Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 2814 3 пікір 1 Маусым, 2023 сағат 15:21

«Шәкәрім» өзбек тілінде жарық көрді

Шәкәрім - қазақ философиясындағы шоқтығы биік тұлға. Тамырын халық даналығынан бастау алатын оның көркем сөзді мұралары терең ойлы, ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі.

Биыл   ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасатын өшпес мұра қалдырған үлкен жүректі, көркем сөздің хас шебері, сөз зергері Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 165 жыл.

Шәкәрімнің атында қазір Семейде белгілі университет бар. Шәкәрімтану мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Шәкәрімнің энциклопедиясы жарық көрді. Шәкәрім журналы шықты. Ғылыми бағыт қалыптастырылды. Осының төңірегінде Шәкәрімге қызығушылар, зерттеушілер көбейді. Әрине, бұған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықовтың сіңіріп жүрген еңбегі ерекше.

2012 жылы Шәкәрім кітабы Е. Сыдықовтың авторлығымен «ЖЗЛ» сериясымен орыс тілінде Мәскеуден шыққан болатын. Ол кітап қалың оқырман қауымы тарапынан жылы қабылданды. Жақсы тарады. Орыс тілінде шыққанның әсері болар, қытай, түрік, украин тілдеріне аударылды. Осылайша, Шәкәрім кітабы бес тілге аударылған болатын.

Күні кеше Ташкент қаласында «Muharrir nashriyoti» баспасынан Өзбекстан жазушылар одағының мүшесі, Өзбекстан Республикасы Туран Ғылым академиясының академигі Абдулла Рустамовтың тәржімасымен «Шәкәрім» кітабы өзбек тілінде жарық көрді.

Бұл кітап енді алтыншы тілде сөйлей бастады.

Қазтай Аяна Серікқызы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364