Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3521 0 пікір 16 Маусым, 2011 сағат 06:14

Латын қарпіне көшуге не кедергі?

Неге екені белгісіз, Мәжілістегі үкімет сағатында депутат Айгүл Соловьева Мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммедтен әліпбиді латынға ауыстыруға қалай қарайтынын сұрады. Ал министр мырза кириллицадан латын әліпбиіне ауысуды қолдайтынын, әйтседе оның саяси жағынан күрделі екенін ерекше атап өтті. М.Құл-Мұхаммед латыншаға көшуді техникалық жағынан пайдалы екенін, мәселен ұялы телефон мен компьютерде латынша әліпбимен қолдану аса тиімді дей келе, «мәселе барынша байсалды, ал мен соңғы инстанция емеспін», - деп пікір білдірді.

Неге екені белгісіз, Мәжілістегі үкімет сағатында депутат Айгүл Соловьева Мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммедтен әліпбиді латынға ауыстыруға қалай қарайтынын сұрады. Ал министр мырза кириллицадан латын әліпбиіне ауысуды қолдайтынын, әйтседе оның саяси жағынан күрделі екенін ерекше атап өтті. М.Құл-Мұхаммед латыншаға көшуді техникалық жағынан пайдалы екенін, мәселен ұялы телефон мен компьютерде латынша әліпбимен қолдану аса тиімді дей келе, «мәселе барынша байсалды, ал мен соңғы инстанция емеспін», - деп пікір білдірді.

М.Құл-Мұхаммедтің латын әліпбиіне байланысты пікірі өткен аптада интернет-форумдарда қызу талқыланды. Бұған дейін «ерте ме кеш пе Қазақстан латын әліпбиіне көшеді» деген министрдің мәлімдемесі еліміздегі орыс ұйымдарын ұлардай шулатқан болатын. Оның ішінде «Лад» славян қозғалысы мен «Союз казаков степного края» атты ұйымдар арнайы мәлімдеме қабылдап, «латын әліпбиіне көшу - Қазақстанның Ресейден алыстауға бағытталған саяси қадамы болып табылады. Қазақстанның бүгіні мен болашағы тек Ресейге тәуелді. Сондықтан мұндай қадамдар аса қатерлі», - деп даурыққан еді.
Өзгелер үшін «аса қатерлі», ал өзіміз үшін қажет болып саналатын латын әліпбиіне көшу жайын азаттық алғалы көтеріп келеміз. Өкінішке қарай осы уақыт аралығында құлаш-құлаш мақала жазудан арыға аса алмадық. Қазақ елінің «бүгіні мен болашағын Ресейге тәуелді» етпес жолында «сөзден іске көшу» (Сталин) әлде қашан келгені белгілі. Рас, латын әліпбиіне көшу бір күннің шаруасы емес. Әйтседе оған дейінгі шаруалар неге атқарылмай отыр? Тіпті бұл мәселе «жұртты жалықтыра бастады» деп жазады осы салада тың ұсыныстармен көзге түсіп жүрген журналист Серік Ерғали. «Ұлттық жоба» деген тақырыпта «Абай» ақпараттық порталында жарық көрген мақаласында: «Әліпби мәселесінің шешімі әбден кешігіп, жұртты жалықтыра бастады. Бұқара негізінен биліктің шешімін күтіп отыр. Біздің ойымызша, шешім шыққанға дейінгі істелер басты шаруа істелген жоқ: қоғам ұлттық жоба шешімінің сұлбасын да бажайламай отыр» деп жазады.

«ОРЫС ӘЛІПБИІ ҮСТЕМДІК АЛАДЫ...»
Араб әріпінен орыс жазуына көшу Кеңес кезеңінде ғана көтерілген жоқ. Нақтырақ айтсақ, 1876 жылы қазақтардың арабша әліпбиін жойып, орыс жазуына көшіруі туралы патшаның жарлығы шығады. Аталмыш істің жүйелі іске асуына Ыбырай Алтынсарин белсене әрекет еткені белгілі. Бұл жайында ағартушының өзі: «1876 жылы граф Толстой Орынбор қаласына келіп әуелі қазақ арасына орысша хат таныту жайлы және бұл іске орыс әліпбиін қолданудың жолын мәселе етіп көтерді. Бұл бастама Орынбор өлкесінің бұрынғы генерал-губернаторы Крижановский, Орын-бор оқу округінің попечителі Лав¬ровский, Қазан қаласындағы оқыту-шылар семинариясының директоры Ильминский және Торғай, Орал облыстары тарапынан қолдау тапты», - деп жазады. Ал граф Толстой 1878 жылы Батыс-Сібір ге¬не¬рал-губернаторына жазған хатында: «Қырғыздарға (қа¬зақтарға) үкіметтік орындарды бас¬қаруды қырғыз (қазақ) тілінде жариялауға тура келген кезде, біз қандай жағдайда да орыс әліпбиін қолданамыз. Жоғары мәртебелім, 4 мамырдағы №26 ұсынысыңыз негізінде қырғыз (қазақ) интернаттарында қазақ тілін оқыту мазмұны да дәл осы әліпбимен жүргізілсін. Далалық жерде де орыс әліпбиі араб әліпбиінен үстемдік алатын уақыт та туады әлі... » 0 деп сәуегейлік танытады.
«Орыс әліпбиінің үстемдік алатын уақытын» кешеуілдетуге ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мүмкіндік бермеді. Олай дейтініміз 1914 жылы «Қазақ» газетіне ол: «...қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отыр. Школдар қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді. Сол үшін балалар орыс әрпімен оқысын дейді... Хүкметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, ал халыққа керегі - өз діні, тілі, жазуының сақталуы», - деп қарсы тұрды. Большевиктер алашордашылардың көзін біржолата жойғаннан кейін, өз ойларын емін еркін жүзеге асырды. Бұған дейін құжаттағы жоспарларды Кеңес Үкіметі жан-жақты іске асырылғаны белгілі.
16 ЖЫЛДА ЕКІ РЕТ ӘЛІПБИ АУЫСТЫ Латын дауы соңғы 10-15 жыл бойы үздіксіз көтеріліп келеді. Әйтсе де неліктен өз шемімін таппай отыр? Кезінде небәрі 16 жылдың ішінде екі рет әліпби ауыстырылмады ма? Мәселен Сталиннің бұйрығымен 1926 жылы іс-қағаздар жаппай латын әліпбиіне көшеді. Қазақтарға латын әліпбиін жаппай қолдану туралы Ораз Исаев қол қойған үндеуде: «...Жарияланып отырған 20 күннің ішінде бүкіл кеңсе ісі жаңа әріпке көшірілетін болсын. Жаңа әріпті білмейтін қызметкерлер жаңа әріптің жасырын жауы саналып, сотқа тартылсын», - деп қаулы етеді. Ал 1937 жылы латын жазуынан қайтадан орыс жазуына, яғни кириллицаға көшу бастамасы көтерілді. Шолақ белсенділердің бастамасымен ол не бәрі үш жылдан кейін іске асып, 1940 жылы күшіне енеді.
Серік Ерғали әліпби мәселесін екі сатыда шешуге болады деген пікірде. Мәселен ол: «Бірінші, кәзіргі әліпбиді реформалау арқылы шынайы қазақ әліпбиінің уақытша «кирилше» нұсқасын қоғамға сіңіру; екінші кезекте, сіңіскен әліпбиді ағылшындық қаріп негізіне көшіру. Уақыт жағынан, алғашқы саты 3-5 жылды қамтыса, соңғы саты бес жылдан артпайды» дейді. Секеңнің пікірінше айналасы 7-8 жылдың көлемінде латынға көшуге мүмкіндік мол көрінеді.
Ол үшін автор дыбыстанушы, филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүнісбектің 28 әріптік дыбыстық жүйесін қолдап, соған тоқталуымыз қажет деп есептейді. Ә.Жүнісбектің әліпбиі «барынша ғылыми дәйектелген және тілімізге мейлінше тән дыбыстық жүйені қамтыған жоба» дей келе, «Алайда, өз тарапымыздан Әлекеңнің әліпбиге латындық қаріпті қолдануын қолдағымыз келмейді. Себеп: аталмыш жобаның бізді тағы да техникалық тұйыққа тірейтін жағы - компьютер теруішінде үстіңгі дәйекшелі қарыптар жоқ, арнайы әзірлеуді қажет етеді» деген екен.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» жылда көтерілетін мәселенің шешілуі тиіс шаруалары шаш етектен. Кеңес үкіметі тұсында 15-16 жылдың ішінде екі рет әліпби ауыстырылғанын жоғарыда тілге тиек еттік. Ендеше неге біз латын әліпбиіне көшуді кешеуілдетіп жүрміз?

Серік ЖОЛДАСБАЙ

http://www.halyksozi.kz/news/view/id/528

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562