Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2568 0 пікір 20 Қараша, 2011 сағат 11:12

Түркі елдерінің терминологиясын біріздендіретін халықаралық құрылым қажет

АСТАНА. Қарашаның 18-і. BNews.kz - Түркі елдерінің терминологиясын біріздендіретін халықаралық құрылым қажет. Бұл туралы бүгін Астанада «Түркітілдес елдердің терминқор қалыптастыру тәжірибесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы барысында ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Шерубай Құрманбайұлы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

АСТАНА. Қарашаның 18-і. BNews.kz - Түркі елдерінің терминологиясын біріздендіретін халықаралық құрылым қажет. Бұл туралы бүгін Астанада «Түркітілдес елдердің терминқор қалыптастыру тәжірибесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы барысында ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Шерубай Құрманбайұлы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«ХХ ғасырдың соңғы 70-80 жылында ағылшын және француз тілдерінен енген терминдерді орыс тілі өз еміле ережесіне қарай сәйкестендіріп қабылдаса, қазақ тіліне де ол сол күйі еніп отырды. Бұл дегеніңіз, лингвистикалық тұрғыда орыс тілі мен қазақ тілінің еш айырмашылығы жоқ деген сөз. Негізінен олай емес. Қазақ тілі - өз дыбыстық жүйесі бар, түркі тілдер тобына, оның ішінде қыпшақ түріне жататын бай тілдердің бірі», - деді Тіл комитетінің төрағасы Шерубай Құрбанбайұлы.

Оның сөзіне қарағанда, осы кемшілікті жою мақсатында және терминді қабылдаудың жалғыз ғана үлгісі ретінде орыс тілін танудан басқа дәстүрді қалыптастыру мәселесін ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов бастаған «Алаш» зиялылары көтерген. Бірақ кезінде КСРО-ның тіл саясатына байланысты, олардың ойлары, терминдерді қабылдаудың қағидаттары жүзеге аспады.

«Енді, міне, тәуелсіздік алғаннан кейін түркі жұрты осы мәселені қайта қолға алып отырмыз. Бұл заңды құбылыс. Олай дейтініміз, түбі бір түркі елдері сөздерінің мағынасы да, дыбыстық жүйесі де бір. Сондықтан орыс немесе ағылшын тілінен алғанна гөрі, түрік немесе қырғыз тілінен алынған сөздер тез сіңісіп, дыбыстық үндесуі жағынан қиындық туғызбайды. Осының арқасында түбірлес терминдер түзуге, түркілердің бірін-бірі түсінуіне, түркілердің ғылым саласындағы байланыстарын нығайтуға, өзара ғылыми ақпарат алмасуларына үлкен мүмкіндік туады», -деген сенімде Тіл комитетінің төрағасы.

Ш. Құрбанбайұлының айтуынша, бүгінгі конференция таза ақпараттық терминология тақырыбына арналып отыр. Осыған орай жиынға ақпараттық және байланыс саласының бірқатар білікті мамандары шақыртылып, олар арнайы дайындаған баяндамаларын жасады. Бұндағы мақсат - ІТ-мамандарының өзара тәжірибе алмасуымен бірге ақпараттық технология саласындағы, сондай-ақ интернет желісіндегі тілдік қолданысты жетілдіру, терминологиясын ортақтастыру, ақпарат саласындағы ғылыми және кәсіби байланысты жақындастыру.

«Осы тұрғыда қызу жұмысты түркі елдерінің ішіде Түркия ХХ ғасырдың 70-жылдары бастап кеткен. Ақпараттық қоғамын құрып, осы салаға өз тілін енгізіп, терминологиясын түрік тілінде қалыптастыра білді. Мәселен, олар компьютерді біздер сияқты компьютер емес, білгісаяр (bilgisayar) дейді. Олар бірнеше жылдар бойы жиған тәжірибесін енді басқа да түркі елдеріне таратпақ», - деген Шерубаев мырза осы тұрғыда Түрік мемлекетінен үлгі алу керектігін ескеріп өтті.

Тіл комитеті төрағасының айтуынша, екі күндік конференция соңынан оқылған баяндамалар мен жасалған ұсыныстар негізінде түркі елдерінің терминдерін қалыптастыруда бірлесіп жұмыс істейтін арнайы құрылым құру қажеттілігі сөз етілмек.

«Жасалған шаралардың бәрі түркі елдерінің ІТ-технология және тіл мамандарын, билік өкілдерін қатыстыра отырып, халықаралық комиссия, кеңес немесе халықаралық орталық құрудың алғышарттары болып табылады», - деді төраға.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475