Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3452 0 пікір 29 Сәуір, 2011 сағат 04:43

Мұғалім Сәрсекеев. Дұрыстық

«Қазақтың» елу, елу бірінші нөмірлерінде Қырбаласының «Билік жайынан түсінікті, жатымды қылып жазған сөзін оқыған кісі хүкімет құлағына алса да, алмаса да ақылға сыйып, көңілге қонарлық сөз екенін білерлік. Бірақ сөзінің аяқ жағында қазақ ісін аз да болса тексеруде молдалар қолына беруге де жарамайды деген сөзіне дәлел қылып, жас сықылды қатып қалған шариғат жолы күнде өзгеретұғын өмір жолына неғып жарайды деген сөзді айтып отыр. Бұл жеңіл сөз емес, пайғамбарымыздан көп кешікпей басталып, тап осы күнге шейін жүндей түтіліп, аяқ астында тапталып келе жатқан мүскін дін уа шариғат жолымен іс қылуды молдалар қолына беру, бермеуді былай қоя тұрып, ең әуел шариғат пен дін арасында айырма бар ма, жоқ па?! Соны тексеру керек! Қысқа сөзбен мысал қылып айтқанда дін әттең барып жетсем- ау деп қаланған бір орын, шариғат соған барып жетудің жолы. Көзделген орынға барып жету үшін жолға шыққан адамға қанша аспап керек? Мысалы, ат, тон, азық-түлік басқаша түрлі нәрселер керек болғаны сықылды бұл дін жолында да неше түрлі аспа, неше түрлі тармақ жолдардан жүруге керек! Діннің тармақ жолдары:

Бірінші, адам балалары өздерін жоқтан бар қылған бір құдайға құлшылық қылу һәм кәпірліктен жандарын жазалау жолын бұл жан тазалау үшін Құдай тағаланың бұйырған істерін иман, намаз, ораза, басқа осындай парыз істер. Тәңірінің қосқан мұндай істерін қылуды біздің қазақтың көбі құлшылық деп жүргізеді. Арабша «ғибадат» деп айтылады. Құдай тағаланың жан тазалау үшін қосқан я тыйған істерін «ғибадат» жолы деп айтуға болады.

Екінші, жалғыз ғана жанды тазалап отырумен дүние, ақирет бақытына жетіп болмайды. Дүниеде жақсы тіршілік қылып және ақиретке керек нәрселерді даярлау үшін Құдай тағала бізге сендердің пайдаланушыларың үшін жерде болған нәрселердің бәрін де жоқтан бар қылдым дейді. Құдайдың жеуге жаратқан нәрселерінен пайдалану турасында адам балалары арасында бір-бірінен күндесу, озысу туады, бұдан тартыс-талас туып аяғында күштінің күшсізге, көптің азға қылатын зорлық-зомбылығы келіп туады. Осындай әділетсіздікті тыйып, дұрыстықпен төре қылу үшін діннің жаза, уа хүкім жолы бар. Арабша «Ғахобат» делінеді.

Үшінші, адам балаларын Құдай тағала даладағы аң сықылды бір-бірінен үркіп,  қашып жүретұғын қылып жаратпаған. Бір-біріне ілесетұғын, араласып тіршілік ететұғын  қылып жаратқан. Бұл араласудан туатұғын алыс-беріс осы сықылды көп істер турасында туралық, дұрыстықты көрсететұғын дін жолы «Мағамлат» деп айтылады. Мұнан басқа да үлкен-кіші жолдары болса да бұл орында сөзді ұзартпадық.

Діннің мұнда сөйленген үш жолының бастапқы «ғибадат» жолы өзгермейді. Тас сықылды қатып қалған деп айтуға сияды. Себебі, намазды парыздықтан шығарып, мысхатыптыққа түсіруге, екі және төрт бас парыз намаздардың бір басын кемітуге болмайды. «Ғахобат», «Мағамлат» жолына келсек, тастай қатқан яки шіріген ағаштай қуарған емес, бәлки жылды жапырақ шығарып, жасарып тұратұғын жас ағаш сықылды деп айтуға керек. Бұл екеуі заманның орнына , тіршіліктің ағымына қарай өзгеріп тұрады. Бұған дәлелдікке пайғамбарымыз Мұхаммед ғалайссаламның «хакімдер орнына, заманына қарай өзгереді» деген мағынада сөйлеген «хадисі» жетеді. Және бүтін мұсылман ғалымдарынығ қол қойысқан... статьялар да бар. Соның үшін тас сықылды қатып қалушылықты дін, шариғат үстіне аудару хақысыздық, дін, шариғаттан хабарсыздық. Болмаса заманасына қарай шариғатты жүргізбегендері үшін тас сықылды қатып қалу жазасы замана мұсылмандары һәм ғалымдары үстіне аударылуға тиісті. Шариғат ол кемшіліктен таза.

«Айқап» журналы, 1915-нші жылғы, 1-нші саны

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303