Header Banner
Бейсенбі, 19 Наурыз 2026
Жаңалықтар 111 0 пікір 19 Наурыз, 2026 сағат 13:45

Ұшақта домбыраны қол жүгіне қосып алуға рұқсат берілуі мүмкін

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Ұшақта ұлттық аспаптарды, соның ішінде домбыраны қол жүгіне қосып алуға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді.

- Шын мәнінде, дәл осы нақты мәселеге қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Азаматтық авиация комитетінің алдында музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыраны тасымалдау тәртібін заңнамалық тұрғыда реттеу міндеті тұр. Менің ойымша, жақын уақытта жолаушыларды, жүк пен багажды тасымалдау қағидаларына тиісті өзгерістер енгіземіз. Бұл жолаушыларға музыкалық аспапты қалай тасымалдау керектігін және осы кезде қандай рәсім қолданылуға тиіс екенін өте нақты, түсінікті түрде айқындап береді, – дейді шенеунік.

Ластаевтың сөзінше, бұл мәселеге қатысты бір айдың ішінде шешім қабылданады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясы әнші Мақпал Жүнісованы домбырасымен бірге ұшаққа кіргізбей қойған болатын. Өнер иесі домбыраға арналған қосымша орынның бағасы 59 мың теңге болғанын айтып, шағымданған.

Abai.kz

0 пікір