Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2633 0 пікір 8 Желтоқсан, 2011 сағат 04:53

Гүлбаршын Айтжанбайқызы. Төртінші шақырылым не тындырды?

Елде сайлау додасы қызып тұр. Президент кеңесшісі Е. Ертісбаев айтқандай, төменгі палатаның бесінші шақырылымы «зубастый» болатын түрі бар.

Мәжіліс депутатының орынтағынан үміткер тұлғалардың бәрі елдің көзі мен сөзінде жүрген азаматтар. Оларды бір-бірінен бөле -жара қарай алмайсың. «Президент Әкімшілігі жетекшісінің экс-орынбасары Мәулен Әшімбаев «қайда кетті?» деген көпшілік көкейіндегі сұраққа да сайлауға дайындық барысында жауап алдық. Елі асылдың сынығы деп қабылдайтын Мәулен Сағатханұлын «Нұр Отан» партиясынан партиялық тізім бойынша үміткер ретінде ұсынылды. Саясаттанушы Ерлан Қарин бізге берген пікірінде: «Мәулен Әшімбаев - ұлттық бағытта жұмыс істеп келе жатқан жас қайраткерлердің бірі. Тізімде осы сияқты тәжірибелі адамдардың болуы партияның сайлау алдындағы салмағын арттыра түседі» деді.

Сайлауға дайындық барысында ротациялау үрдісі күшіне мінетін түрі бар. «Нұр Отан» ХДП Президент Әкімшілігінің «Аймақтан - Орталыққа, орталықтан аймаққа» деген әйгілі бастамасын қайта қолға алды. Бұл жолы оның формуласы көп тараптылығымен айшықталады. Санамалайтын болсақ: Біріккен Ұлттар Ұйымынан - Мәжіліске БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Қасым- Жомарт Тоқаев, Үкіметтен мәжіліске - Нұрғали Әшімов, Ақ Ордадан - Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Мәжілістен - Сенатқа Ерлан Нығматуллин, Сенаттан - Мәжіліске Қуаныш Сұлтанов.

Елде сайлау додасы қызып тұр. Президент кеңесшісі Е. Ертісбаев айтқандай, төменгі палатаның бесінші шақырылымы «зубастый» болатын түрі бар.

Мәжіліс депутатының орынтағынан үміткер тұлғалардың бәрі елдің көзі мен сөзінде жүрген азаматтар. Оларды бір-бірінен бөле -жара қарай алмайсың. «Президент Әкімшілігі жетекшісінің экс-орынбасары Мәулен Әшімбаев «қайда кетті?» деген көпшілік көкейіндегі сұраққа да сайлауға дайындық барысында жауап алдық. Елі асылдың сынығы деп қабылдайтын Мәулен Сағатханұлын «Нұр Отан» партиясынан партиялық тізім бойынша үміткер ретінде ұсынылды. Саясаттанушы Ерлан Қарин бізге берген пікірінде: «Мәулен Әшімбаев - ұлттық бағытта жұмыс істеп келе жатқан жас қайраткерлердің бірі. Тізімде осы сияқты тәжірибелі адамдардың болуы партияның сайлау алдындағы салмағын арттыра түседі» деді.

Сайлауға дайындық барысында ротациялау үрдісі күшіне мінетін түрі бар. «Нұр Отан» ХДП Президент Әкімшілігінің «Аймақтан - Орталыққа, орталықтан аймаққа» деген әйгілі бастамасын қайта қолға алды. Бұл жолы оның формуласы көп тараптылығымен айшықталады. Санамалайтын болсақ: Біріккен Ұлттар Ұйымынан - Мәжіліске БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Қасым- Жомарт Тоқаев, Үкіметтен мәжіліске - Нұрғали Әшімов, Ақ Ордадан - Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Мәжілістен - Сенатқа Ерлан Нығматуллин, Сенаттан - Мәжіліске Қуаныш Сұлтанов.

Қуаныш Сұлтанов демекші, қазақ басылымдары экс-сенаторға «Қуаныш Сұлтановтың Мәжіліске келуі - төменгі палатаның салмағын арттырады, төменгі палата пәрмені енді Сұлтановтардың салмағымен өлшенбек. Колбиннің заманында әлдебір қауіппен орталықтан алыстатылып, Қарағандыға жіберілген. Одан кейін Жоғарғы Кеңес төрағасы болып кете жаздап барып, Кекілбаевқа жол берген. Орынбасар болып тұрып, Кекілбаевпен бірге «тараған». Министр болғаны, вице-премьер болғаны, елші болғаны өз алдына. Осының бәрі тізіліп, сүзіліп көз алдымыздан өтті» деп баға беріп үлгірді.

Осыдан біраз бұрын Президент кеңесшісі Е.Ертісбаев «бесінші шақырылымның құрамында руханият саласының өкілдері көп болады» дегенді айтқан. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Зиманов -Сартаевтармен иық тіресіп бірге жұмыс істеген сенатор Сұлтанов, жас та болса тәжірибелі, мемлекеттік қызметкер Мәулен Әшімбаев бастаған руханият өкілдерінің Парламенттің төменгі палатасындағы тағдырын сайлау қортындысы шешеді.

Сонымен, Парламенттің төртінші шақырылымы туралы өткен шақпен сөйлейтін кез келді. Әлемдік дағдарысты еңсеруге, ТМД-елдері арасында алғашқы болып қолға алынған Ресей, Беларусь елдерімен кедендік одақ құру мәселелеріне де елеулі үлес қосу міндеті де нақ осы төртінші шақырылымның еншісіне бұйырды. Себебі төрт жылдың ішінде Мәжілісте 500 - ден астам заң жобасы, жетпістен астам халықаралық шарт, конвенциялар мен келісімдер ратификациялады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы мен Италья Республикасының арасындағы және Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасының арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімдер, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахычеван келісімі, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Терроризмге қарсы конвенциясы, Қылмыстық қызметтен түсетін табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенция және тағы басқа да конвенция, келісім мен шарттар бар. Сондай-ақ, халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс та лайықты жалғасын тауып, Кеден одағы және бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде ғана 25 халықаралық шарт ратификацияланды. Сессия ішінде 12 үкімет сағаты өткізіліп, әртүрлі деңгейдегі лауазымды тұлғаларға 900-ге жуық депутаттық сауал жолданды. Үкімет пен Парламенттің теке-тірес жағдайда жұмыс істеуі - төртінші шақырылымның еншісіне бұйырыпты. Үкіметтің өзіне қажетті заң жобаларына келгенде «Асығыс болып қалды, іске асу керек, егер, келісімдеріңізді бермесеңіздер бізге инвестиция келмей қояды» деп, мәселені қоюландырып, жіберетінін журналистерге ашып айтқан да осы шақырылымның депутаттары.

Төртінші шақырылымның күн тәртібіне шығарылған мәселелері арасында жұртты елең еткізген оқыс оқиғалар да орын алып қалды. Азық-түліктің қымбаттауы және қаржы мен ипотекалық дағдарысқа байланысты Үкімет кеңсесіне қарай түйдек-түйдегімен депутаттық сауалдар жолданды. Парламент қоржынына түсіп үлгірмей жатып, ғаламторға түсіп кеткен Мемлекеттік тіл туралы заң жобасы Парламент қабырғасын бір сілкіп алды. Ұлттық банктің төрағасын Парламентке «келтіре алмаған» сенатор  Қасымов және Ұлттық Банк Төрағасының оған қайтарған қарымта жауабы ел ішінде аңызға бергісіз әңгіме ретінде тарап кетті. «Тоқал» туралы әңгіме де нақ осы шақырылымды толқытып жібергенін әлі ұмыта қойған жоқпыз. «Еркектерге екі әйел алуға рұқсат беретін заң қабылданса, әйелдерге де екі күйеуге тиюге рұқсат берілсін» немесе «Бізге қазақстандық БАҚ-тың кеңістігі тар. «Парламент ТВ керек» деп шыққан Б. Сыздықова, Түркістандағы Қожа Ахмед Яссауи кесенесінің апатты жағдайына Үкіметтің назарын аударған, мемлекеттік тіл туралы өзекті пікірімен Ассамблеядағы әріптестерінің қалғып кетуіне жол бермей жүрген Р.Халмұрадовты, ұлттық ар-ождан, мемлекеттік мүдде, ұлттық тәлім-тәрбие, оқулық, қазақ киносы тақырыптары көтерілгенде өзіндік пікірін ашық айтқан Бекболат Тілеухан, «Қосшысы үшін басшысы жауап беруі керек» деп атойлап шыққан Тито Сыздықовтарды қазақ  парламентінің қарбалас тірлігі төртінші   шақырылымның ньюс-мейкеріне айналдырды. Қызылжардың тарихи атауы үшін күрес экс-мәжілісмен Жарасбай Сүлейменовке «Мылтықсыз майдан» деген кітап жаздырды.

Иә, қалай десекте, төртінші Мәжіліс те алдыңғылары тәрізді өзін-өзі таратып, тарих қойнауына еніп кетті. Енді төменгі палатаның қоржынында қалған «Атом энергиясының пайдалану туралы», «Мүдделік қолдау туралы», «Ғарыштық қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Арнайы мемлекеттік органдар туралы», «Телерадио тарату туралы», «Неке және отбасы туралы» , «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңдарды алдағы бесінші шақырылымда қабылдау міндеті тұр.
Ал, төртінші Мәжілістің алдыңғы Мәжілістерден қандай айырмашылығы болды?» деген сұраққа жауап берген саясаттанушылардың басым көпшілігі «кемшіл тұстары көп болмаса, асып түскен еш жері жоқ» дейді. Үшінші шақырылымның экс -депутаты Амалбек Тшанның пайымдауынша соңғы шақырылымның жұмысында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Керісінше,  кемшіл тұстары көп болды.
- Қоғамның күрделі мәселелерін шешуге ұмтылыс та жасамады. Тіпті басқасын былай қойып, елді дүрліктірген терроризм мәселесіне қарауға да құлықсыздық танытты. Терроризм Таразда ғана басталған жоқ. Мұның бәріне атүстілік таныту биліктің заң шығарушы тармағына еш абырой әпермейтіні анық, -дейді экс -депутат.

«Төртінші шақырылымның басты жеңісі не?» деген сұрақты біз журналист Марат Тоқашбаевқа қойдық:

- Бізде парламентарризмнің қалыптасып қалған жүйесі бар. Төртінші шақырылым да соған сай жұмыс істеді. Жекелеген депутаттар тарапынан қазақ тілінде ұсынылған заң жобалары байқалмады. Тіпті атаусыз қалды десе де болады. Әкім Ысқақ қазақ тілінде дайындаған «Көші-қон» туралы заңнан кейін Қазақ Парламенті мемлекеттік тілде заң жобасын дайындауға мойын бұрмады. Одан бері біраз заман өтті. Заңның жетілдірілмеген тұстары еліміздің көші қон заңына кері әсерін тигізді. Мемлекеттен бөлінген квотаның өзі 33 пайызға ғана игерілді. Бұл төртінші шақырылымның үлкен ағаттығы.

Алдағы шақырылым екі немесе үш партиялы болады деп үміттеніп отырмыз. Алдағы уақытта Мәжілісте ұлт тағдырына, мемлекеттік мүддеге селқос қарай алмайтын депутаттардың саны көп болады деп ойлаймын. Онамастика, мемлекеттік тілге, қатысты заң жобалары Парламент қарауына қайта қарауға ұсынылуы керек, -дейді ол.

Ал төртінші шақырылымның көкейінде жүрген, бірақ қарап үлгере алмаған заң жобалары туралы экс-мәжілісмендер не дейді?

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, экс-мәжілісмен:

- Төртінші шақырылымның жүгі жеңіл болған жоқ. Елді дағдарыстың қыспағынан алып шығуға септігін тигізген заң жобалары біздің тұсымызда қабылданды. Төртінші шақырылым ғаламдық дағдарыс жағдайында өмір сүрді. Осыған байланысты біздің мақұлдауымыздан өткен заң жобаларының әлеуметтік-рухани сипаты кемшін түсіп жатты. Бүкіл әлемдік қаржылық -экономикалық дағдарыс халықтың әлеуметтік жағдайын жеңілдетуге жол ашатын заң жобаларын қабылдауға мүмкіндік бермеді. Біз дағдарыстан -дамуға енді бет алдық. Елдің еңсесін түзегені енді ғана. Мемлекеттік тіл, Ауыл туралы, Жер-су атаулары, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне берілетін жеңілдіктер туралы заң жобалары көкейде жүргенмен, оны қарауға мүмкіндік болмады. Әсіресе, Ауыл және мемлекеттік тіл туралы заң жобалары бірінші кезекте қаралауы керек деп ойлаймын. Қазақ ауылы қазір иесінен айырылудың алдында тұр. Ауылға ие бола жастардың бәрі қалаға нәпақа іздеп кетті. Бұл урбанизацияның ең жабайы түрі. Ауыл туралы нақты заң ғана ауылдың шырайын келтіреді.

Қазір маған журналистер тарапынан «Сіз тізімде неге жоқсыз? » сұрақтар көп қойылады. Парламент мемлекеттің бас мінбері, беделді саяси институт. Сондықтан оған жаңа Тұлғалардың келуі, бұрынғылардың орын беруі - заңды құбылыс. «Нұр Отан» ХДП атынан сайлауға түсетін үміткерлер эволюциялық сабақтастастықты ескеріп, іріктеліп алынды. Бұдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ.  Біз қарап үлгірмеген заң жобаларының бәрі бесінші шақырылымға аманат. Алдағы уақытта депутаттық сауалдарға Үкімет ерекше назар аударып, жүзеге асыруға тырысса, сол дұрыс болар еді. Көп жағдайда біз көтерген мәселелер діттеген жеріне жетпей қалды. Үкімет сағаттары өтіп, министрлер келіп, есеп беріп жүрді. Сонда тек қана атқарылған істер тізіліп, мақтау естіді. Одан өзгесі назардан тыс қалып отырды. Мұны мен өз уақытында айттым, -дейді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417