Қазақстан - тұрақтылық ғаламшары

Қазіргі жағдайда әлемнің кез келген бөлігінде толеранттық қатынастардың жоқтығынан орын алып жатқан өшпенділік, араздық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен туындаған әлеуметтік қақтығыстарды жиі байқаймыз.
Осы жерде де Қазақстан төзімділіктің, қоғамдағы өзара түсіністік қарым-қатынастың үлгісі болып табылатындығын көңілімізге медеу етеміз. Этносаралық өзара қарым-қатынас саласы болсын немесе конфессияаралық өзара іс-қимыл болсын еліміз берік тұрақтылықты орната білді.
1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін енді ғана алған кезде этносаралық және конфессияаралық проблемаларды оңтайлы шешу мәселесі елдің ішкі тұрақтылығын сақтау үшін маңызды міндетке айналды. 1992 жылы сол кездегі Жоғарғы Кеңес «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңды қабылдап, ол азаматтарға өз дінін айқындауға немесе өздерін қандай да бір дінмен мүлде байланыстырмауға еркіндік берді.
Сол кезде Қазақстанда оннан астам диаспоралық ұлт өкілдері тұрып жатты. Сондықтан ортақ тағдыр мен тарихпен байланысты республиканың этникалық топтары өзара достық қатынаста қалуы үшін, сондай-ақ этносаралық қатынастар саласында тәртіп орнату мақсатында сол кездегі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы этносаралық өзара іс-қимыл мен келісімнің бірегей институтын - Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды.
Көпконфессиялылық этносаралық және мемлекетаралық қақтығыстардың ең басты себебі бола алатын өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны әмбеге аян. Әр түрлі діни ұстанымдар адам өмірінің әр түрлі формаларын қалыптастыратыны жасырып жабатын құпия жайт емес. Және еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалуда титулды ұлт болып саналатын қазақ халқы үлкен рөл атқарғанын жоққа шығаруға болмайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Бекжан Мейірбаев қазақ халқының толеранттылығының рухани бастаулары мен оның діни контекстегі қажеттілігі туралы төмендегідей пікір айтады.
Профессордың пікірінше, біздің елімізде толеранттылықтың тамыры тым терең, өйткені дәстүрлі қазақ қоғамы генетикалық тұрғыдан толерантты. Осының жарқын мысалы - Қазақстан өз дамуының қазіргі кезеңінде көпдиаспоралы және көпконфессиялы мемлекет болып табылады. онда барлығы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр.
Алайда, қанға сіңген тектілікке қарамастан, өскелең жастарды ұлттық төзімділікке тәрбиелеу қажет.
«Біз бұған генетикалық тұрғыдан бейім деп айта алмаймыз. Біз қазіргі қоғамда төзбеушіліктің түрлі көріністерін көріп отырмыз. Бұл жерде біз дәстүрлі бастаулар мен тәрбие туралы қалай айтсақ та, заманауи ақпараттық қоғам өз түзетулерін енгізуде», - деді Бекжан Мейірбаев.
Ең алдымен, бүгінде Қазақстанда этникалық толеранттылықтың жоғары деңгейі сақталып отырғанын айту керек, ұлтаралық және дінаралық келісім контексінде басқа көзқарастарды, идеялар мен ойларды құрметтеу, олардың саяси құндылықтары мен мүдделерін мойындау сияқты әлеуметтік саяси құндылықтар, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы оң және достық этникалық стереотиптер басым екендігі көңілді қуантады.
Қазақ төзімділігі - бұл басқа этностардың өмір салтына, олардың мінез-құлқына, салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына, сезімдеріне, пікірлеріне, идеяларына, сенімдеріне төзімділікті білдіретін ұлттық мінез-құлық белгісі, менталитет элементі болып табылатындғы еш дау тудырмайды. Сондықтан қазіргі уақытта Қазақстанда тұратын барлық этностардың мінез-құлқына айналған қазақ толеранттылығы - бейбіт қатар өмір сүрудің ғана емес, бірлік пен келісімнің де толеранттылығы болып та саналады. Қазақ халқының басты ұлттық құндылықтарына бірлік пен келісім жатады.
Этносаралық ғана емес, конфессияаралық келісім де Қазақстанның баға жетпес игілігі болып табылады. Адамзат тарихы адам қатынастарының неғұрлым күрделi саласы конфессияаралық қатынастар болып табылатынын, олар реттеуге неғұрлым қиын екенiн әлемде орын алып жатқан түрлі оқиғалар айғақтайды. Қазақтың тарихи, этникалық толеранттылығы өзінің басты ерекшелігі сталиндік депортацияға ұшыраған халықтарды қалай қарсы алғанынан танылады.
Шешенстан басшысы өзінің әлеуметтік желідегі жазбасын «дос қиындықта танылады» деген мақалдан бастады. Ол сондай-ақ шешендер қиын-қыстау кезеңде көрсетілген қолдауды бағалайтынын және ешқашан ұмытпайтынын атап өтті.
«Шешендер мен қазақтардың достығы шешен халқы үшін ең ауыр, қайғылы күндерде басталды. Сталиндік режим Қазақстанға және Орта Азияға жер аударған халық құрып кету алдында тұрған еді. Қатаң тыйым салынғанына қарамастан, Қазақстанның қарапайым тұрғындары шешендерге көмек қолын созды. Дәл сол кезде шешендер мен қазақтар туыстығы қиындықтар мен сынақтармен бекітілген бауырластар болып қалыптасты», - деп жазды Қадыров.
Ол сондай-ақ постында екінші рет қиын жағдайға тап болған кезде қазақтар босқындарға баспана беріп, көмекке қайтадан келгенін жазады. «Шешенстанның Бірінші Президенті, Ресейдің батыры, Қарағандыда туылған Ахмат-қажы Қадыров осы қайғылы күндері шешендерге көрсеткен Қазақстан халқының көмегін өте жоғары бағалады», - делінген постта хабарламада.
«Шешендерде: «Егер сен қазақпен кездескен болсаң, онда сен бауырыңмен кездестіресің»деген әдет бар. Шешен мен қазақ халықтарының арасындағы бауырластық пен достық нығайып, гүлдене берсін!» - деп аяқтайды өз әлеуметтік жазбасын Қадыров.
Қазіргі уақытта әлемнің барлық мемлекеттері ел бірлігі мәселелерін шешуде қатты алаңдаушылық танытып отырған жайы бар. Қазақстан Республикасы бүгінде әлемдік өркениеттің жол қиылысында тұр. Мысалы, солтүстікте Ресей, шығыста Қытай, оңтүстікте Орталық Азия республикаларынан кейін Иран мен Ауғанстан, батыста Каспий теңізі Кавказ, қара теңіз және Еуропаға апаратын жол. Бұл қазақ елінің тарихи, мәдени және генетикалық толеранттылығының бастау көзі ретінде қарым-қатынасқа, келісімге, өзара түсіністікке, түрлі халықтардың кез келген өкілін достық, жылы шыраймен қабылдауға деген ұмтылысы. Сондықтан Қазақстан үшін де толеранттылық проблемасы ұлттық, конфессиялық саясаттың өзіндік моделін іздеуде, тарихи мұраны сақтау мен дамытуда, этностар, этникалық және әлеуметтік-мәдени топтар арасындағы толеранттылық пен достық қатынастарды нығайтуда өзекті өмірлік маңызды мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасында толеранттылықтың дамуын төмендегідей бірқатар себептері бар: Біріншіден, «толеранттылық» санатын ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз етуге және дамытуға қабілетті және Қазақстандағы мәдени әртүрлілік жағдайында саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікке кепілдік беретін негізгі шынайы демократиялық қағидаттардың бірі ретінде саяси ұғымды айқындау қажеттілігі. Қазақ сарапшылары Қазақстан Республикасында діни (29,4%), саяси (27,1%), этносаралық (24%), құқықтық (10,2%) шиеленістер мен қақтығыстардың туындау қаупін және олардың саяси процеске деструктивті әсерін жоққа шығармайды. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы саяси процесіндегі рөлі, бұл қазақ қоғамын дамытудың ғылыми негізделген модельдерін құруға кедергі келтіреді. Үшіншіден, Қазақстандағы саяси, діни және этникалық салалардағы толеранттық қатынастардың орнын анықтау қажеттілігі күн тәртібінен еш түспейді. Осы үш мәселе билік тарапынан орнымен шешілетін болса, онда елімізде мамыржйа тірлік орнайды.
Abai.kz