Сейсенбі, 11 Қараша 2025
Жаңалықтар 102 0 пікір 11 Қараша, 2025 сағат 15:25

Үкімет: Биыл 80 вокзал пайдалануға беріледі

Сурет: sknews.kz сайтынан алынды.

Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров теміжол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы айтып берді.

Ол бұл жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы екенін, ал мердігер ұйымдар жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылғанын айтты.

«Қазіргі уақытта 100 нысан бойынша жобалық-сметалық құжатама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қыс мезгіліне дайындық қамтамасыз етілген. Жолаушыларға арналған уақытша құрылыстар мен күту аймақтары әзір. 124 нысанның 121-інде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ал қалған 3 вокзал бойынша тарихи-мәдени мұра нысандары ретінде ғылыми-зерттеулер жағасуда. Ол нысандарға жөндеу 2026 жылы жүргізілетін болады», - деді вице-министр.

Оның айтуынша вокзалдардың шамамен 70%-ы отыз жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Техникалық тексерулер нәтижесінде кейбір тіреуіш бағандар мен жекелеген конструкцияларда ары қарай пайдалануға жарамсыз ақаулар анықталған. Осыған байланысты 42 нысан толықтай бұзылды.

«Биыл 80-нен астам вокзал пайдалануға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымдар құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын күшейтуі қажет», - деді ол.

Abai.kz

0 пікір