Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5078 0 пікір 23 Сәуір, 2013 сағат 11:19

Ғалым Боқаш. Ауыл кеші көңілді

Табақ тартылды. Пышағы бар жақсылар сүйгенін, пышағы жоқ жайсаңдар тигенін жеп жатыр. Қалған жұрт осы екі топқа көзі жыпылықтап, сілекейі шұбырып қарап тұр. Ұрттардың бұлтыңдауы бәсеңдеп, кекірік ату жиіледі. Бір-бір жастықты қолтыққа басып, шынтақтап жантая кеткен соң қастары паңдана керіліп, көздері кілегейлене күлмеңдеп төрдегілер есік пен жабықтан сығалаған жұртқа қаратып нақыл оқи бастады.

Жақсылар айтты: «Бізді сүймегеннің бә­рі - антұрған, жайсаң қулардың құйыр­шық­тары. Мына қарашаңырақтың жауы. Осыларды да адам деп сеніп отырсыңдар ма? Пышақ біздің қолымызда тұрғасын ға­на тартынып жеп отыр. «Мә» деп ұстата қояйықшы, сосын көрерсіңдер. Табақтағы ет былай қалсын, сендер мен бізді турап жеуге даяр тұр. Қанды көздерін шел басқан қа­рақшылар ғой - бұлар. Қазір бізге дұш­пандық ойлаған бөтен ауылдан өздері құ­саған бір антұрған шығып, ата дәстүрімізді ая­қасты етіп осыларға пышақ демейік, бір бә­кі әкеп берсінші - төбелеріңнен құқай, құ­лақтарыңнан қиқу кетпей қойсын! Біліп жү­ріңдер ол жағын да! Әр жіліктің бір басын­да екі жапырақ ет қалдырып мүжітіп отыр­ған, қолымыздың майын етігіміздің қо­нышына да жақпай тегін жалатып отыр­ған біздей шүлеңгір мырза сендерге екі дү­ниеде енді бұйырар ма екен?! Хош, сүйе­сіңдер ме бізді?!».

Бүгін де сүйек мүжуден дәмелі аш-арық топ шу ете қалды: «Құлай сүйеміз!». Негізі, айт­қандары шындық еді. Нәрлі ас ішпей әл­сіреген қаңбақ қаңқалар расында да қа­б­ырғаға сүйеніп әзер тұрған.
Жайсаңдар сөйледі: «Уа, жәмиғат, сен­беңдер! Жексұрын жақсылар өтірік айтады. Пышақ тимесе де, тартынып отырған жайы­мыз жоқ. Тартып та, қарпып та жеп жа­тыр­мыз. Арамызда аянып қалған жүрек­сіз біреу болса екен-ау. Айтпақшы, қалай әре­кет еткенімізді манадан өздерің де мұ­қият көріп отырсыңдар ғой. Ал егер бізге пы­шақ тисе, күніне бір емес, үш мәрте қа­зан көтертер едік те, әр жіліктің екі басынан да бір-бір жапырақ ет қалдырар едік. Оны аз десеңдер - бармағымызбен қоса табақты да жалатар едік. Біздей жомарттың қолын кесуге енді ешкімнің хақысы жоқ! Уа, халқым! Уа, жұртым! Қайратыңа мін! Қаһар­лан! Жайсаңдарға ғана ғашық еке­ніңді мына жылпостардың тап қазір бетіне басып айт та, пышақтарын тартып алып бер бізге! Алға!».
Жұрт үндемей қалды. Тек қабысқан қа­рын­дардың шұрылы ғана сары шегірт­кенің үні құсап бір сәтке болсын дамылдасашы. Ыңғайсыздау үнсіздікті жақсылар әдетінше шорт үзе салды - көпшілікке ма­йы сорғалаған қолдарын соза қойды. Сол сәтте есіктегі жасауылдар босағаға ығыса қал­ды. Жапа-тармағай ұмтылған жұрт жақ­сының да, сосын қолдарын қалай соз­ған­дарын өздері сезбей қалған жайсаңның да он саусағынан түк қалдырмай адалап шық­ты. Одан соң қалған-құтқан сүйек-саяқты толғамай жұтып жіберіп, мұрындарынан шығарып мүжуге кірісті.
Апыр-топыр, ығы-жығы, у-шу сәтті қалт жі­бермейтін жақсылар ыммен ғана бата сұ­рай қойды. Манадан өзіне жеке тар­тылған шағындау табақты еңсеріп тастап, құрт езген сорпаны енді сораптай берген шошақ сәлделі жақсы құлықсыздау қолын жайды. Бір қызығы, быртық саусақтарын тарбита көтеріп шаңыраққа қарап мүлги қалған жақсыларға ілесіп жайсаңдар да еш қарсылықсыз түгел қол жайды. «Ет - етке, сорпа - бетке! Ет те, сорпа да - Жа­рат­қанның қалауы түскен жақсы деген бек­ке! Келесі ет асылғанша жақсының орны - төр, қарсының орны - көр! Әумин!» де­ді шошақ сәлде. «Әумин!» деді жақсы мен жайсаң шу етіп. Тістері кемікке ілініп үлгір­ген жұрттың кейбірі әр жерден «І-і!» деп үн шығарған болды.
«Жайсаңдар оттапты! Елдің ықыласын көр­діңдер ме? Сүйек мүжіп жатқандарына қарамастан 98 пайызы мұрнымен болсын «Әмин» деді ғой! Қарашаңырақта ықылым за­маннан бері орныққан бірлік пен бе­рекені сақтау үшін басқа не керек?!» деп те­бірене сөйлеген жақсылар жібек жей­делерінің жеңімен, шәйі орамалдарының ұшымен көздерін сүртіп жатты.
«Жақсылар арамдық қылды. Ел-жұрт біз­ге ғана ғашық екенін енді айта бергенде ере­жені бұзып қолдарын созды. Келесі та­бақ тартылғанда қапы қалмайық» деп күң­кілдескен жайсаңдардың ашуы тез тара­ды. Қараңғы түсе сала жақсылармен бір­ге алаңсыз ақсүйек ойнауға кірісті.
Аздан соң тұтас ауыл қорылға басып, қа­лың ұйқыға шомды. Тек кереге-керегенің ара­сынан жілік суырып үлгерген иттер ғана ша­қырлатып таң атқанша сүйек шайнаумен болды.

"Қазақ әдебиеті" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322