Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3769 0 пікір 5 Қаңтар, 2011 сағат 08:09

Балжан Хабдина. «Рух-Сарай» - Алаш қозғалысы тарихынан сыр шертеді

Жақында «ҚазАқпарат» баспасынан жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Рух-Сарай» танымды туындылар топтамасының кезекті 4-ші томы шықты. Оған «Жекпе-жек» және «Мәңгі бастау» атты екі деректі шығарма еніпті. Ғылыми-көркем жанрда жазылған осынау қос хикаяда  монархияның құлауы қарсаңындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының кей қыры, атап айтқанда, ұлт зиялыларының сол тұстағы ел қорғаны болуға тырысқан  әрекеттері, сондай-ақ империя билігінің жоғарғы эшалонындағы тартыстар және Ақпан революциясынан бастап тұңғыш Қазақ автономиясы жарияланғанға дейінгі уақыттарда орын алған маңызды оқиғалар баяндалады.

Қазақтың азаттық жолындағы қозғалысының тарихын, әсіресе Алаш күрескерлерінің өмір жолын бүгінде жұртшылықтың біршама білетініне күмән жоқ. Дегенмен бұл кітап едәуір тың жаңалығымен ерекшеленеді. Ол ұлттық қозғалыс жаңаша өрістеген  16-17-ші жылдардағы   қиын-қыстау заманның нақты келбетін оқырманның көз алдына әкеліп, саяси тыныс-тіршіліктің бел ортасында жүрген тарихи қайраткерлермен жүздестіреді.  Кітап тарихи қайраткерлердің елдік мұратты көздеген істерін және олар тұжырымдаған қоғамдық-саяси ойды жаңғыртуымен, тиісінше, оқырманға отан тарихының белгілі де белгісіз беттерінен танымды мағлұматтар беруімен бағалы  деп ойлаймыз.

Кітапқа енген туындылардың алғашқысында - «Жекпе-жекте» -  империя билігінің өкілі мен отар ел азаматы 1916 жылғы халық наразылығының себеп-салдарлары  жайында сұхбаттасады. Мұнда ІV Мемлекеттік дума төрағасы Родзянко алдына келген қазақ заңгері, ІІ Мемлекеттік дума мүшесі Қаратаевтың үкіметке қатысты сыни сөздерінен оның көзқарасында өз ойымен үндестік барын таңырқай аңдап,   биліктің іріп-шіру табиғатын қынжыла пайымдайды. Сөйтіп, шет аймақтағы қазақтар ереуілінің патша тағын шайқай түскенін империя шонжары айқын түйсінеді...

Қазақ халқының 16-шы жылғы ұлт-азаттық көтерілісі империядағы Ақпан революциясына ұласқаны мәлім. «Мәңгі бастауда» самодержавиені тарих қоқысына ысырған сол ұлы төңкерісте жоғары биліктегі шенеуніктер бастан кешкен ахуал әңгімеленген. Онан Родзянконың империялық билік құрылымына түбегейлі өзгеріс жасауды күйттеген солшыл депутат Керенский секілді өзге де белгілі саясаткерлермен бірге, ІІ Николайды тақтан түсіру әрекеттерінің алғы сапында тұрғанын көреміз.

Жалпы, орыс демократиясының билікке жетер жолдағы іс-қимылдары мен Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқаев сынды қазақ қайраткерлерінің оларға барынша сеніп, бірге әрекет еткен кезеңдері, ұлттық қозғалыстың самодержавие құлағаннан кейінгі жаңаша өрістеуі, соның нәтижесінде Түркістан және Алаш автономиялары секілді ұлттық мемлекеттік құрылымдардың өмірге келуі «Мәңгі бастауда»  тартымды да қызықты суреттеледі. Саяси оқиғалармен   буырқанған Петроград, Омбы, Орынбор, Орал, Ташкент, Қоқандағы революцияшыл қайраткерлер, батыстағы майдан шебінде соғыстың қара жұмысын істеп жатқан жұмысшылар мен оларға қызмет көрсетуге келген ұлттық интеллигенция өкілдері жайында танымды ойлар айтылады.

Топтаманың бірінші кітабындағы (2004) «Аңсау» романы отар елдегі ұлттық қозғалыстың алғашқы қадамдарын, екінші томындағы (2007) «Тамыр» - бірінші орыс революциясының дүмпуімен Ресей империясында туған мұсылман қозғалысы және оған қазақтардың қатысуын, «Айбат» - алғашқы халықтық революцияны қуана  қабылдаған ұлт қайраткерлерінің қазақ даласында қоғамның болашақ үлгісін құрудағы іс-әрекеттерін, үшіншісіндегі (2008) «Ақ бата» - тұңғыш Мемлекеттік Думаға жұрт қатарлы қазақтың да үлкен үміт артуын, «Мұнара» - жер-жерден келген халық өкілдерінің жасампаз өзгерістерді парламенттік жолмен жүзеге асыруға ұмтылуын бейнелейтін. Яғни «Рух-Сарайдың»  аталған этюдтері Алаш қозғалысының дүниеге келу және өрістеу бағыттарын көрсететін. Ал төртінші томға (2010) енген «Жекпе-жек» ұлттық қозғалыстың 1916 жылғы 25 маусым жарлығына орай ширыққан бір сәтін, «Мәңгі бастау» оның 17-ші жылдың ұзына бойында  күрделі даму соқпақтарынан өтіп, қилы айтыс-тартыс, күрестен соң тұңғыш ұлттық автономия құрумен түйінделгенін суреттейді.

«Рух-Сарай» топтамасының аталған шығармаларында  Исмайыл Гаспралы, Рашид Ибрагимов, Серәлі Лапин, Сәлімгерей Жантөрин, Ғұбайдолла Жәңгірханов, Тимофей Седельников, Жақып Ақбаев, Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Көлбай Төгісов, Ғаяз Исхаков, Зәки Валидов, Мұстафа Шоқаев, Жанша Досмұхамедов, басқа да көптеген тарихи тұлғалардың  уақыт талабынан туындаған көзқарастары, саяси аренадағы іс-әрекеттері мен пікір қақтығыстары, озық қоғамдық-саяси ой үлгілері және қоғам келбетін өзгертіп жіберген іргелі оқиғалар алға тартылады. Ойлы оқырманды, тәуелсіз ел интеллигентін аталған топтама этюдтері, әсіресе, баспадан биыл шыққан  кітаптағы «Жекпе-жек» пен «Мәңгі бастау» тарихымызды бүгінгі күнмен сабақтастырып қарауға жетелеп, қазіргі  және келешектегі даму  жайында толғантары сөзсіз. Алаш-Орда хақында терең білуге септесетін бұл шығармаларды  автор  алғысөзінде жаңа  серияның  этюдтері ретінде атағанмен, олар топтаманың алғашқы сериясындағы Алаш қозғалысының бастапқы кезеңдерін тілге тиек еткен әңгімелерінің заңды қорытындысы іспетті әсер етеді.

Алаш автономиясын жазушы «Мәңгі бастаудың» эпилогінде «ұзақ та күрделі, қиын-қыстаулы даму жолы басталған бұлақ», біздің бүгінгі замандастарымыз үлгі алатын «отаншылдықтың әліппесі, отансүйгіштіктің қайнар көзі» деп бағалайды. Топтама бедерлеп келе жатқан Алаш қозғалысы эпопеясымен танысқан сайын оның, шынында, автор айтқандай, ел мүддесін көздеген кейінгі дәуірдегі  күллі өзгерістің тамызығы екеніне көзің жете түседі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021