Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Қайнайды қаның... 7813 16 пікір 30 Наурыз, 2017 сағат 17:13

Айжан: Балаларым қытайша, орысша, ағылшынша біледі

Елімізде 400 мың этникалық қытай азаматы тұрып жатқанын өткенде жария еткен болатынбыз (http://abai.kz/post/49264) . Олардың қатары қазір қатын баласымен өсіп, өніп жатқаны да рас болса керек. Алайда, ұлты ханзу әрі Қытай Халық Республикасының (ҚХР) азаматынан туған балалардың саны туралы статистика жоққа тән. Оның үстіне, Қазақстандағы қытайлар қазақ әйелінен туған ұлы мен қызына қазақ есімін беріп, олардың қазақ азаматы атануына  қарсы емес. Мысалы, қытай  жігітімен дәм-тұзы жарасқан Айжан Райымбекова балаларына Арсылан және Темірлан деп ат қойыпты. Қытайлық отбасыға келін болып түскен Айжан қазақ ортасының ханзулықтарға тұрмысқа шыққан қазақ қызының қадамын құптамайтындығын бек жақсы білетін көрінеді. Әйтсе де, оның ата-анасы қытай күйеуді құшақ жая қарсы алып, жақсы көріп кеткенге ұқсайды.

«Менің ата-анам күйеу баласын құшақ жая қарсы алды. Оларға менің күйеуім біздің менталитетке ашықтығымен, адалдығымен және адамгершілігімен ұнап қалды», - дейді Айжан Райымбекова. Айжанның осылай деп ағынан ақтарылғанын Nur.kz сайты «Сіз білмейтін қызықтар» айдарымен айқайлатып беріп отыр. Айжанның балалары Қазақстан азаматы. «Балаларым қытайша, орысша, ағылшынша біледі. Ауызекі қазақшаны түсінеді», - дейді қытай келіні.

Қытай келіні үшін Аспан астындағы ел екінші үйіне айналған.

«Қазақстан мен Қытайдың қайсысында тұрған дұрыс деп сұрасаңыз, мен біржақты жауап бере алмас едім. Қытайда бес жылға жуық өмір сүрген адам ретінде айтарым, ол менің екінші үйіме айналды. Қытайдың мәдениеті, тарихы, инфрақұрылымның дамығандығы маған қатты ұнады. Қазақстан менің отаным болып мәңгі қалатыны сөзсіз. Қайда жүрсем де Іле Алатауының саф ауасын аңсап жүремін. Туғандарымның тойына барып, Алакөлде шомылуды жақсы көремін», - дейді Айжан қыз (кешіріңіз, бұрынғы қыз).

Қазақстандағы көпұлттылық идеясының құшағында өскен Айжан Райымбекова күйеуінің де көпұлтты ортада өскенін мақтаныш ете келе қытай отбасына келін болудың қиын еместігін айтып қиылады.

«Қытайға келін болу мен үшін қиын емес. Мен өзімді отбасының кенжесі сезінемін. Өз кезегінде, мен күйеуімнің ата-анасын құрметтеймін. Оларға ұлына берген тәрбиесі үшін алғыс айтамын", - дейді ол.

P.S.

Ханзу қарттарына қамқорлық ҚХР-да осылай жасалады.

Ілияс Ақбай

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052