Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2782 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 22:01

Елдос Шәймерденов. Қазақстанда қазақ тілді қоғам құру мәселелері

Қазіргі таңда елімізде қазақ тілін білмейтін, яғни, орыс тілді қазақтар саны көбейіп келе жатқаны бәрімізге белгілі. Осы тұста елбасымыздың "қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" деген сөзін айта кеткенді жөн көрдім. Мен бұны неге айтып отырмын. Бұл қазір байқаламаса да ел болашағына төніп тұрған үлкен қауіп екенін айтқым келеді. Бұл түйіткілдің себебін айтпаса да бізге жақсы таныс. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерін қоя тұрайық, біз қазақтар неге бір-бірімізбен қазақша сөйлеспейміз. Міне, басты мәселе осында. Өз ана тілімізді өзіміз меңгере алмай жатып, қазақ тілін Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің ортақ тіліне айналдыру мүмкін емес. Көбіне бұл мәселенің себептері халқымыздың бұрынғы кеңестік идеологиядан айырыла қоймағанымен түсіндіріледі. Ол әрине, түсінікті. Бірақ, бұл жағдайды жаңа буын өкілдері жастар, дәлірек айтқанда Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары өзгертуі тиіс. Себебі біздің санамызда біздің ата-аналарымыздағыдай құлдық сана, отарлық езгі түсінігі қалыптаспаған. Бізде Тәуелсіз елдің қазақы болмысы мен мақсат-мұраттары тоғысқан.

Тіл - әр ұлттың қадір тұтып, қасиет санайтын асыл қазынасы және ұлт тарихымен бірге жасасатын мәңгілік мұрасы.

Кез келген ұлт өз ана тілінің қоғамдағы рөлін анықтап білмей, оның мәртебесін көтеруі мүмкін емес. Өз елінің патриотымын деп санайтын азамат ең алдымен туған елінің тілін білуі тиіс.

Еліміздегі қазақ тілінің қазіргі сәттегі дәрежесін орыс тілімен тең деуге де болады. Бұны айтып отырған себебім, кез келген қала мектебін қарасаңыз, қазақ сыныбымен қатар орыс сыныптарының саны теңдей екенін байқаймыз. Ал сол орыс сыныптарында кілең қазақ балалары оқып жүргенін көргенде не дерсіз. "Баланы жастан" дейді дана халқымыз. Өздеріңіз білесіздер, кез келген бала әліпбимен және жазып, сызумен мектеп табалдырығын аттағаннан кейін танысады, үйренеді. Алайда, былдырлап тілі жаңа шыққан қазақ баласының орыс сыныбына барғаны көңіліңізді су сепкендей басады. Сәби шағынан әдепті тәрбиенің қазақи үлгісін көрмеген, бойына сіңірмеген баланың кейін есейіп, ер жеткенде өз Отанын  елім, жерім деп сүйе ала ма екен?

Атақты түрік ғұламасы Зия Көкалып айтқан: "Мемлекет iшiнде ортақ рухтастықты, ортақ мүдделестiктi, ортақ тiлеулестiктi қалыптастыратын - ең алдымен, ортақ тiл! Тiл бiрлiгi бiрте-бiрте дiн бiрлiгi мен дiл бiрлiгiн де қалыптастырады. Сондықтан да тiлдiң бiрлiгi дiннiң бiрлiгi мен дiлдiң бiрлiгiнен жоғары тұруы керек!"

Дәл осы жерде айта кететіні, бұны Түркияның негізін қалаған, түріктердің Ұлы көсемі Ататүрікте жақсы білген. Ол мемлекет қалыптастыру барысында ең алдымен тіл бірлігіне, яғни, ортақ тіл мәселесіне көңіл бөлді. Сол кезде Түрікия жерінде тұратын грек, армян, сұлжық, болгар, албан, македон, хорват, серб, осетин, шешен, мадиярларға қарамастан Ататүрік түрік тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. Қазіргі күні Түркияны Түркия етiп отырған осы - Тiл бiрлiгi! Яғни, Түркияда бiр-ақ тiл бар. Ол - түрiк тiлi. Кеңестер Одағы ыдыраған тұста, көптен күткен Тәуелсіздігімізге қол жеткізген кезде бізде де осындай мүмкіндік болған әрине. Бірақ, ол кезең Түркияның қалыптасу кезеңімен салыстыруға мүлдем келмейтін еді. Ол кезде жағдай бөлек болды, заман бөлек болды.

Ресми деректер бойынша, әлемдегі 5 мың тірі тілдің ай сайын 2-еуі өледі екен. 1992 жылы шыққан халықаралық лингвистикалық энциклопедияның мәліметіне сенсек, 6300 тірі тіл бар деп жазылған. «Әлем тілдерінің жартысы өледі» деген тұжырым дұрыс болса, ол - 3000 тілдің ажалы деген сөз. Тілді ажал аузында деп қай кезде айтуға болады? Сол тілде сөйлейтін жас ұрпақ одан безінген кезде.

Елбасымыздың өзі айтып өткендей "Қазақстанның  болашағы қазақ тілінде".  Қазіргі таңда қазақ тілінің қолданылу аясының кеңеюіне, қоғамдағы рөлінің артуына бұқаралық ақпарат құралдарының қосып жатқан үлесі зор. Дәлірек айтқанда еңбектеген сәбиден, еңкейген қарияға дейін көз алмай қарайтын теледидардағы ұлттық арналарымыздың қазақ тілінде хабар таратуы. Және де отандық газет-журнал басылымдарының қазақ тілінде жариялануы шынында да қуантарлық жағдай.

Соңында айта кетейін дегенім, тіл мәселесіне келгенде кез келген ел: "Сіз біздің мемлекетіміздің тілін білуіңіз керек" - деп шарт қояды. Осының өзі әлемдегі өзге мемлекеттердің өздерінің мемлекеттік тілін қалай құрметтейтінін көрсетеді. Тарихтан белгілі қаншама зұлмат замандарды, қилы кезеңдерді қазақ халқы осы қазақ тілімен бірге көрді. Алаш жұртының ардақты азаматтарының бірі, Қазақ тілінің теориясын жасап, жетілдірген Ахмет Байтұрсынұлы былай деген екен: "Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады."

Бүгінгі күнгі әрбір қазақ азаматының көкейінде осы Тәуелсіздігімізден айырылмай,  сақтап қалу мәселесі тұруы керек.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377