Сейсенбі, 25 Ақпан 2025
Қасиетті қазақ жері 192 2 пікір 25 Ақпан, 2025 сағат 09:22

Тарих біздікі, соны түсінейік!

Сурет: qazaquni.kz сайтынан алынды.

«Чингисхан был казахом»

Владимир Белинский

(исследователь истории Золотой Орды, публицист, автор бестселлеров)

Осыдан біраз жылдар бұрын, әлем таныған Еділ батырды (Аттила) өзімше зерттеп, мақала дайындап жүргенімде, қазақтың ұлы ғалымы Әлікей Марғұланның ғылыми еңбектерін оқып шыққан болатынмын.  Сонда, әйгілі ғалымның еңбегінен, ұлтымыздың «Қозы көрпеш – Баян сұлу» атты дастанына төрт мың жыл болған деген сөйлемдерді оқып, қайран қалғанмын. Осыған орай, Еуразия кеңістігінде орналасқан, біздің Ұлы даламыздың аумағынан шыққан, осы Еділ батыр, не болмаса, одан бергі заманда әлемге аты шыққан Шыңғыс хан мен оның ұлдарының құрған империялары түркі елінің, нақты айтқанда, қыпшақтардың алтын тарихы болып есептеледі ғой.

Біз, талай жылдардан бері, еліміздің тарихын шамамыз келгенше зерттеп, зерделеп келе жатқан адамбыз. Мүмкіндігіміз жеткенше, қазақ ғалымдарының, сонымен қатар, орыс және шартарап елдерінің, Орталық Азия, сондай-ақ, Қытай, Моңғолия, Сібір аумағын мекендеген ұлттар мен ұлыстардың көнеден келе жатқан тарихына арналған бүкіл еңбектерін оқып шықтық десек, артық айтқандық болмас. Тіпті, «Сокрове́нное сказа́ние монго́лов» - қазақшалағанда «Моңғолдың құпия аңызын» зерделей қарап, талай рет оқыдық. Ақиқатын айтқанда, бұл күнгі моңғолдарға ешқандай қатысы жоқ. Егер, талдап, дәлірегін айтатын болсақ, «Моңғолдың құпия аңызы» - ол  мың қолдың құпиясы, яғни, Шыңғыс ханның анау көгілдір  Алтайдан, сонау Атырауға, Еділге дейінгі және  Сібір орманынан бастап, Қытайдың Ұлы қорғанына дейінгі аралықтағы толып жатқан  ру, тайпаларды қалай біріктіргені, ол үшін қандай әдіс – айла қолданғаны, сөйтіп, хан тағына қалай жеткендігі толықтай баяндалады. Сондықтан, бұл шежірені, шынымен де «Мың қолдың құпиясы»  деуге толық негіз бар. Соған лайық та.

Есімдері қыпшақ – қазақ тілінде екенін ұмытпайық!

Тағы бір, аса назар аударып, айтарымыз,  Шыңғыс хан мен оның балалары, немерелері, сол секілді, Ұлы қағанның туыстарының есімдері мен тегі,  тұтастай түркі, яғни, қыпшақ тіліндегі атаулар. Әсіресе, біздің қазақтардың ныспыларына өте жақын, тіпті, ұқсас десек  те болады. Тарата айтсақ, қаған кезіндегі есімі Шыңғыс, бала кездегі аты Темучин (Темірші, Теміршын), (қытайлар, орыстар, сонымен қатар, еуропалықтар, түркілердің аты – жөнін құжатқа  түсіргенде, қалай да әріптік қателер (граматикалық) жібереді. Бұл қазіргі күндері де жиі кездеседі, оны өздеріңізде  білесіздер.), сонымен ары қарай кеттік: Жамұқа-Сечен (Жалмұқан Шешен), Хубилай (Құбылай), Хулагу (Құбағұл), Шағатай, Жошы-Джучи (Жолшы), Қасар, Белгудей, Даритай (Дәрітай), Сашабек(Сақа-бек, Сақабек), Таргутай Кирилтух (Тарғылтай Қырылдақ), өстіп кете береді. Анау, Моңғол атанған, қазіргі бурят-манжурлардың аты-жөндеріне, шынымызды айтайық, мүлде жуықтамайды. Бірнеше жыл осыларды қарастырып, осы күнгі Моңғолдың аты-жөндерімен мүлде ұқсастық таба алмадық. Тіпті, жақындамайды да.

Оқып, іздей жүріп түсінгеніміз, бұрыннан орыс ғалымдары, сондай-ақ, қазіргі  қатардағы орыс зиялылары да, Ресейдің құрамындағы  Бурятияны «Ресейлік моңғолдар» деп атайды екен. Неге десеңіз, буряттар және моңғолдар бір-ақ тілде қарым-қатынас жасайды. Дәстүрі де, діні де бірдей.

Осылармен қатар, назар аудара айтарымыз, орыс және Еуропа ғалымдары, тіпті, Азиялық ғалымдардың біразы, осы Шыңғыс хан империясы және оның айналасында өрбіген тарихи оқиғаларды, кейінгі жылдары түбегейлі қайта зерттеп, Ұлы қағанаттың  ешқандай бұл күнгі Моңғолдың тарихы еместігін, кезінде кеткен қателік екендігін, нақты айтып, жазып, көрсетуде. Бұған, дәлел ретінде, көптеген ғалымдардың ғылыми жұмыстарын мысал ретінде айтуға болады. Біз, осы оқымыстылардың  көбінің еңбектерін пайдаланып, сіздерге біраз жылдардан бері мағлұмат беріп келеміз, сондай-ақ, ол ғалымдардың аты-жөндерін де, реті келгенше, жазған мақалаларымызда көрсеттік. Сондықтан, осы ғалымдардың ғылыми жұмыстарына сүйене келе, айтарымыз – Ұлы даламызда кезінде орын алған, әр заманға өзгеріс әкелген, көптеген елдердің бірігуіне, кейіннен олардың қуатты  мемлекеттерге айналуына жол ашқан, (Қытай, Ресей секілді) – яғни, өз уақытында еліміздің аумағында тіршілік кешкен, дақпырты алысқа кеткен, сондай-ақ, адамзаттың дамуына орасан зор  үлесін қосқан, бұл өркениетті қағанаттар, шыныменде біздің мақтан тұтар, алтын, текті  тарихымыз, – деуге болады.

Тек біздің ұлтымызға, Кеңестік дәүірден қалған ескі, жаттанды ой-пікірін өзгертіп, өзара қырқыспай, өздерінен қызғанбай, орыстың талай ғасыр бізден жасырып келген, текті, асыл дүниемізді танып және олардың егіп кеткен құлдық сана-жүйесінен арылып, кезіндегі Ұлы ата-бабаларымыздың іске асырған ғаламат істерін ұғынып, түсінсе екен дейміз.

Біз осыдан бірнеше жылдар бұрын, талай ғасырлық қазақтың «Құрылтай» сөзін қайтарып алдық. Қазір Ұлттық Құрылтай мемлекеттің күнделікті тіршілігінен орын алды. Сол сияқты көне заманнан келе жатқан «Ұлыс» сөзін де, қайтарсақ жаман болмас еді. Қазіргі «облыс» сөзінің орнына осы – «Ұлыс» сөзін пайдалансақ құба-құп болары еді. Жоғарғы билік иесі, алдағы уақытта осыны ескерсе дейміз.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

2 пікір