Сәрсенбі, 26 Қараша 2025
Жаңалықтар 182 0 пікір 26 Қараша, 2025 сағат 15:19

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда 22% өсті

Сурет: Stan.kz сайтынан алынды

Қырғызстан биыл Қазақстаннан әкелетін кейбір тауарлардың көлемін айтарлықтай арттырды.  

Қаңтар-қыркүйек айларында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 1 млрд 222,4 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,3% артық, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сауда өсімі негізінен импорттың артуына байланысты – Қырғызстанның Қазақстаннан әкелген тауары 29,8% өсіп, 912 млн долларға жеткен. Ал Қырғызстанның Қазақстанға экспорты керісінше 8,4% төмендеп, 310,3 млн долларды құрады.

ЕАЭО-ның қалған елдерімен Қырғызстанның саудасы құлдырауда:

  • Ресей – минус 13,4%, 2,5 млрд доллар;
  • Беларусь –  минус 2,8%, 91,9 млн доллар;
  • Армения – минус 2,6%, 1,89 млн доллар.

Есептік кезеңде Қырғызстанның ЕАЭО елдерімен жалпы сауда айналымы 3,85 млрд доллар болды. Бұл өткен жылдан 5,3% төмен. Соған қарамастан, Қырғызстанның ЕАЭО елдерімен саудасының 66%-ы Ресейге тиесілі болып отыр.

Бауырлас елдер арасындағы саудада ең көп өсім жанармай өнімдерінде байқалды: жанармай, газойль, мазут және мотор майларының экспорты 1,6 есе артып, 224 мың тонна болды.

Сонымен бірге қырғыз нарығында тәтті сусындарға (248,9 млн литр, +14,4%), құс етіне (10,7 мың тонна, +24,2%), мороженоға (3 мың тонна, +1,6 есе), ұнға (140,7 мың тонна, +3,7 есе) және бидайға (205,1 мың тонна, +21,5 есе) сұраныс өскен.

Ал смартфондар мен телефондар экспорты 4,6 есе азайып, 53 мың данаға түскен. Алтын экспорты 8 пайызға (2,3 тонна), сигарет сату 1,6 пайызға төмендеген.

Импорт көлемі де артты. Қазақстан Қырғызстаннан 614,8 мың тонна тауар әкелді, құны 406,4 млн доллар (+9,4%).

Импорт ішінде битум (3,8 есе өсім, 202,7 мың тонна), керосин (2 есе өсім, 51,1 мың тонна), тракторлар (3,4 есе өсім, 298 дана), пластик тара (3,7 есе өсім, 53,5 мың тонна) және макулатура (2,9 есе өсім, 10 мың тонна) ерекше көзге түседі.

Abai.kz

 

0 пікір