Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2421 0 пікір 14 Қараша, 2011 сағат 05:53

Мұстафа Шорман. Тараздағы топалаң. Ол қайдан шықты?

Мен Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың (суретте) мықты «топ-менеджер» екеніне күмандана  алмаймын. Жап-жас жігіт сондай болмаса, мол байлықты бауырына қалай басқан? Әрине, әкесінен мирасқа қалған дүние емес. Демек, ақша жасауды білетін азамат. Бірақ ол әкім емес болып шықты. Әкім деген ең алдымен саясаткер болуға тиіс. Оның саяси тұлғасы да әкімдік қызметімен әспеттелуі керек. Естуімізше, оған Жамбыл облысының экономикасын көтеру тапсырылған сияқты. Бірақ ол өз шаруасын экономикадан емес, өзі білмейтін саясат пен кадр мәселесінен бастады.

Енді міне, кадрлары оның абыройын айрандай төгіп отыр. Бір содыр бес-алты полиция мен арнайы қызмет адамын жайратып тастады. Сол содыр бір емес, екі емес, үш сағат бойы қалада емін-еркін ойран салды.

Оның, яғни, Бозымбаевтың,  тендерді төсіне басқандардың есебінен мешіттерді безендіргенінен не пайда? Оның жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресті ұрандатып, мектеп директорларын баудай «қырғанынан» не пайда? Оның бес-алты ауланың ойын алаңдары мен спорт алаңшаларын салдырып, өзін-өзі насихаттатқанынан не пайда? Оның... Бәрі бекер. Облыс сол дотациясы дотация күйінде, кәсібі қисайған түрінде қалып қоя берді.  Халық «салақтан олақ жаман деген - осы» деп күбірлесе бастады. «Облысқа Президент келеді»-деген сыбыс шыққан сайын: «Бозымбаевтан құтқара гөр», - деп гөй-гөйлейтіндер де көбейе түсті. Неге?

Қазір басқалар түгілі 53 депутатымыз алда келе жатқан дағдарыстың екінші кезеңіне алаңдап, парламентті таратуды талап етіп отыр.  Ол туралы Премьер-министр де ойын ашық айтып жатыр. Ал, Таразда қаражат дағдарыстың алдын алып, елді қамсыздандыруға емес, мешітті сәндеуге, бұрыннан жөндеуі бар орталық көшелерді қайта асфальттауға, орталық алаңның ойранын шығаруға, сол жердегі әкімшілік ғимараттарды сылап-сипауға жұмсалуда. Яғни, қаражат қайтарымы жоқ, құрдымға кетуде. Өткенде «Президент келеді» деген әңгіме шықты. Сонда саясатқа жақын жұрт өздеріне өздері «Президентке көрсететін не бар?» деп сұрақ қойып, жауабын таппай дал болды. Өйткені, Бозымбаев Жамбыл облысына әкім болып келгелі қалада қаңқасын көтерген бірде-бір жаңа ғимарат, кәсіпорын, цех жоқ екен.

Бәлкім, Сталин диктатор шығар, бірақ ол екінші дүниежүзілік соғыста жеңімпаз атанған саясаткер. Сол саясаткер «кадр бәрін шешеді»-деген екен. Егер Шыңғысхан да өзіне қарсы оқ атқан Жебе мен Мұқылайды қасына нөкер етпесе, әлемді бас идіре алмас еді. Олар да кадрлар. Тіпті, Әмір Темірдің өзі бір қаланы жаулап аларда сол қалаға жансыздарын жіберіп, сондағы ғалымдардың, шеберлердің, ақсүйек отбасылардың дарбазасына белгі салдырады екен. Сол белгісі бар үйге бірде-бір жауынгердің кіруге, тонауға хақысы болмаған. Олай еткен жауынгер өлім жазасына кесілген. Неге? Себебі, олар қоғамның тіректері. Тобырдан тобыр туа береді. Ал ғалым мен шебер мыңның бірінен ғана шығады. Ақсүйек - елдің тірегі. Бұл да кадр саясаты.

Саясаттан тысқары жаңа әкім керісінше кетті. Ол келді де осы үш топты қырына алды. Оларды құртып, орнына «өз адамдарын» отырғызды. Ол әрбір тендер ұтушыдан «10 пайыз жиналады екен» деген парақорлықты заңдастыруға ұмтылды. Сол 10 пайыз арқылы бірнеше аула және спорт алаңдарын салдырды. Былтыр орталық мешіт жанынан медресе тұрғызса, биыл осы мешітке күрделі жөндеу жасатты. Сырттай қарағанда «керемет» сияқты. Ал, түсінген адам үшін екі қателік бар. Біріншісі, осыларды атқарған тендер ұтушылардың тендерлік жұмысы 10 пайызға сапасыз атқарылады. Екіншісі, бұл кім үшін жасалып жатыр? Біздің елде дін мемлекеттен бөлек емес пе? Болмаса, осы мешітті арнайы қор құрып, халықтан кеусен жинап салдырған «бұрынғы әкімдердің» осылай етуге милары жетпеді ме?

Тараз - ертеден дін миссионерлері, әсіресе экстремистік ағымдар үшін аса маңызды, стратегиялық қала. Жамбыл облысына Қырғызстан, Өзбекстан арқылы кіріп-шығу да, із жасыру үшін тау мен тастың, орман мен сайдың арасында  бой тасалау да оңай. Халқы да саналуан ұлттан құралған.

Бұл ерекшелік Бозымбаевқа дейін күн тәртібінен  түскен емес-ті. Бірақ соңғы жылдардағы мешіттерге деген ерекше «қамқорлық» пен барша назардың «мектеп оқушылары тәртібіне» аударылуы - аталған мәселені көлеңкелей берді. Оның үстіне не облыста, не аудандар мен қалаларда, әкімдіктер айналасында діннен хабары бар адам да қалмады. Соның салдарынан діни экстремизммен күресу үшін сауатты дінтанушылар мен саясаткерлер, абыройлы ақсақалдар мен ғалымдар шетте қалып, қала әкімінің тапсырмасымен онжылдық білімі ғана бар имамдар еңбек ұжымдары мен оқу орындарына жіберіліп, масқара болды. Жұрт «бұл не, қасқырға қой баққызу ма?»-деп дүр етті. Өйткенні, олар барған жерінде хиджап пен намазды, сүннат пен парызды, зекет пен оразаны, намаз бен Арабияны насихаттап кетті. Арты шу болып, тыншыған соң да қателік қалпына келтірілмей қалды.  Оның орнына саясат бөлімдері сенбіліктер өткізу мен коммуналдық мекемелердің қарызын жинауды кәсіп қылып отыр.

Мешіттер мен жамағаттар ішіндегі жағдай назардан тіпті де тыс қала берді. Талтүсте Таразды «таң-тамаша» еткен оқиғадан соң, қала әкімдігінде дін жөніндегі бас маманның тіпті тұрмысқа да шықпаған қыз бала екенін естіп жағамызды ұстадық.

Ал, облыстағы дін жөніндегі агенттіктің басшысы бұрынғы комсомол көсемі, одан кейінгі Бозымбаевқа дейін облыс әкімінің аппаратын басқарған Айдапкелов деген кісі екен.

Жамбылда қазір ешкім ешнәрсеге таң қалмайтын болған. Скрипкашы облыстық мәдениет басқармасын, экономист денсаулық басқармасын басқара береді. Біз оған да таң қалмадық. Айдапкелов мырза талай аудандар мен мемлекеттік мекемелерді басқарған адам. Бірақ дін саласын емес. Міне, Тараздан шыққан топалаңға «салқынын» тигізген көп себептің бірі - осы...

Тараздағы оқиғадан соң, бұрын ішкі саясат мекемесінде қызмет істеген азаматтардың бірін іздеп барып сөйлеспек болдық. Бірақ сөзіміз жараспады. Оның бар айтқаны: «Мына өмірде бір рет қан төгу қиын. Қан төгілген соң оны тоқтату одан он есе қиын», -деген сөз болды.

Мұндай оқиғалардан соң арлы азаматтар қызметтерін тәрк етуге тиіс. Бірақ Бозымбаев емес. Мүмкін ол оқиға қалада болған соң бар бәлені қала әкіміне, болмаса, өзінің идеология жөніндегі орынбасарына жабар. Мүмкін, айқай салып, ұсақ-түйектің біреуін жұмыстан айырар. Сөз жоқ, өз басын аман алып шығу үшін бір амалын іздейді. Бірақ одан не өзгермек? Балық басынан шіриді. Басы өзі. Қолымен жасағанды мойнымен көтере алар ма екен ол?!

Біз сөз арасында айтып кеттік. Тараз - шын мәнінде  әсіредіншілдер үшін аса маңызды стратегиялық қала.  Мұнда оларға қажетті жағдайдың бәрі де бар: шекара, тау-тас, орман-сай. Тұрғындардың ішіндегі диаспора өкілдері де сан қилы. Оның үстіне Тараз - Қазақстандағы ең кедей, дотацияда отырған облыстың орталығы. Коррупция мен парақорлығы өз алдына бір сөз. Бұл жағдайда тек қана үгіт пен насихаттан да, жаппай жазалау мен басып-жаншудан да пайда бола қоймасы анық. Қалғанын Елбасы білер.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543