Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Талқы 2671 0 пікір 23 Маусым, 2025 сағат 13:53

Иран-Израиль соғысы: Қазақстан мәлімдеме жасады

Сурет: newizv.ru сайтынан алынды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуал бойынша арнайы мәлімдеме жариялады. Мәлімдемеде:

«АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалуда.

Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды.

Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырамыз», - деп жазылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2922
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1000
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 933