"ТЕСІК ШЕЛЕК"
Бүгінгі күні мемлекетімізде заң жұмыс істемейтін, адам құқығы қорғалмайтын, коррупцияға айналған мемлекетке айналып отырмыз. Тәуелсіздік алғалы 25 жылдың ішінде қандай жетістікке жеттік? Қазір өткенге қарап отырып әу бастан дұрыс жолға түспегенімізді көріп отырмын.
Біз аграрлық мемлекетпіз, негізінен ауыл шаруалықпен мал өсіру, егін егу мен айналысқанбыз, бізде айтарлықтай өндірісіміз болған жоқ. академик Журунов ағамыздың бір кітаптан алған дерегі бойынша 1900 жылдың басында бізде 70 миллион қой саны болған екен. Қойды тек жылы облыстар ғана өсірген, ал қысы қатты арқа жақта жылқы өсірген, себебі олар қыста қарды теуіп шөп жейтіндіктен.
Сонда жылқы саны одан кем болмағаны белгілі, қанша түйе, қанша сиыр болғанын есептемегеннің өзінде. Бүгінгі орыстардың адам болып отырғандары осы біздердің арқамызда екенін ұмытып кетті, себебі оларда революция басталған соң, осы біздегі малдардың бәрі соларды асырауға кетті, қалғандарын шетелге валютаға сатып теxнологиялар алып дамып кетті, ал біз өзіміз аштан қырылдық, сол кездеде әпербақан ойсыз белсенді өз қандастарымыздың қолымен жасалды, қазір де сол көрініс. Ал біз тәуелсіздігімізді алғалы өз өндірісімізді дамыта алмадық, жыл сайын министрлер ауысып, әр бір министр жаңа программамен келіп білім саласын мүлде құрттық, медицина саласы да оңып тұрған жоқ, сын көтермейді. Осы салада болып жатқан келеңсіз жағдайларды теріп жазсаң төбе шашың тік тұрады. Ал құқық қорғау мекемелердің қызметкелерінің қылықтары тіпті шектен шығып кетті. Олардың істеп жатқан заңсыз ақылға симайтын істерін күн сайын интернеттен оқып отырмыз. Бюрократиядан аяқ алып жүре алмайсың. Ойланбанбай кіргізілген шет ел инвесторларынан (мысалы Қытай) үлкен проблемалар туындап жатыр. Біздегі заңсыздықты олар керемет пайдаланып жатыр. Қай саланы алсаң да мақтанатындай ештеңе жоқ, теріп жаза беруге болады. Ұрандатып елді дамытамыз деп істеп жатқан программаларымызда, тесік шелекпен су тасығандай берекеттері болмай жатыр.
Өткенде "біз мемлекетімізді басқара алмадық" дегенде бір құйыршықтар "не айтып отырсың"? деп аузына келгендерін айтқан еді. Кеңес өкіметі кезінде дәнді жинайтын кезде бүкіл республикаға барлық автбазадағы көліктер жұмылдыратын еді. Қазір ондай автобазалар жоқ, бірен саран жеке адамдардың көліктері болмаса. Қанша дән жиналып жатқаны, қанша астық жинала алмай қар астында қалып жатқаны белгісіз, өтірік есеп болмаса шындығын ешкім білмейді.
Мал шаруашығы мүлдем құрыды, жеке адамдардың мал жаятын жерлері жоқ, барлық жайылымның иесі бар. Бүгінгі көтеріліп отырған жер мәселесі де xалық үшін өте маңызды. Қазіргі мемлекеттің басқару жүйесін өзгертпейінше жерге тиісуге болмайды.
Біз қазақ xалқымыз, біздің өз салт дәстүріміз, өмір сүру салтымыз, менталитіміз бар, батыстан көшірілген заң бізге қайшы келеді, оларды түсінуге депутаттардың милары жетпейді. Халқымыз қай уақытта да жерді қадірлеген қасиет тұтқан, жер дауы, жесір дауы деген барлық уақытта болған. Әр ру өз жерлерінің шегарасына өз ата бабаларының зираттарын орналастырып көзінің қарашығындай қорғаған. Голощекиннің кезінде ру тайпаның жерін бөліп бергенмен ешбір адам оны иемденіп алмаған, себебі ол жер жалпы ортақ қоғамның, бабаларының жері деген санада қалған. Жер бұл еліміз, бұл мемлекетіміз, бұған қастандық жасағандар xалық жауы, кешірілмейтін күнәһар болып есептеледі.
Хайрулла Ғабжалилов
Facebook-тегі парақшасынан