Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2665 0 пікір 21 Ақпан, 2011 сағат 23:23

Александр Бек. «Общественная позиция» газетінің шеф-редакторы Алмат Азадиге ашық хат

«Общественная  позиция» басылымында жарияланған осы хат (16.02.11) қоғамымыздағы қазақ тілі төңірегіндегі  пікірлердің ішіндегі бет-жүзіңе қарамай тырнап айтқан дәлелдерінің мықтылығымен көзге түскенін ескере отырып аударып беріп отырмыз.

Александр Бек. «Общественная  позиция» газетінің шеф-редакторы Алмат  Азадиге   ашық  хат

Құрметті Алмат! Сіздің басылым қазақ тілі мәселесін жиі жазып жүр. Қазақ тілінің қолданыс аясының мүшкіл халін жиі айтып, жиі жазады. Оған мыңдаған себептер айтылады: тіл институты жоқ, әдебиет жоқ, шет тілдермен байланыс жоқ, т.с.с. Менімше ең басты себеп мынада   -   қазақта Рух жоқ.

Екінші себеп  -  біз, орыстілді қазақтар өздерімізді мәдениеттің шыңына шыққандармыз деп санаймыз. Тұрмыстық жағы тәуір пәтерлерде тұрамыз, шетелдік көлік мінеміз, лауазымды, ақшалы қызметтерде істейміз, театрға барамыз, кітаптар оқимыз. Біз оқымаған кітап, біз білмейтін жазушы жоқ  -  Пушкиннен бастаған шетелдік ақын-жазушылар. Орыстың мәдениетін орыстан кем білмейміз, әлемдік өнер, әдебиетте де жан-жақтымыз. Сөйте тұра, егер бізден Біржан сал немесе Сегіз сері кім деп сұраса аңқайып қаламыз. Өз халқының тілін білмеушілік  -   нағыз мәдениетсіздік екені орыстілді қазақтардың миына кіріп те шықпайды.

«Общественная  позиция» басылымында жарияланған осы хат (16.02.11) қоғамымыздағы қазақ тілі төңірегіндегі  пікірлердің ішіндегі бет-жүзіңе қарамай тырнап айтқан дәлелдерінің мықтылығымен көзге түскенін ескере отырып аударып беріп отырмыз.

Александр Бек. «Общественная  позиция» газетінің шеф-редакторы Алмат  Азадиге   ашық  хат

Құрметті Алмат! Сіздің басылым қазақ тілі мәселесін жиі жазып жүр. Қазақ тілінің қолданыс аясының мүшкіл халін жиі айтып, жиі жазады. Оған мыңдаған себептер айтылады: тіл институты жоқ, әдебиет жоқ, шет тілдермен байланыс жоқ, т.с.с. Менімше ең басты себеп мынада   -   қазақта Рух жоқ.

Екінші себеп  -  біз, орыстілді қазақтар өздерімізді мәдениеттің шыңына шыққандармыз деп санаймыз. Тұрмыстық жағы тәуір пәтерлерде тұрамыз, шетелдік көлік мінеміз, лауазымды, ақшалы қызметтерде істейміз, театрға барамыз, кітаптар оқимыз. Біз оқымаған кітап, біз білмейтін жазушы жоқ  -  Пушкиннен бастаған шетелдік ақын-жазушылар. Орыстың мәдениетін орыстан кем білмейміз, әлемдік өнер, әдебиетте де жан-жақтымыз. Сөйте тұра, егер бізден Біржан сал немесе Сегіз сері кім деп сұраса аңқайып қаламыз. Өз халқының тілін білмеушілік  -   нағыз мәдениетсіздік екені орыстілді қазақтардың миына кіріп те шықпайды.

Біз ойлаймыз, Кембридж университетін бітірген адаммын, Страбонның еңбектерімен таныспын, сонда менен асқан мәдениетті кім болуы мүмкін. Неге олай болса, сен сияқты адамның тілі бишара, тәуелсіздік алғаныңа 20 жыл болды, тілің неге жетім баланың күйін кешіп жүр?

1989  жылы мемлекеттік тіл туралы заң шыққан кезде енді он жылда, әрі кетсе жиырма жылда қазақ тілі нағыз мемлекеттік тіл болады деп сенген едім. Оған менің орыс достарым миығынан күліп: «Сендер «чуркалар» адам боламын дегенше 100 жыл өтеді» деген болатын. Айтса айтқандай болды. Біз тілімізбен бірге мәдениетімізді, оған қосып болашаққа аман сау ұрпақ қалдыру қасиетімізді жоғалттық.

Алмат, сен мақалаларыңның бірінде Бекболат Тілеуханға күліпсің. Ол жарнамалардағы қазақ қыздарының орыс жігіттерімен құшақтасып тұрғанына наразылығын білдірген болатын. Бұл жерде мен Бекболатты қолдаймын. Осыған байланысты бір анекдотты есіңе салайын. Бір сыған әйелімен дәл отыз үш жыл бірге өмір сүріпті. Күйеуі өмір бойы жұмыс істемейтін қыдырымпаз, әйелдермен жүргіш, арақ ішкіш екен де, тамақ табушы әйелі ғана болыпты. Мұндайға шыдамаған әйелі бір күні күйеуінің көзіне шөп салып қойыпты. Біліп қойған сыған әйелін өлімші етіп сабайды. Өлімсіреп жатып жылаған әйелі: - «Сен отыз жыл бойы іштің, қыдырдың, әйелдермен жүрдің, мен саған бір ауыз сөз айтқан емеспін. Мен бар болғаны бір рет бөтен еркекке көз салып едім, мені өлтіре жаздадың. Сонда сыған әйеліне былай деген екен: «Әй, қатын, біліп қой: Менің сенің үстіңде жатқаным, біздің бәріміздің жатқанымыз. Ал, сенің үстіңде біреу жататын болса, онда сол біреудің астында бәріміз жатқан болып саналамыз». Сен Алмат, ол жарнаманың астарына түсінбепсің. Сенің өз тамырыңнан қорек алмағандығыңды, болашаққа дені сау ұрпақ қалдыру қасиетіңді жоғалтқаныңды білдіреді. Бұрынғы дәстүр бойынша кез келген ұлт өз қыздарын басқа ұлтқа бермеуге тырысқан, бірақ өздері алып тұрған. Мұндай ұрпақ, әкесі кім болса соның ұлтына жатқызылған, себебі анасының қай ұлт болғаны маңызды саналмаған. Қазақтар бұрын дәл осы дәстүрді сақтап келді. Шалақазақтар деп, өз тілін білмейтін, әкесі қазақ еместерді айтқан.

Ал, бізде яғни орыстілді қазақтарда тіпті басқаша. Орыстан әйел алсаң, балаларың жүз пайыз орыс болады, немістен алсаң нағашылар жағы басады, өзбектен алсаң балаларың өзбек болады. Оның себебі мынада: балаларың сенен қазаққа тән қасиеттерді ала алмайды. Бұлай болмаған күннің өзінде, балаларыңның өз ұлтына яғни қазаққа деген салқындығын, немқұрайдылығына тап боласың. Олар әкесі қазақ болғандығын ар көреді, өз балаңның көзінде «чурка» болып көрінесің. Мейлі, мың жерден оқыған бол, французша судай сапырып сөйле, Страбонды оқысаң да.

Алмат, сен маған ренжіме. Бұл сөзім бір ғана өзіңе арналмаған. Сен сияқтылар миллиондаған орыстілді қазақтардың ішінде толып жүр. Жақында теледидардан қарашай мәдени орталығы жайлы бір хабарды көрдім. Бір қарашай қызы ұлтының әдет-ғұрпын, киімін, ұлттық ас мәзірлерін үлкен мақтанышпен көрсетті. Бір таңқалатын жері, хабар соңынан ғана айтылды, жаңағы қыздың әкесі  ... қазақ екен. Сонда қыздың өз әкесінен ешқандай қазаққа тән ештеңені іліп ала алмағанын көрсетеді. Қайдан алсын, өзі ақылды, Страбонды оқыған, «мәдениетті» болса. Бұл жерде тағы бір проблеманың беті ашылады. Жарайды, әкесі қазақ тілін білмейтін қазақ екен, бірақ оның айналасындағы 10 млн қазақты, қазақ мемлекетін қайда қоямыз? Сонда, бар болғаны қазақ жеріндегі 2 мың қарашайдың мәдениетінің 10 миллион қазақтан артық болғаны ғой!

Осыдан барып «қазақ мемлекеті дегеніміз бар ма?» деген сұрақ туындайды. Мақұл, қазақ бала бақшалары, мектептері ашылып жатқанын мойындаймыз. Бірақ, сол бала бақшаларда не болып жатқанын білесіздер ме? Олардың бастықтарын айтпай-ақ қояйын, тәрбиешілерінің қазақша білмейтіндері қаншама. Сондықтан да, қазақ бала бақшалары мен мектептеріне қызметке тек қана мемлекеттік тілді еркін білетін кісілерді ғана алу керек.

Бізде қазақ тілі дегенде жұрттың бәрі демократ болып кетеді. «Өз еркім, мені зорлай алмайсың» дейді. Премьер-министріміздің өзі әрең-әрең қазақша бір-екі  сөзбен аузын жыбырлатады, ішінен қазақты жек көріп тұрғандай.

«Үштілдік бірлік» деген сандырақ президенттің аузынан шыққан кезде, біз орыстілді қазақтар оған бейжай болдық, үндемедік. Үш тіл түгіл, қостілділік дегеніміздің өзі қазақ тілін жұтып қою саясаты екенін түсініп отырып үндемедік. Мен орыстілді болсам да өзімді нағыз қазақпын деп санаймын, сол кезде орыстілді қазақ интеллигенттерінің бірі осы үштағанды тіл дегенге қарсы шығар деп бір жыл күттім, ешкім айтпады.

Қазір президент бізді жәйменен Ресейдің құрамына біртіндеп кіргізіп келеді. Біз орыстілді қазақтар Нұрекеңнің бұл қадамының қате екенінін айтуға өреміз (кейбіріміздің ойымызға кіріп те шықпайды) жетпей отыр. Неғұрлым заң аясында ресейлік болсақ, соғұрлым іс жүзінде қытайлық боламыз. Тіл мен жер мәселесінде оған қарсы болған тек қазақтілділер болды. Назарбаев оларға қарсы әскер салуға қорықты, ал Путин сияқтылар қорықпайды, әскерді төге салады. Сол кезде, орыстілді қазақтар орыстың спецназы қазақ «калбиттерді» қырып жатқанда біз орыстілділер қуанып қарап тұрамыз ба? Жоқ, орыстың спецназы үшін  -  сен орыстілдісің бе, қазақтілдісің бе, бәрібір. Қырып салады, себебі  ол үшін бәріміз бірдейміз, «чуркамыз». Ал, Қытай өйтпейді, ол үндемей келіп тып-тыныш, ашық жатқан тесік, қуыстарға ін салып кіре береді.

Мен Ресейде туып өстім. Қазір ойланамын, неге менен тұлға шықпады деп. Былай қарасам, ешкімнен кем болған жоқпын, жақсы оқыдым, ешкімге есе жіберген емеспін. 5-і сынып оқып жүргенде қатарлас орыс балалар өздерінің ұлы ата-бабаларын айтып мақтанғанда менің мақтанатын ешкімім болмады. Себебі мен өз батырларымызды, мақтан тұтатын ұлы бабаларымыздан еш хабарым жоқ еді. Ал орыстың Дмитрий Донскойы мен Александр Невскийлері маған үлгі болмады. Осы жерде анамның біздің өз тілімізді ұмытып бара жатқанымызды байқап маған Ыбрай Алтынсариннің өлеңдерін (кейбірі әлі есімде), Қобыланды, Алпамыс батыр жырларын оқып айтқанын ерекше сүйіспеншілікпен есіме аламын. Анам да ресейлік болғанымен ата-бабадан қалған қасиеттерді жалғастырудың бірден-бір жолы  -  тіл екендігін, тілдің ұрпақты байланыстырудағы мықты қуаты бар екендігін жартылай сауатты болса да білгенін енді түсінемін. Бүгінгі замандағы тұрмыс пен байлыққа кенелген қазақтар ондаған мың долларды шашып балаларын ағылшынша оқуға түсіріп жатыр, қазақ тіліне бір тиын да салмайды. Жарайды, баласы Кембриджді бітірер, миллионер болар, бірақ оның қуыс кеуде, екінші сортты жартыкеш адам боларын ойлады ма екен. Қазір жасым елуден асты, осыншама жасқа келгенше «мен - қазақпын!» деп кеудесін ұрған  бірде-бір орыстілді қазақты көрген емеспін.

1973 жылы кеңес армиясы қатарына шақырылдым. Бір апта жүріп Читаға жеттік. Күн суық, кеш мезгілі, қараңғылық, суық жаңбыр себелеп тұр. Ойымда «қайда келдім» деген жабырқау көңіл мен сұрақ. Бір кезде ашық терезеден «Дос-Мұқасанның» орындауында «Той жыры» естілгенде көңілім жадырап кеткені бар емес пе. «Үйде шығармын» деп жан-жағыма қараймын, айналам толған кілең орыс балалар, мен Ресейден әскерге шақырылдым. Міне, сол кезде алғаш рет тіл деген құдіреттің күшін алғаш рет сездім.

Армиядан кейін екі жыл құрылыста жұмыс істедім, сосын институтты бітірдім. Алғашқы жылдары өз тілімді білмейтіндігім еш сезілген емес. 1980 жылы жылу орталығында істеп жүргенімде орыстар кейде ана-мына сөздің қазақшасы қалай дегенде жауап бере алмасам: «Не деген халықсыңдар, өз тілдеріңді білмейсіңдер» дейді. Менің: «орысша бала бақшада болдық, орыс мектепте оқыдық» деп ақталғанымызға, «әне өзіңдей Ромка, Фрида, Яшка Семейде туып өскен, бірақ немісше біледі» дейтін. Сол кезде алғаш рет, «апырай, бізді орыстар «чурка» бекер айтпайды» екен деп ойлай бастадым. Сөздік алып үйренуге кірістім. Әуелгі кезде балалар ертегісін де оқи алмадым. Екі жылдан соң көркем әдебиетті оқитын болдым. Осыдан кейін мені орыс достарым да сыйлайтын болды.

Алмат, сен егер тәуелсіздік алған 20 жылда қазақ тілін үйрене алмасаң, онда сенің гарвардтық дипломыңның құны бес тиын, мейлі парсы тілін жетік білсең де. Сенің атың да, затың да қазақбай, себебі өз тіліңе қазақбайша қарайсың. Басыңа қиын жағдай туған кезде Олжас Сүлейменов сияқты сынып қаларың анық.

Біздің үкімет те, президент те қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге ештеңе жасамай отырған жағдайда мен қазақ тілінің ортасын өзім жасап жүрмін. Қазақпен тек қазақша сөйлесемін, мейлі қасымда қанша орыс отырсын. Көп қазақтар мұндай жағдайда орысшаға ауысып кетуге тырысады. Біздің әлсіздігіміз де осыдан көрініп тұр: біз жақсы нәрселердің бәрі басқаларда, солардан ғана аламыз, өзімізде олар жоқ деп ойлаймыз. Әуелі өз тамырыңнан сусындап, барлық құнарды сіңіріп  болған соң барып өзгенікіне тоюға тырыс. Біз болсақ, бала бақшадан бастап балаға үш тілді тықпыштаймыз. Бұл тіпті дұрыс емес. Бала өзінің ана тілі арқылы әуелі  тілдің бойындағы барлық құндылықтарды сөйлеу, есту арқылы (ән мен жырды да) бойына бәрін сіңдіріп алуына жағдай жасау қажет. Мысалы, қазақ тілін білмейтін білгіштердің Жамбылды сынап, оның аударма өлеңдері түпнұсқадан артық  дегені не сандырақ? Әуелі ана тіліңді бойыңа әбден сіңдіріп болған соң ғана басқа тілге кіріс.

Менің келесі бір ұсынысым мынау. Үкімет «Көптілділіктен - бір тілділікке» деген бағдарламаны қабылдауы тиіс. Басқа тілге тыйым сал деген сөз емес бұл. Қажет пе, үйрен. Мемлекет ондай адамға барлық жағдайды жасайды және жасауға міндетті. Бірақ ешқандай қостағанды, үштағанды тіл деген болмауы керек. Осыдан соң біртіндеп орыс, өзбек т.б. тілді мектептерді қысқарта беру керек. Болашақта барлық тіл қазақ тілінде болуы керек. Егер біреуге қажет болса жеке меншік мектеп ашсын, бірақ оқу бағдарламасы мемлекеттің бақылауында болады. Өйтпеген жағдайда мемлекетімізден айрыламыз.

Қазақбай емес, қазақ болатын кез жетті. Өзім әуелі тілімді үйрендім, сосын домбыраға құлағымды үйреттім. Енді Құдай қаласа келесі мақаламды қазақ тілінде жазармын.

Алмат, сен маған ренжімессің деп ойлаймын. Сен бүгінгі таңдағы қалыптасып қалған орыстілді көп қазақтың бірісің. Жасыратыны жоқ, туыстарымның арасында егер Қазақстанды Ресейге қосып жіберсе қуанатындары аз емес. Кезінде соларды Ресейден қуып жіберсе де. Себебі олардың тамыры сол жақта қалған, олар орыстың тілін ғана алған жоқ, мәдениетін де сіңіргендер. Олар үшін қазақтар - бөтен, жат ұлт. Бір сөзбен айтқанда, өз халқының тілін білмеу  -  үлкен трагедия.

Александр  БЕК,  Астана.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394