Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 530 0 пікір 19 Қараша, 2024 сағат 12:06

Үкімет: ЖТ активтері бойынша барлық ақпарат бар

Фото: mtrk.kz

Жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

«Президент жаппай декларациялау тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Қазір декларацияны 4 миллионнан астам адам тапсырады. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері бар. 2025 жылы азаматтардың қалған барлық санаттары да декларация тапсырады деп жоспарланған болатын. Бұған халық алаңдаушылық білдірді, сондықтан аталған мәселеге Мемлекет басшысы өзінің назарын аударды. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың деректер базасы барынша цифрландырылған. Қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, халықаралық келісімдер аясында шоттар бойынша деректер алмасу жолға қойылды. Цифрлық қызметтер көрсету кең таралған.

«Сондықтан жалпы алғанда, жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар. Қаржы және Цифрландыру министрліктері тіркеу және салықтық бақылау үшін барлық цифрлық базалардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алуды қамтамасыз еткені жөн. Сондықтан мен 2025 жылы азаматтардың қалған санаттарын активтер туралы декларацияларды міндетті түрде тапсырудан босату туралы Қаржы министрінің ұсынысын қолдаймын. Осыған байланысты Қаржы министрлігі Ұлттық экономика, Әділет министрліктерімен бірге үш күн мерзімде қажетті заңнамалық түзетулерді әзірлеп, Парламентте тиісті жұмыс жүргізуі керек», - деді Олжас Бектенов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1446
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5208