Бейсенбі, 5 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 286 0 пікір 2 Желтоқсан, 2024 сағат 18:32

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: Жаһандық білім кеңістігіндегі орнымыз

Сурет: ҚазҰУ баспасөз қызметінен алынды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің көшбасшысы, сондай-ақ жаһандық білім кеңістігінде мойындалған беделді оқу орны. Университеттің тарихы 1934 жылы басталды, ал бүгінде ол Орталық Азияның ең ірі ғылыми және білім беру орталығы болып саналады. ҚазҰУ әлемдік стандарттарға сай білім беру мен ғылымды дамыту арқылы халықаралық деңгейде танылған. 

ҚазҰУ-дың әлемдік білім беру жүйесіндегі орнын оның QS World University Rankings рейтингіндегі жоғары көрсеткіштері дәлелдейді. Университет Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарының көшін бастап, әлемнің үздік университеттерінің қатарына енді. Бұл жетістіктер ҚазҰУ-дың сапалы білім беру, ғылым мен инновацияны дамыту саласындағы жүйелі жұмысының нәтижесі десекте болады.

Халықаралық деңгейдегі жетістіктерге жету үшін университет әлемнің 400-ден астам жетекші университеттерімен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен серіктестік орнатқан. Бұл байланыстар білім алушылар мен оқытушылар құрамына академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу, бірлескен зерттеулер жүргізу және шетелде тәжірибе жинақтау мүмкіндігін береді. ҚазҰУ-дың білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитациядан өтіп, жаһандық еңбек нарығында жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.

ҚазҰУ-дың заң факультеті – университеттің ең беделді құрылымдарының бірі. Факультет құқықтық білім беру саласында сапалы және терең білім беріп, халықаралық стандарттарға сай мамандар даярлайды. Факультеттің түлектері Қазақстанның сот, прокуратура, мемлекеттік басқару және жеке секторларында сұранысқа ие заңгерлерге айналған. Құқық саласындағы білім беру тек теориямен шектелмей, студенттерді практикалық тұрғыдан дайындауға басымдық береді. ҚазҰУ-дың заң факультеті халықаралық және қазақстандық заңнамаларды интеграциялау арқылы құқықтық сауаттылық пен әділеттілікті дамытуда маңызды рөл атқаруда.

Заң факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы құқық саласындағы тәжірибелі мамандар мен жетекші ғалымдардан тұрады. Олар студенттерге тек білім беріп қана қоймай, құқықтық мәселелерді шешуге қажетті аналитикалық ойлау қабілеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар, факультет студенттерге сот залдарына, прокуратураларға және заң кеңесшілерінің жұмыстарымен танысуға мүмкіндік беретін практикалық сабақтарды ұйымдастырады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – бұл тек білім беру орны ғана емес, ғылым, мәдениет және жаһандық идеялардың орталығы. Университет студенттері мен түлектері еліміздің және әлемнің болашағын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын тұлғаларға айналуда. Жаһандық білім кеңістігіндегі ҚазҰУ-дың орны оның заманауи білім мен ғылымға негізделген тұрақты дамуын айқындайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының Phd докторы, доцент С.Б. Дүзбаева.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Жақыш.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Р.Б. Тұрысбек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1165