Бейсенбі, 30 Сәуір 2026
«Соқыр» Фемида 144 0 пікір 30 Сәуір, 2026 сағат 14:31

Трамп пен Путин қандай мәселені талқылады?!

Сурет: Ulysmedia.kz сайтынан алынды

АҚШ президенті Дональд Трамп 29-ы күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Екеу ара әңгіме 90 минуттан астам уақытқа созылған. Екі көшбасшы Украинадағы соғыс, Иранның ядролық мәселесі және Америка Құрама Штаттарындағы соңғы ішкі қауіпсіздік оқиғаларын талқылаған.

Трамп сәрсенбі күні түстен кейін тілшілерге: «Мен бүгін Путинмен сөйлестім, біз Украина мен Иран мәселесін талқыладық және өте жақсы әңгімелестік», - деді. Ол сондай-ақ «Путин Иранның уран байыту ісіне араласқысы келетінін білдірді, Мен оған бәріненде Украинадағы соғысты тоқтатуға көмектесуін қалайтынымды айттым» деді.

Қақтығыстың жалпы беталысына қатысты Трамп Украина мен Иран арасындағы қақтығыстар шамамен бір уақытта аяқталуы мүмкін екеніне тоқталып: «Егер сіз қай соғыс бірінші аяқталады деп сұрасаңыз, менің ойымша, екеуінің аяқталу мерзімі шамамен бірдей болуы мүмкін», - деп пікір білдірді.  «Украина әскери тұрғыдан жеңілді» деп ашық айтты, бұл мәлімдеме АҚШ одақтастарының ұстанымынан өзгеше екені анық.

Кремльдің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша Путин Трампқа жасалған сәтсіз қастандық әрекетін айыптап, оны қолдайтынын мәлімдеген.

Иран мәселесіне қатысты Трамп АҚШ-тың қатал ұстанымын қайталады. Ол: «Біз Иранның ядролық қарулануына жол бермейміз» деп мәлімдеді және «Иранда зымыран өндірісінің аз ғана нысандары қалғанын»  атап өтті. Ресей, керісінше, АҚШ-тың атысты тоқтату келісімін ұзартуын қолдай отырып, Иранның ядролық мәселесін дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған бірнеше идея ұсынды.

Ресей тарапының айтуынша, Путин 9-мамыр Жеңіс күніне орай атысты уақытша тоқтатуды ұсынып,  келісім-шартың «жақын арада» жариялануы мүмкін екенін айтқан. Трамп бұған оң көзқарас білдірген

Дегенмен, Ресей Украинаны қатты сынға алды. Ушаков Путиннің мәлімдемесін жеткізіп, Украинаның «террористік тактиканы» қолданып жатқанын айтып, екі тараптың соғыс жауапкершілігі мен қимылдарды анықтауда екі түрлі ұстанымда екенін атап өтті.

Трамп та НАТО-ға наразылығын білдіріп, НАТО-дан көңілі қалғанын, НАТО бойынша Украинамен де келіспеушіліктер бар екенін жайып салды.

Ресей таратқан ақпаратқа сәйкес, телефон сұхбатта қауіпсіздік мәселелерімен қатар, экономикалық және энергетикалық ынтымақтастық мүмкіндігі де қозғалған.

Қорыта айтқанда Трамп пен Путинның кезекті тілдесуі АҚШ-Ресей қарым-қатынасының күрделілігін тағы да айғақтайды. Бір жағынан, екі тарап Украина мәселесінде қарама-қарсы ұстанымда; екінші жағынан, Иранның ядролық мәселесі мен стратегиялық тұрақтылық бойынша ынтымақтастық үшін әлі де мүмкіндік бар. Трамп пен Путин арасындағы тікелей байланыс қақтығыстың ушығуына жол бермеудің маңызды арнасы ретінде қарастырылады.

Деседе Трамптың кейбір сөздері АҚШ-та дау тудыруы мүмкін, соның ішінде оның Украинадағы жағдайды бір жақты бағалауы және Ресейдің Иранның ядролық мәселесіне қатысуына ашықтығы. Сыншылар бұл АҚШ-тың одақтастарына қатысты саясатының бірізділігіне әсер етуі мүмкін деп санайды.

Abai.kz

0 пікір