім. Онда Бекең өзі айтқан тарихи білімінің кемшілдігін баса айтқанмын.

Біз өз түп-тұқиян, зәу-затымызды сақ- тиграхауда, хұн-үйсін-қаңлыдан бастау керектігі жөнінде бірлікке келген сияқты едік қой. Бүгінгі тәуелсіздік жағдайында жазылған  ресми тарихтарымызда ғана емес, сонау тоталитарлық-отарлық заманда жазылған энциклопедияларымызбен бес томдық Қаз ССР  тарихында да сол қағидаларға бас игендей болғанбыз. Бүкіл әлем «Алтын адам» сах-скиф ханзадасынікі деген ғылыми тұжырымға имандай ұйып академиялық байлам жасағанына ширек ғасырдан асып кеткені неге естен шығады?

Сонымен салихалы ғылыми жаңалықты жоққа шығара қоярлық бір дәлел, сыйпат келтірмей-ақ ойжота пікірмен ел алдына шығу, бері айтқанда жауапкершілікті сезінбеу, ал арырақ айтар  сөзді Бекеңнің жоғарыдағы мақаласындағы мына жолдарға сілтеме еткіміз келді.

Патриотизм жөнінде айта келіп ол былай дейді: «...Біздің патриотизміміздің  өзі кейде ана тұлғаны жақтау мен жоқтауға, мына тұлғаны даттау мен боқтауға ұласып жатады. Адам тарихи шындыққа көз жеткізу үшін, бір-бірімен даттасып боқтаспауы керек. Қайта бірлесіп, ақылдасып бір бірін толықтырып отыруы қажет (өте әдемі, әділ айтылған сөз-ақ. Ә.Д.)

«Оқығаның білгенің бар болған соң соның арқасында бір пікірге ойың тиянақтаған соң кейде әлдекімдердің айтқанымен жазылғанына өз пікіріңді білдіресің. Көбінесе оның аяғы жауласуға, дауласуға бірте-бірте кек алып, кек қайтаруға, өштесуге ұласып жатады. Ондай өрескелдікті тоқтататын күш – тек адамның өз мәдениеті. Бізде тек осы шіркін әзірше жетіспейді.» Түркістан газеті № 1.  09.01.2009 жыл.

Мен бұл үзінділерді неге молынан толық келтіріп отырмын? Біріншіден автордың ой-тұжырымдарына риза болып қолдап-қуаттағанымнан, екіншіден сол арқылы Бекеңнің өзін өз сөзіне, өз уәжіне тағы бір рет назар аударту үшін, сөйтіп үйсіндерді дәріптеу үшін сах  ата-бабамыздың мәртебесін төмендеткендей болған өзімшілдігін, тарихи білім-білігімен дәлел-сыпатының табан тіреп тұра алмасын,  Кемел Ақышев бастаған,  Әлкей Марғұландай алыбымыз алғыстаған қазақ археологиясының ұлы жетістігіне көлеңке түсіргеннен басқа қол жетер, көзге көрініп, көңіл илантар ештеңе де табылмасын баса айтқымыз келіп еді.

Бүгінгі қазаққа керегі болған  қол жеткен,  әлем мойындаған ғылыми жетістіктеріміз бен мәдени құндылықтарымызды әспеттеп,  алдымен өзіміздің тарихи жадымызды жаңғыртуға табанды түрде ат салысу, сол арқылы дүниеге таныту, насихаттау керек деп білеміз. Сол қатарлы жаңалықтар легін үзіп алмай, үздіксіз іздене беру, тереңдете беру басты назарда болуы керек.

Біз барды жоққа шығармай-ақ,  жоқтан бар жасауға да баруға тиіспіз, әрине, ғылыми дәлел, сыпаттар арқылы «Алтын адамды» тарих сахнасына б.ж.с. бұрынғы  екінші ғасырда белгілі бола бастаған,  көшпелі  аттың жалы, түйенің қомында,  ұлы қорғаннан Ыстықкөл, Жетісуға әрең жеткен  көшпелі үйсіндерден 4-5 ғасыр бұрын әлемдік өркениетке қол жеткізген Сах ата-бабамыздан аударып беру неге қажет болды? Қандай жаңалық аша қойдық, оны жоққа шығара қоярлық? Бос сөз, құр қиялдан басқа әзірше ештеңе де көріп тұрғанымыз жоқ қой.

Жалпы алғанда, қоғамдық ғылымдар саласында, әсіресе Отан тарихы бойынша басы ашылмаған даулы әрі күмәнді ойлар мен қорытынды сымақтар аз емесін  ескере отырып «Алтын адам» жөніндегі ізденістерге де шек қойып тыйым салуға хақымыз жоқ екнін білеміз. Демократия деген атқа жеңіл телпекбай тұғырға қонжиғалы кімнің, не айтуына  кедергі болам деу әурешілік екені белгілі, әйтсе де, салиқалы халықтық, мемлекеттік мәселелерге қатысты қалам тартқан ғалымдар мен зиялылырдың алдымен өзін сыйлауы, жеңіл-желпі у-шуға ілесе шаппау, жеті өлшеп бір кесуге дағдылану, тек ғылыми дәлелмен, тарихи нақ деректермен сөйлеуді үйренуі керек. Осы  барыста Бекең ағамыз қынжыла айтқандай бір-бірімізден жаулық, өшпенділік күтпей, байсалдығылыми айтыс-тартысқа төзімділікпен баруымыз талап етілсе дейміз, өйткені, бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы екенін қалай ұмытамыз?

Коммунистік тотаритарлық жүйе қалыптастырып кеткен ұлтты-ұлтқа, ағайынды- ағайынға, ұл мен қызды әке-шешеге айдап салу арқылы ел билеу, адамдарды тұқыртып ұстау сияқты зұлымдықтардың зардабын жою баршамыздың  ұлт болып ұйысу, тәуелсіз Қазақ мемлекетін нығайту арманымыздың алтын арқауына айналуы керек-ақ. Қазақтың қазақтан басқа досы жоқ, дұшпаны құзғынша құңқылдап торуылдап  жүр! Сақ бол! Сақтансаң ғана сақтайды Алла тағала!

Қазақ  қазаққа сәулесін түсіруді үйрену үшін алдымен өзін-өзі танып, бойына Тәңірлік нұрсәуле,  иман, намыс барын сезінгенде ғана нағыз адам,  нағыз қабілетті де қуатты ұлт екенін  баршаға  ұғындыратын болады.

23.02.2009 жыл.

Ақпанның соңғы қырлануы мен сырлануының тегеуріні алматылықтарды қыса бастағалы 3-4 күн болды. Мен қолыма қалам алмағалы талай апталар өтір кетіпті-ау. Денсаулық құрғыр көңіл көтертпей құлаш жаздырмай-ақ қойды ғой.

Мен бүгін «Жыл он екі ай( журналын шығарушы баспагер Талғат Айтбайұлы деген жігіттің тілші Кенжеғали Көшім-Ноғаймен сұхбатын оқып, намысты інімізге риза болдым.

Біздің қазақта осындай  бір қайсар да білімді   азаматтар шоғыры бой көрсете бастағаны сүйіндіреді. Сарай жыршылармен жағымпаз ақсақал, көксақалдардан әбден ығыр болған мына алмағайып заманда Талғаттардың бой көрсетуі, дауысын шығара өр сөйлеуі, ертеңгі күнге сеніммен көз тігуге жігер, күш, сенім береді екен.

Оның Қожа Ахмет Яссауи бабасынан келтірген мына үзіндісі біздің бүгінгі имансыз  қоғамға оқылған қатаң өкім екен:  «Әділетсіз қоғамда елден рахым кетеді. Сүйіспеншілік, мейірім жоқ болады. Ар, ұят, намыс иман көшеді. Мұсылман мұсылманды өлтіреді. Бұзықты, залымды жақтайды. Ақиқатты жалғанмен айырбастайды. Осылайша қияметке жолығады

Ал, от ауызды, орақ тілді Асқар Сүлейменов марқұм: «...Жыныс үшеу болады, еркек, ұрғашы және билік. Соңғысынан өткен сатымпаз, салдақы жоқ» -   деп төтесінен қайырыпты.

Талғат бауырым осыларды көлденең тарата отырып: «Сондықтан билікті тазалаған дұрыс қой. Биліктің тәні де, жаны да, пиғылы да тазарсын дер едім», - деген тілек қосады.

Ниет қалыс, тілек орынды-ау! Бірақ одан не шығады? Түк те, ешнәрсе де шықпасын біле тұра айтылар сөз айтыла беруі, «Оян, қазақ» ұранына үн қоса беру керек екеніне үміт арта тілеулестік білдіруге тиіспіз деп ойладым.

Қардың басын қар алар жауып тұрып,

Ханның басын хан алар шауып тұрып!

Біз білетін, тарих білетін ащы да болса жәдігой «Демократияға қайшы болса да осы болатын.

Ақпанның ызғарлы қарын Наурыздың жылымық қапалағы әп-сәтте жоқ қылып, қардың басын қар аларына тағы бір рет куә боларымыз хақ. Ал, мына тексіз де тойымсыз қара ниетті ханнан (ханнан садаға кетсін-ау) қашан құтылар екенбіз. Бұған зауал келмей қазаққа  таң атып, күн шықпас, көктем мен жаздан үміт болмас деп қорқамын. Бірақ уақыт деген бір сұрапыл, халық деген бір құдіретті күш бар екеніне кәміл сенгендіктен көңіл жұбатып, көкжиекке сеніммен көз тігеміз. Таяуда ғана қайтыс болаған  ақын Қаржаубай Омардың мына бір ереуіл жыр жолдырын да келтіре кетейін

Ей, мырзалар, көктен түскен мырзалар,

Ащы тілім тұз жалар да, мұз жалар.

Көздеріңді ашып қара шел басқан,

Түтіндерің түтетпей тұр моржалар.

«ДАТ» «Тасжарған»  №7 (133) 18.02.2009 жыл.

Әлімғазы Дәулетхан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371