Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4159 0 пікір 2 Қаңтар, 2011 сағат 11:03

Өміржан Әбдіхалық. Сайтанкөбелек

«Алланың өзі де -  рас, сөзі де - рас»

«Аллаға ауыз жол емес»

Абай

Соңғы жылдардың бедерінде Қазақстанда ислам дінінің түрлі ағымдары пайда болды. Бірі күшейді, бірі билікті жағалап жүр, енді бірі ұлтшыл кейіпте көрінсе, келесі бір пайғамбар заманына қайтып оралуға үндеп жүр. Бәрінің айналдырып жүргені Алаш жұрты. Алашта не аласы бар? Оны ағымдардың ұйытқылары ашып айтпайды. Әу, баста жылғадан аққан судай жуас көрінген ағымдардың кейінгі кезде ағыны қарқын алып барады. Әсіресе, қазақ баспасөзінің бетінде «тура жолды» нұсқаушылардың саны тым көбейді. Діни ағымдар өкілдерінің іс-әрекетін қайдам, сөзіне назар салсақ, ауыздарынан Абай түспейді. Екі сөзінің бірінде Абайдың өлеңдерінен, қара сөздерінен үзінді келтіреді. «Ұлы Абайдың өзі осылай деді емес пе!», деп сөзінің ақиқатына иландырғысы келеді. Ағымшылдар Абайға неге құмар? Неге Абайшыл?

Абай Алашты не нәрсеге үндеді? Ағымдар не нәрсеге үндеп жатыр?

Ислам діни ағымдарының сипатын біз замандастарымыздың бойынан жиі байқаймыз. Бастырылмаған сақал-мұрт, киім орнына ақ кебін, түрілген балақ, өзге ислам ағымдарының ісін, жолын жоққа шығару, қай жерде жүрсе де өз ағымына уағыз айту, пәренже киіп бүркену, ұлттық мәселелердің шешімін таппауын дінсіздіктен іздеу, тіпті кейбірі ұлт дегеннің қажеті шамалы дегенді де уағызына қосып жібереді.

«Алланың өзі де -  рас, сөзі де - рас»

«Аллаға ауыз жол емес»

Абай

Соңғы жылдардың бедерінде Қазақстанда ислам дінінің түрлі ағымдары пайда болды. Бірі күшейді, бірі билікті жағалап жүр, енді бірі ұлтшыл кейіпте көрінсе, келесі бір пайғамбар заманына қайтып оралуға үндеп жүр. Бәрінің айналдырып жүргені Алаш жұрты. Алашта не аласы бар? Оны ағымдардың ұйытқылары ашып айтпайды. Әу, баста жылғадан аққан судай жуас көрінген ағымдардың кейінгі кезде ағыны қарқын алып барады. Әсіресе, қазақ баспасөзінің бетінде «тура жолды» нұсқаушылардың саны тым көбейді. Діни ағымдар өкілдерінің іс-әрекетін қайдам, сөзіне назар салсақ, ауыздарынан Абай түспейді. Екі сөзінің бірінде Абайдың өлеңдерінен, қара сөздерінен үзінді келтіреді. «Ұлы Абайдың өзі осылай деді емес пе!», деп сөзінің ақиқатына иландырғысы келеді. Ағымшылдар Абайға неге құмар? Неге Абайшыл?

Абай Алашты не нәрсеге үндеді? Ағымдар не нәрсеге үндеп жатыр?

Ислам діни ағымдарының сипатын біз замандастарымыздың бойынан жиі байқаймыз. Бастырылмаған сақал-мұрт, киім орнына ақ кебін, түрілген балақ, өзге ислам ағымдарының ісін, жолын жоққа шығару, қай жерде жүрсе де өз ағымына уағыз айту, пәренже киіп бүркену, ұлттық мәселелердің шешімін таппауын дінсіздіктен іздеу, тіпті кейбірі ұлт дегеннің қажеті шамалы дегенді де уағызына қосып жібереді.

Бұған дәлелде бар. ҚазТАГ ақпарат агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Көкшетаудағы мешіт имамы өз қызын мектепке бермей қойған. Мұның себебін, мешіт имамы жергілікті телеарналарға берген сұхбатына мектепте ұлдар мен қыздар бірге оқиды деп түсіндіріпті. Ал, Көкшетаудағы басқа бір мешіттің имамы Науан Хазрет Қанат Қыдырмин бұл жалқы оқиға және заңда орта білім алу жазылса, ол орындалуы тиіс деп ара түсіпті. Республикадағы мешіттер Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарайды. Ал, басқарманың қарамағындағы мешіт имамының іс-әрекеті анау, адам шошиды. Сонда Қазақстан діни басқармасы не қарап отыр деген заңды сауал туындайды және басы ашық күйінде қалады. Дәл осындай әңгімені бір әріптесімінің аузынан естідім. Оның әлдебір ислам ағымына еніп, күйектей сақал қойып, әр сөзіне Абай шығармаларынан үзінді келтіріп дағдыланып алған кластасы өзінің балаларын мектепке емес, медресеге беретінін өйткені, мектепте оқыса кәпір болып кетеді деп қауіптенетінін айтқан. Бұл ислами діни ағымдардың жұмысының «жемісі». Ағымдардың айтқанына сенген талай жан бассауғалап шетел асып, Отанынан жырақта жүр. Оның басына не күн туды? Әлгі Отан, ұлт дегенді мойындамайтын, оны Құдай жаратпаған деп уағыздап жүрген ағымдардың әрекетінің көрінісі емей не?!

Енді бір ислами ағым әуелгі жолдарынан айнып, ұлт қорғаны кейпіне еніп үлгерді. Дәстүрлі қазақы ислам жолы біздікі дейді сөздеріне құлақ ассаңыз. Осы айтып отырған ислами ағымдардың бәріне ортақ және бәрінің «махаббатпен» сөзін әрдайым айтатын бір адамы бар. Ол - Абай. Бізде Абайды өреміз жеткен жерге дейін қарадық. Сонда ағымшылдардың аузындағы Абайды таппадық. Абайдың бар шығармасы - Абайдың өзі үндеген толық адам болудың тереңіне жол көрсетеді. Абай әр сөзінде білім мен ғылымға құмартуды, соған асық болуды айтады. Оныншы қара сөзінде Абай: «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» дейді. Ал, біздегі ағымдарға салсаңыз, діннен басқаның бәрі бекер болып шығады. Ағымға ерген Алаш баласының ғылымға, білімге, жақсыдан, жаманды айырмаққа, дінге бой алдырмас бұрын оның тегіне үңілуді мақсат етіп жүргендерін көру арман болып тұр. Олар бар болғаны әлдебіреудің айтқан уағызын Құдай сөзі көріп, құлай сенеді. Сол жат десе, жатады, тұр десе тұрады. Кәдімгі «аңқау елге, арамза молда». Анығында, тағы Абайдың:

«Көп айтса, көнді,

Жұрт айтса, болды,

әдеті надан адамның» деген сөзінен артық айта алмаспыз. Яғни кейбір замандастарымыздың діни ағымдардың мұрнын тескен тайлағына айнлауының негізгі бір себебі, сауатсыздықта жатыр. Әрине, бүгінгі заманда қалам алып, хат жазып, қара танығанды сауатты деп айтуға болмайды. Ал, мұндай сауатсыз ағым мүшелері өз кезегінде бірдің басынан, бірдің аяғынан жаттаған уағызы арқылы жұртты исламның қара түнегіне сүйрейтіні бесенеден белгілі. Ал, Абайдың талмай үндегені біліммен ғылым яғни өркениет пен мәдениет. Біздің ел құран оқығанның бәрін молда деп таниды. Ал, бүгінгі көп ағымдардағы «молдалардың» іс-әрекеті ел үстінен күн көруге негізделген. Сөзі - Құдайшыл, көздегені - дүние. Өткенде Шымкенттегі бір мешіттің молдасы садақаға жиналған ақшаны үптеп кеткенін ақпараттардан оқыдық, көрдік. Міне, дәлел. Ал, Абай отыз бесінші қара сөзінде бұдан да қатты айтады: «Махшарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола, бір ғана құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр дейді.
Дүние үшін болғандарға айтар дейді: «Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзеке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған, сонымен қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау беріңдер! Мал бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді, бетіңе ахиретті ұстап, дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдар?» деп. Ана шын ниетіменен орнын тауып, бір құдайдың разылығы үшін өнер қылғандарға айтар дейді: «Сендер бір ғана менің разылығымды іздеп малдарыңды, өмірлеріңді сарып қылып едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һәм ол разылықтарыңнан басқа осы махшар ішінде, сендердің осы қылғаныңа өзі қылмаса да, іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шафағат қылыңдар!» - деп айтар дейді».

Cонда 19 ғасырдан оза шапқанымыз қане?! Екі заманды салыстыра қарағанда, 19 ғасырда ишан, молдалардың алдауына жіпсіз байланған, солардың сөзін Құдай сөзі, үкімет заңы көрген қазақты көреміз. Ал, 21 ншы ғасырда тағы да ағымдардың айтқанын заң көріп, «Құдайға апарар тура жол» осының жолы екен деп бас, көз жоқ, ойлам жоқ, аралдан келген адамдай ес жоқ ағымның артынан еріп, шұбаған қазақты көреміз. Екеуіне де ортақ - сауатсыздық.

Дәл қазақ арасын жайлаған діни қараңғылықпен Абай, одан кейін Алаш зиялылары күресті. Қазіргі өз қолы өз аузына жеткен тәуелсіз қазақ билігі күресіп жатқанға ұқсайды.

Биліктің діни ағымдармен күресі демекші, ағымдардың алдауына түскен ағайындарымыздың адасуына белгілі бір дәреже де мемлекеттік идеология да жауапты. Себебі, Қазақстан тәуелсіздік алған табаны күректей он тоғыз жыл ішінде мемлекеттік идеология азаматтардың жүрегіне сенім ұялата алмады. Әрбір азаматты оның мемлекет үшін орны ерекше екеніне көзін жеткізіп, сендіре алмады. Осы жерден келіп, қараусыз қалғандай күй кешкен жұрттың сеніміне селкеу түсті. Табиғи түрде азаматтар өз сенімін бір нәрсеге байлауға бекиді. Дәл осы тұста ағымдар пайда бола кетті. «Іздегенге сұраған».

Енді қайтпек керек? Біздің ше, билік азаматтардың мемлекетке деген сенімін оятуға күш салуы қажет. Және ағымшыл адамдар қазақ тарихын, музыкасын, оның тұрмыс-салттық дәстүрлерін, мақал-мәтелдерін (әсіресе, дін туралы) ғасырлар бойы және күні бүгінге дейін ұстанып келе жатқан өзіндік Ислам танымын, діни ұстанымына көп назар, зер салғандары жөн. Тіпті, қазақтың сақал-мұрт қоюдағы, ер-әйелдердің киінудегі ұлттық сән үлгілеріне де баса назар салғанын қалар едік.

Белуардан сақал қойып, балағыңызды дізеңізге дейін түріп, ақ кебінге он оранып жүрсеңізде, бұл Сіздің Аллаға деген ақ ниетіңіздің дәлелі болмайтыны анық.

Абай қазақ жүрегіндегі рухани шырақ. Ағымдардың абайшыл болуының сыры қазақ жүрегіне Абайды жамылып еніп алу. Кейінгі кезде қазақ жүрегіндегі рухани шырақтың айналасында сайтанкөбелектер көбейді. Менің есіме талантты ақынның өлең жолдары түседі:

«Сайтан көбелек,

Саған не керек?»...

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5334