Сайлау Байбосын. Келесі «спектакльдің» актерлері қандай болады екен?
Депутат Елекеевтың жаздағы «абыроймен тарайық» деген ұсынысы әріптестері тарапынан жаппай қарсылыққа ұшыраса да, ақыры төртінші шақырылымдағы депутаттардың «қойылымы» тура солай аяқталды.
53 депутат президенттің атына парламенттің төменгі палатасын мезгілінен бұрын тарату жөнінде 6 тармақтан тұратын өз «өтініштерін» жолдапты.
Біріншісінде әлемдік қаржы дағдарысының жаңа толқыны келе жатқаны айтылып, сондықтан ол бізге жетпей тұрып, сайлауды өткізіп алсақ, сосын дағдарыспен емін-еркін күресуге мүмкіншілік болар еді делініпті. (Егер бұл парламент таратылмай қалса, мемлкеттің дағдарыспен күресе алмайтынын депутат мырзалар өздері де сезетін сияқты. Керемет!)
Тармақтардың әрқайсына жеке-жеке тоқталмай-ақ, жалпылай айтып өтсек, Еуропа елдері қаржы дағдарысына ұшырап жатқанда, Қазақстанның даналық бағытпен алға қарай қарыштай басып, әлеуметтік модернизацияларды іске асырып, экономиканың тұрақты дамуын бірқалыпты ұстап келе жатқаны айтылып, егер сайлау жылдам өтсе, осы тенденция сақталып қалар еді дейді. Апырым-ау, дейсің, егер төменгі палата таратылмаса, бұл шарықтау тенденциясы сақталмайтынын депутат мырзалар қалай біліп отыр. Бұл неткен көрегендік дейсің!

Экономикамыздың шарықтап өсуіне де ешқандай дауымыз жоқ. Экономикамыз дамымаса, қайсыбір мемлекеттер аштықтан қырылып жатқанда, жүздеген мың тонна астықты ашық далада қалдырмас едік қой. Бүгінде Қазақстан артық астықтың зиян болатынын «дәлелдеген» жер бетіндегі жалғыз мемлекет. Сол үшін Мамытбеков мырзаны Гиннестің рекордтар кітабына да кіргізсе артық болмас еді деп ойлаймыз. Бірақ бізде оны ескеретін адам бар ма! Халық өз «батырын» тануы керек қой!
Аталмыш өтінішің тағы бір тармағында: ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында дамудың жаңа сатысына көтерілеміз, сондықтан оны жаңа үкімет және жап-жаңа парламентпен бастасақ, «символично» болар еді депті. Рас қой! Не деген кемеңгерлік дейсің! Су жаңа үкімет, су жаңа парламентпен отырған бізге келіп көрсін сосын әлемдік дағдарысың, не болар екен! Өзі қашып құтылсын!
Шынымды айтсам, осы өтінішті оқып отырып, көзіме жас келді. Не деген «бақытты» халықпыз! Елдің болашағы үшін біздің депутаттарымыз ай сайын алып отырған 600 мың теңге(!) жалақысынан (сыйақысын есептемегенде), мемлекет тарапынан жасалатын қаншама жеңілдіктерден, анау жұп-жұмсақ креслоларынан өз ерктерімен бас тартып, тарамақшы болып отыр. Тек біз үшін, түсінесіздер ме, біздің болашағымыз үшін! Тіпті осындай ұсыныс жасағандарының құрметіне, оларды екінші мерзімге қалдыра салса қайтеді деп ойладым.
Жалпы осы депутат деген кім, не үшін керек дейді менен кейбір сауаты аздау адамдар. Өзім де сосын қатты ойландым. Рас, не үшін? Депутатың екінші бір балама атауы «халық қалаулысы» ғой. Яғни, халықтың өзі қалап алған адамы, биліктегі халықтың өкілі деген сөз. Анығырақ айтсақ, сен салпаңдап үкіметке барып, әкімнің босағасын аңдып табаныңды тоздырмай-ақ қой. Шаруаңды депутатыңа айтсаң болды, сол жеткізеді. Ол сенің сол жердегі қорғаушың, көзің мен құлағың. Ал, шындығында солай ма?
Қай депутат бүгінде халықтың қамын ойлап отыр? Анау журналистпен бетке түкірісіп жүрген Бердіоңғаров па? Немесе, өзінің әріптесімен дүние-мүлікке таласып, «боевик» ойнап жүрген Мадинов пе? Әлде базардан шетелдің көкөнісін алып жейтінін әңгімелейтін «КВНщица» Сыздықова ма? Жоқ болмаса, төрт жыл бойы жаңа түскен келін секілді халыққа жүзін бір көрсетпеген «ұялшақ» депутататтар ма? Кімдер?!
Депутат айналысам десе, басқаны айтпай-ақ, қазақтың өзінің проблемасы да жетіп жатыр. Өйткені бүгінгі қоғамдағы бар қиындық тек қазақтың басында ғана. Жұмыс таппай сенделіп жүрген де қазақ! Баспанасыз көшеде қаңғырып жүрген де қазақ! Шенуніктерге барып сөзін өткізе алмайтын да қазақ! Бұрыш-бұрышта тұрып, қайыр тілейтін де қазақ! Қазақ қазір өз елінде емес, дәл бір басқа мемлекеттегі диаспора секілді күн кешуде. Бірақ бұны депутат мырзалардың көздері көрмейді. Ондай әңгімені құлақтары естімейді.
Екібастұз деген қалада Қазақстанды әлемге танытып тұрған бірнеше трансұлттық кәсіпорындар бар. Бірақ ол жерлерде қазақтарды мақсатты түрде жұмысқа алмайды. Сосын көбі базарды айналдырады, такси айдайды, темір жол бойында шпал тасиды немесе көше сыпырады.
Былтыр осы мәселені «Жас Алаштың» бетінде көтерген болатынбыз. Осыдан соң-ақ мен Екібастұз қаласының әкімі Вербняк мырзаның бірінші дұшпанына айналдым. Кей уақта мәлімет алайын деп бара қалсам, әкімдіктің бөлім меңгерушілері мені көргенде құбыжық көргендей болады. Орынбасарлары тіпті телефонға жуымайды. Рас, «Жас Алашқа» аталмыш мақала жарияланғасын, өздерінше комиссия ұйымдастырыпты. Оған қаланың біраз ақсақалдары кіріпті. Кәсіпорындарды аралапты. Бірақ «дауды» көтерген мен жоқпын ол комиссияның ішінде. Артынан біраз адамдар үйге телефон шалып, бұл шегіне жеткен мәсел еді, дұрыс болды деп құптап жатты. Комиссияға қатысқан бір ақсақал «Богатырь» көмір кенішінде 27-ақ пайыз (!) қазақ ұлтының өкілдері жұмыс істейтінін айтты. Оның біразы кеніштікі емес, жалдамалы күзетшілер екен, сонда 27 пайыз да болмайды деген сөз.
Бұны сөз етіп отырған себебіміз, Екібастұздан сайланған парламент депутаты Өтегенов деген азамат бар екенін білеміз. Бір ғажабы, бұл кісінің ел алдына шығып сөйлеп (экраннан), не болмаса бір мәселе көтергенін байқамаппыз. Бар, жоғы белгісіз депутат. Өтегенов бұрын осы «Богатырь» кенішінің бас директоры болған деседі. Дегенмен былтыр «Жас Алашқа» аталмыш мақала шыққасын, осы «халық қалаулысы» халыққа шын жаны ашитын азамат болса, Екібастұзға арнайы келіп, әлеуетті (силовые) ұйымдардың өкілдерін алып кәсіпорындарды тексеріп, жергілікті халықтың неге қағажу көріп жүргенін анықтауы керек еді. Солай болатын шығар деп күтіп едік, бірақ оны істемеді. Кейін Өтегеновтың Шідертідегі колоноияда біреулерге малын бақтырады деп жазған «Время» газетінің журналистерімен соттаспақшы болып жүргенін оқығам. Міне, бүгінгі халық қалаулыраның шын бейнесі.
Сонымен, ақыры елбасының мәжілісті тарату жөніндегі жарлығы да жарық көрді. Оның алдында Ертісбаев мырза президент келесі аптада өз шешімін айтады деп жариялады. «Президент депуттардың ұсынысын қолдайтынын ішкі «итуициям» сездіріп тұр»-деп көлгірсиді кеңесші мырза.Сценарий бойынша жасалып жатқан шаруа ғой, неге сонша бізді ақымақ көреді деп, іштей оған да ренжіп қалдық.
Сөйтіп, депутат Сыздықованың сөзімен айтсақ, бұл «спектакль» де аяқталды. Енді екінші «қойылымның» актерлері қандай болады екен, кімді қолдап қол көтереді екенбіз деп елегізіп жүрміз. Қандай болады екен?!
«Абай-ақпарат»