Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5682 0 пікір 30 Сәуір, 2011 сағат 04:58

Елбасымыздың арқасында ынтымақ пен келісім сақталып келеді - архиепископ Антоний

ОРАЛ. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Таяуда ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» деген тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясы өткені белгілі. Осы шараға қатысып қайтқан Орал және Атырау архиепископы Антоний әкей өз ой-толғамын былайша білдірді.

- Елбасының баяндамасын бұл жолы да ерекше ықыласпен, тебірене тыңдадым, - деп бастады сөзін ол. - Шын мәнісінде Елбасымыздың бастауымен жиырма жыл бойы елімізде ынтымақ пен келісім сақталып келеді. Түрлі ұлт пен дін өкілдері тату-тәтті өмір сүріп отырған Қазақстандай ел, сол елді кемеңгерлікпен басқарып отырған біздің Президентіміздей мемлекет басшысы жоқ дер едім. Елбасымыз тасқын судан зардап шеккен батысқазақстандықтарға бүкілхалықтық қолдау көрсетілетінін атап айтты. Ырысқа жеткізер ынтымағымыз барда бұл қиындықты да жеңіп шығарымыз анық. Өйткені біз тойда да, қиын-қыстау шақта да әрдайым біргеміз. Оның үстіне алдағы мамыр айы Бірлік ұранымен өтетін болды. Керемет емес пе, бір ай бойы ортақ мейрамымызды атап өтетін боламыз. Тек еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Түптеп келгенде, біз Елбасымыз бастаған бір командамыз.

- Сіз өткен жылы 70 жасқа толып, көп жылғы еңбегіңіз ескеріліп, «Парасат» орденімен марапатталдыңыз. Оның үстіне Президентпен құрдассыз. Жалпы, Елбасымен неше рет кездестіңіз?

- Елбасымен бірнеше мәрте кездестім. Дегенмен 1996 жылдың жазындағы алғашқы кездесу есімде жақсы сақталыпты. Епархия ғимаратын салуға байланысты құрылыс материалдарын кеденнен өткізуде қиындық туындады. Мәселені шешудің шұғыл жолы табылмағасын, дереу Елбасына жеделхат жөнелттім. Одан жедел жауап келіп, қабылдауына шақырды. Қабылдауында 20 минут болғанымда, Нұрсұлтан Әбішұлы  мәселенің бәрін түгел шешіп берді. Содан  кейін де кездескен сайын осы ардақты азаматтың сұңғыла саясаткерлігі мен терең біліміне, пайымды парасатына көзім жетіп, көңілімде  зор құрмет пен ілтипат сезімі қалыптасты. Рас, жүздесу сәтінде оған құрдас екенімді айтуға батылым бара қойған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев - қатқыл да қарапайым, сұңғыла да кемеңгер қайраткер. «Қатқыл» деуім, керек жерінде қатаң талап та қоя біледі. «Қарапайым» деуім, кез келген адамның көңіліндегісін дөп баса біледі, оңай тіл таба алады. Ал сұңғылалығы жөнінен Елбасын біздің қасиетті кітаптардағы Сүлеймен пайғамбардың өнегесімен теңестірер едім. Сондықтан мен дұға еткен сайын елімізде татулық пен келісім саясатын орнықтырған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық пен ұзақ ғұмыр, дүйім Қазақстанға қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман тілеймін!

- Дінаралық  қарым-қатынас адамзат өмірінің талай ғасырдан бергі нәзік тұсы болып келеді. Өңірдегі дінаралық татулық пен келісім жөнінде не айтар едіңіз?!

- Тағы да ұлы Жаратушымызға мың да бір алғыс! Ақ Жайық өңіріндегі дінаралық қатынастар өте жоғары деңгейде. Басқаны айтпағанның өзінде, дос-жолдастарымның ішінде өзге ұлт өкілдері, соның ішінде мұсылмандар көп. Тап сол сияқты талай православтың мұсылман тату көршісі, әріптесі, тіпті құдалары қаншама?! Айтпақшы, өзім ҚМДБ-ның бұрынғы мүфтиімен, қазіргі басшысы Әбсаттар қажылармен тығыз іскерлік байланыста болдым. Әлі де іргеміз ажыраған жоқ. Немесе қанаттас әріптесім, ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы Смайыл Сейітбекті алсақ. Жас болғанымен, мейлінше терең бі­лімді, сыпайы да байыпты азаматпен үнемі мүддеміз ортақ. Бірде мынадай оқиға болды. Біраз жылдар бұрын Орал қаласының Пугачев атындағы алаңында орыстың ұлы ақыны А.Пушкинге ескерткіш ашылды. Салтанатты шараға мені де шақырды. Жан-жағыма қарасам, бірде-бір мұсылман дін иесі жоқ. Шараны ұйымдастырушыларға бірден айттым: - Пушкин - тек орыстың ақыны  емес, бүкіл әлемге ортақ тұлға. Соның ішінде қазақ бауырымызға да. Ұлы Абай да солай. Демек, осы жерде мұсылман дін иесінің болмауы ыңғайсыз. Дереу ислам дінінің өкілін жеткізіңдер! - Айтылды, болды. Соған дейін де, кейін де көпке ортақ шарада міндетті түрде имаммен бірге жүремін. Тағы бір мысал, осы епархия ғимаратының салынуында христиандар ғана емес, жергілікті мұсылмандардың да үлесі қомақты.

- Көпке мәлім, бізде дін мемлекеттен, мемлекет діннен бөлінген. Олай болса, ресми билікпен қалайсыз?

- Бұрын да, қазір де арақатынасымыз қалыпты. Қабиболла Жақыповтан бастап, бүгінгі Бақтықожа Ізмұхамбетовке дейін облыс басшыларына алғыс пен ризалықтан басқа айтарым жоқ. Тәуелсіз Қазақстанда қай діннің өкілі болсын, іс-әрекетімізге кедергі жасамайтыны былай тұрсын, керісінше қолдау және көмек көрсетіп отырады. Оған дәлеліміз - бұрын елімізде алты архиепископ өзінің рухани қызметін атқарса, жақында жаңадан тағы біреуі Қарағанды қаласында ашылды. Бір айта кетерлік жәйт, бұрынғы басшымыз, Мәскеу және бүкіл Ресейдің патриархы, марқұм Алексий Екінші де, бүгінгі басшымыз Кирилл де қашанда мені және өзге дінбасыларын ресми билікпен тіл табысуға, ынтымақтасуға бағыттап отырады.

- Алексий Екінші 2000 жылы Ресейде, Мәскеу қаласында коррида көрсетілімін ұйымдастыруға қарсы болып, Президент Путиннің қабылдауына сұраныпты. Сөйтіп, корриданы болғызбай тастаған-ды. Бұрынғы және бүгінгі тікелей басшыларыңыз туралы қысқаша сөз саптасаңыз...

- Марқұм Алексий Екінші - ешқашан ісі мен сөзі бір-біріне қайшы келмеген тұлға ғой. Оның өнегесі жөнінде айтсақ, бір сұхбаттың ауқымы аздық етері сөзсіз. Бұл жанның есімі әрдайым жадымызда. Кирилл бауырымыз алдыңғы дін иесімен салыстырғанда, бүгінгі заманға бейімдеу, оны жіті түсінетін адам. Жиырма жыл бойы Орыс православие шіркеуінің сыртқы қатынастар бөлімін басқарған азамат ағылшын, неміс, француз тілдерін жетік меңгерген. Біз бір-бірімізді толық түсінеміз, алда да қоян-қолтық жұмыс істейтін боламыз.

- Сіз бақытты адамсыз ба?

- Қалайша бақытты болмайын?! Міне, 26 жыл бойы бір Жаратушымыз бен діндарларға адал қызмет етіп келемін. Соның ішінде осында епископ болғаныма биыл жиырма жыл толмақ, яғни еліміз тәуелсіздік алғаннан бері осы қызметімді атқарып келемін. Адамдарға құрметпен және кешіріммен қараймын, олар да шын жүрегімен өзіме ілтипатын білдіріп тұрады. Жасым жетпіске келсе де, денсаулығым жақсы, көңіл күйім жоғары. Осыдан артық не керек маған?! Тілегімізді Жаратушымыз қабыл етсін! Барша қазақстандықтарға айтарым, алдағы мейрамдар құтты болсын! Бәрін де бірге тойлай берейік!

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963