Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2683 0 пікір 12 Желтоқсан, 2011 сағат 12:40

Нұрлыбай Қошаманұлы. Қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өмірінен деректі даталар

Өткен өмір сабақтарымыз болашаққа жол сілтейтін бағдарымыз. Маған тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Азат» қозғалысы тарихына қатысы бар дерек көздерін бере аласыз ба?» - деп харласушылар бар.

Солардың сұрауы бойынша тарихымыздың там-тұм дерегінен қызығушылардың жадына тамызық болсын деген оймен тоқсаныншы жылдары Орал облысында құрылған кейбір қоғамдық-саяси ұйымдардың өмірінен дерек беретін тарихи даталарды хронологиялық ретімен оқырманға ұсынамын.

 

Қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың

өмірінен деректі даталар

 

1990 жылы 27 қаңтарда облыстық филармония үйінде Орал облыстық «Қазақ тілі» қоғамының конференциясы өтіп, қоғам төрайымы болып А.Қадырбаева сайланды.

01.02.1990 жылы Алматыда Жазушылар Одағының үйінде Республикалық «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Теңтөрағалары С.Ақатай, М.Есеналиев, М.Шорманов

24.02.1990 жылы Орал қалалық казактарының тарихи-мәдени қоғамы дүниеге келді. Атаманы: Ю.В.Баев.

31.03.1990 жылы Орал қалалық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы өтіп, оның тұңғыш төрағалығына С.Абылаев, бірінші орынбасарлығына Н.Қ.Сисенбаев сайланды.

Өткен өмір сабақтарымыз болашаққа жол сілтейтін бағдарымыз. Маған тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Азат» қозғалысы тарихына қатысы бар дерек көздерін бере аласыз ба?» - деп харласушылар бар.

Солардың сұрауы бойынша тарихымыздың там-тұм дерегінен қызығушылардың жадына тамызық болсын деген оймен тоқсаныншы жылдары Орал облысында құрылған кейбір қоғамдық-саяси ұйымдардың өмірінен дерек беретін тарихи даталарды хронологиялық ретімен оқырманға ұсынамын.

 

Қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың

өмірінен деректі даталар

 

1990 жылы 27 қаңтарда облыстық филармония үйінде Орал облыстық «Қазақ тілі» қоғамының конференциясы өтіп, қоғам төрайымы болып А.Қадырбаева сайланды.

01.02.1990 жылы Алматыда Жазушылар Одағының үйінде Республикалық «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Теңтөрағалары С.Ақатай, М.Есеналиев, М.Шорманов

24.02.1990 жылы Орал қалалық казактарының тарихи-мәдени қоғамы дүниеге келді. Атаманы: Ю.В.Баев.

31.03.1990 жылы Орал қалалық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы өтіп, оның тұңғыш төрағалығына С.Абылаев, бірінші орынбасарлығына Н.Қ.Сисенбаев сайланды.

1990 жылы маусым айында Орал облысы орыс-казактарының «Қайта түлеу комитеті» (Возрождение) құрылды.

1990 жылы Алматыда республикалық Қазақ тілі» қоғамының тамыз пленумында А.Қадырбаева жиналғандарды тұңғыш рет Оралда құрылған «Комитет возрождениямен» және оның «Манифестімен» таныстырды.

1990 жылы 27 тамызда қаланың Е.Пугачев атындағы алаңында Орал казактары алғашқы мититингіге шықты. Митингіде КСРО Жоғарғы Кеңесі атына Орал облысын Ресей құрамына қосу талаптары көрсетілген «Қарар» қабылданды.

03.09.1990 жылы Орал облыстық «Алаш» ұлт азаттық қозғалысы партиясы» құрылды. Жетекшісі: Исмағұл Хасенұлы.

04.09.1990 жылы Орал қалалық Кеңесінің «Орыс тілі қаладағы жергілікті ресми тіл болып табылсын. Орал қаласында іс қағаздары, сот ісі орыс тілінде жүргізілсін» - деген Қазақ ССР Тіл туралы Заңын бұрмалаған №5-2; 5-3-ші қаулылары шықты.

19.09.1990 жылы Қазақ ССР Тіл туралы Заңын бұрмалаған Орал қалалық Кеңесінің №5-2; 5-3-ші қаулыларының күшін бұзу туралы облыс прокуроры Қ.Ш.Талиповтың халық депутаттары Орал облыстық Кеңесіне жазған Ұсыныс Хаты түсті.

21.09.1990 жылы Оралда «Форум» қоғамдық-саяси орталығы үйінде аймақтағы қалыптасқан күрделі саяси, ұлтаралық мәселелерге байланысты ғалымдар мен тарихшылар қатысқан «Советтік Қазақстан шынайы егемендік жолында» деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өтті.

22.09.1990 жылы атаман А.Качалин казактардың тарихи-мәдени қоғамының құрылтайшылығымен «Народное движение возрождения» (НДВ) атты үшінші бір қозғалыстың дүниеге келгенін мәлімдеді. Бұл қозғалыстың бағдарламасында Орал облысын Ресейге қосу басты мақсаттың бірі ретінде көрсетілді.

30.09.1990 жылы «Форум» қоғамдық-саяси үйінде облыстық және қалалық «Қазақ тілі» қоғамдарының біріккен жиналысы өтті. Онда Президент және Жоғарғы Кеңес атына қазақ халқының талап-тілектерін білдіретін, облыстағы ұлтаралық ахуалдың ушығыуына әкелуі мүмкін территория тұтастығының қамтамасыз етілуі мен Орал қалалық кеңесінің тіл туралы заңды бұрмалаған шешімін тоқтату қажеттігі туралы 7 ұсыныстан тұратын «Ашық хат» қабылданды.

09.10.1990 жылы КСРО халық депутаты Н.А.Маркиннің басқаруымен Оралдағы «Омега» прибор жасау заводында «Қазақ ССР-нің егемендік туралы Декларация жобасының» талқылануына және «Тіл туралы Заңына» қарсылық білдірген орыс-казактарының ықпалымен кетеен қала жұмысшыларының жиыны өтіп, «Үндеу» қабылданды.

21.10.1990 жылы Ақтөбеде «Алдаспан» қоғамдық бірлестігі құрылтайының делегаттары КСРО перзиденті М.С.Горбачевқа және Қазақстан президенті Н.Назарбаев атына «Возрождение» казак қозғалысының сепараттық пиғылдарына алаңдаушылық білдірген «Талап Хатын» жіберді.

30.11.1990 жылы Краснодарь қаласында Ресей казактары Одағының Кеңесі өтіп, онда «Ресей казактарының Декларациясы» қабылданды. Осы құжатқа қазақстандық Ертіс, Жетісу және Жайық казактары Одағы Ресей казактарының құрамдас бөлігі ретінде кірді.

04.12.1990 жылы Орал облыстық прокурорының және Әділет басқармасының талап етуімін халық депутаттары Орал қалалық кеңесінің ХХI сайланған алтыншы сессиясы №6-6 қаулысымен, өздерінің тіл туралы заңды бұрмалаған 1990 жыл 4 қыркүйектегі №5-2; 5-3-ші қаулыларының күшін жойды. Бұл құжатқа Орал қалалық кеңесі төрағасының орынбасары А.Любавин қол қойды.

1991 жылы ақпан айында орыс-казактары «Орал Казак Автономияның егемендігі Декларациясын» жариялады.

21.05.1991 жылы Оралда бір топ тіл жанашырларының қолдауымен ҚАҚ «Азат» қозғалысының бастауыш ұйымы құрылды. Хатшысы: Т.Жолманов.

1991 жылы 28 мамырда Орал қалалық атқару комитетінің орыс - казак әскерлерінің патша ағзамға қызмет етуінің 400 жылдығын атап өту жөніндегі №712 қаулысы шықты. Құжатқа қалалық атқару комитетінің төрағасы Б.Ғ.Молдашев пен іс басқарушысы А.Н.Мартышкин қол қойған.

06.06.1991 жылы «Форум» қоғамдық-саяси үйінде республикалық «Азат» азаматтық қозғалысының Орал облыстық бөлімшесі құрылды. Жетекшілері: А.Зинуллин, Қ.Төлежанов.

15.06.1991 жылы Ресей казактарының құрылтайшылығымен «Орал казактары Одағы» (Союз Уральских казаков) атты «әскери» құрылымның құрылғандығы жарияланды. Атаманы: А.А.Качалин.

05.07.1991 жылы қалаткомның 28.05.1991 жылғы №712 қаулысы негізінде Орал казак әскерлерінің патша ағзамға қызмет еткеніне 400 жыл мерекесін «Орал өңірі халықтары достығы күні» аясында 5-6 қазан «Республика күніне» орайластыра өткізу жөнінде Орал облыстық Кеңесінің төрағасы Н.Есқалиев қол қойған екінші шешімі шықты.

17.07.1991 жылы Орал қалалық партия комитетінің бюросы «қайта құрудың өрістеп, қоғамның демократиялануы ендігі жерде казактарға халықтың бір бөлігі деген объективті баға беру қажеттігін тудырып отыр» - деп, оларды «этнос», «ұлт» ретінде тану қажеттігін мәселе етіп қойды.

1991 жылы «Азат» ұйымының құрылтайшылығымен «Тамаша» шағын кәсіпорны құрылды. Оны әр жылдары А.Зинуллин Т.Сәтқұлиев, Ғ.Сапаров, Е.Қобыланов басқарды.

04.09.1991 жылы Алматыда өткен құрылтайда республикалық «Азат» азаматтық қозғалысының негізінде «Қазақстанның Республикалық Партиясы» құрылды.

13.09.1991 жылы Орал облыстық «Азат» қозғалысы жанынан «қыркүйек оқиғасы» күндері қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында «Намыс» тобы құрылды. Жетекшілері: Т.Жолманов, О.Қыстаубаев.

14.09.1991 жылы «қыркүйек оқиғасы» күндері облыстық «Азат» қозғалысы жанынан спортшы жігіттердің тобы құрылды. Жетекшісі: Н.Қонарбаев.

15.09.1991 жылы 400 жылдық мерейтой деген желеумен Орал қаласында белгіленген бүкілресейлік казактардың құрылтайы «Казак автономиялық республикасының» ресмилігін жариялап жібермекші болды.

13.09-16.09.1991. күндері аралығында «Азат» қозғалысының ұйымдастыруымен Оралда автономия құрып, облыс аумағын Ресейге қосуды мақсат еткен орыс-казактарының сепараттық әрекеттеріне наразылық ретінде республикамыздың 12 облысынан келген еріктілердің «Бүкілқазақстандық антисепаратистік қарсылық акциясы» өтті. Нәтижесінде бүкілқазақстандық наразылық акциясы Ресей тарапынан жер даулаған «саяси терроризмнің» бетін қайтарды.

16.09.1991 жылы наразылық акциясының соңғы күні «Жайық казактарының арандату әрекеттеріне байланысты Қазақстанның «Азат» республикалық партиясының қорытынды Мәлімдемесі» - таратылды.

17.09.1991 жылы «Орал оқиғасы» бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының арнайы отырысы өтіп, онда казактардың сепараттық пиғылдары айыпталды.

22.09.1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының Орал облыстық ұйымының құрылтайы өтіп, онда қозғалыстың (04.09.1991 жылғы жарғыға сәйкес) бұдан былайғы жерде «ҚРП-сы Орал облыстық бөлімшесі» болып аталатындығы жарияланды. Құрылтайға С.Ақатай қатысты. Осы құрылтайда партияның теңтөрағалары болып: А.Зинуллин, А.Е.Қадырбаева сайланды.

1991 жыл 5-6 қазан күндері республикалық «Азат» қозғалысының 1-ші съезі өтіп, оның тіркелгендігі 25.12.1991 жылы Әділет Министрлігінде рәсімделді.

1991 жылы 14 қазанда Алматы қаласында Айсұлу Қадырбаева Қазақ жерінің аумақтық тұтастығына қол сұғып, жер даулаған орыс - казактарының сепараттық әрекеттері қылмыс ретінде тергеліп, оған саяси баға беруді талап етіп аштыққа отырды. Аштыққа Оралдық М.Балмолдин, Қ.Ибатов және Жамбылдық М.Нүсіпова мен Қ.Кәрібаева қосылды. Саяси аштық 11 күнге созылды.

19.10.1991 жылы Оралда «қыркүйек оқиғасына» байланысты Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің депутаттары мен облыстық «Азат» қозғалысы және «Азат» партиясының біріккен жиналысы өтті.

25.10.1991 жылы 13-16 қыркүйек күндері Оралда болған «Қыркүйек оқиғасының» орын алу себептері мен салдарларын анықтау, оған саяси және құқықтық баға беру үшін Президенттік комиссия құрылды.

19.12.1991 жылы Оралда «Азат» қозғалысының ұйымдастыруымен 15.00 - 19.00 сағат аралығында Пугачев алаңында 1986 жылғы «желтоқсан көтерілісінің 5 жылдығына» арналған рұқсат етліген митингі өтті. Митингіге қалалық атқару комитетінің төрағасы Қ.Жақыпов өзінің 13 желтоқсандағы №208 шешімімен ұрықсат берді.

22.12.1991 жылы Қазақстанның Республикалық Партиясы «Азат» пен ҚАҚ «Азат» қозғалысының біріккен отырысында облыстық «Азат» қозғалысының тең төрағалары болып А.Зинуллин, Н.Сисенбаев және Ғ.Сапаров сайланды.

12.01.1992 жылы «Азат» партиясы жанынан тәуелсіз «Батыс Қазақстан облыстық «Адам» еркін кәсіподағы құрылды. Жетекшісі: О.Жәкібаев.

31.01.1992 жылы облыстық «Азат» қозғалысы жергілікті юстиция басқармасында №036-шы болып кезекті тіркеуден өтті.

26.02.1992 жылы Алматыда ҚРП-сы, «Қазақстанның Республикалық Партиясы «Азат» болып қайта тіркеуден өтті. №0122-ші болып Әділет Министрлігінде құжатын тіркетті. Жетекшілігіне С.Ақатаев сайланды. Ал, «Азат» қозғалысы жетекшілігне М.Есеналиев, Ж.Қуанышалин, Х.Қажахметов, Д.Көшім келді.

28.04.1992 жылы «Азат» қозғалысы және «Азат» ҚРП-сы облыстық филиалы жанынан «Ақ Орда» атты Баспанасыздар Одағы құрылып, Әділет Министрлігінде ресми тіркеуден өтті. Жетекшісі: Мақсот Өтеғалиев.

10.04.1992 жылы Батыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында облыстық ҚРП-сы «Азат», «ҚРП-сының облыстық бөлімшесі» болып қайта тіркеуден өтіп, №047-ші куәлігін алды.

10.04.1992 жылы «Азаттық үні» атты үнқағаз (газет) 7 мың данамен шықты.

11.05.1992 жылы «Азат» атты вокальды аспапты концерттік топ құрылды.

13.05.1992 жылы Орал облыстық «Азат» қозғалысы мен ҚРП-сының облыстық бөлімшелерінің ұйымдастыруымен «Хан тоғайында» «Қазақ халқының өз ұлттық мемлекетіндегі құқы және жастар проблемасы» тақырыбына митингі өтті.

20.05.1992 жылы «Қазақстанның Республикалық Партиясы «Азат» пен «ҚАҚ «Азат» қозғалысы Кеңестерінің біріккен отырысы өтіп, Азат қозғалысының тең төрағалары болып А.Зинуллин, Н.Сисенбаев және Ғ.Сапаров сайланды.

31.05.1992 жылы Оралда алғашқы болып «Азат» қозғалысы мен ҚРП-сы репрессия құрбандарына арнап ас берді.

«Азат» газетінің 1992 жыл, шілде айындағы №8-ші санында 13-16 қыркүйек күндері Оралда болған «Қыркүйек оқиғасының» (көтерілісінің) орын алу себептері мен салдарларын анықтау үшін құрылған Президенттік комиссияның қорытынды Анықтамасы (Справка) жарық көрді.

11.10.1992 жылы Алматыдағы съезде ҚРП, ҚАҚ «Азат» қозғалысы, Желтоқсан партиялары бір саяси одаққа бірігіп (04.09.1991ж. құрылтайда қабылдаған жарғыға сәйкес), «Қазақстанның Республикалық Партиясы «Азат» болып құрылды.

01.01.1993 жылы Азаттың органы «Батыс Қазақстан» газетінің алғашқы саны 10 мың данамен шықты. Газет ҚР-сының және ақпарат Министрлігінде №818-ші болып тіркеуден өтті. Редакторы: О.Жәкібаев.

1994-30.08.1995 жж. «Азат» қозғалысы теңтөрағалығын А.Зинуллин, Н.Қ.Сисенбаев, Е.Қобланов атқарды.

14.05.1994 жылы облыстық «Азат» қозғалысы митингі өткізіп, онда Президент пен Парламент атына елдің әлеуметтік өмірін сауықтандыру жолындағы өздерінің «Экономикалық Концепциясын» жариялады.

31.08.1995-1997 жылдары аралығында Батыс Қазақстан Облыстық «Азат» қозғалысының төрағасы қызметін Д.Өтегенов атқарды.

11.04.1997 жылы Оралда ұлтаралық және аумақтық саяси, экономикалық тәуелсіздікті баянды етуді мақсат еткен «Еділ-Жайық қазақтарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Сұлтаны: А.Зинуллин, Бас уәзірі Д.Өтегенов.

2006 жылы Орал қаласында Желтоқсан көтерілісінің 20, Орал оқиғасының 15, ҚР-сы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған: «Тәуелсіздіктің қос қанаты» атты қоғамдық-тарихи конференция өтті. Ұйымдастырушылар: Е.Қобланов, Л.Хайреденов.

16.12.2009 жылы Тәуелсіздіктің 18 жылдығына орай жергілікті зиялы қауым, қоғамдық ұйым өкілдері мен тарихи кейіпкерлердің қатысуымен Орал облыстық тарихи өлкетану мұражайында дөңгелек үстел өтіп, 1991 жылғы «Орал оқиғасына» арналған бейнедеректі бұрыш ашылды.

 

«Орал оқиғасы» туралы әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар

 

1. «Азат» болып, казак болып тірескендерді тәуелсіздік табыстырып отыр» («Егемен Қазақсатан» газ., 20.02.2001,Т.Құсайын);

2. «Орал желтоқсанның жалғасы» («Егемен Қазақстан» газ., 30.05.2001, Н.Қ.Сисенбаев);

3. «Желтоқсан мен қыркүйек тәуелсіздік атты қарлығаштың қос қанаты» («Еділ-Жайық» газ, 01.06.2001, Н.Қ.Сисенбаев);

4. «Оралдағы 1991 ж. қыркүйек көтерілісі саяси бағасын алуға тиіс» («Еділ-Жайық» газ., 15.06.2001, Т.Жолманов);

5. «На пороге десятилетия независимости» («Еділ-Жайық» газ., Е.Қобланов);

6. «Оралдағы дүрбелең» («Алтын Орда», 28.09.2001, С.Ерғали);

7. «Қатерлі күндер» («Алтын Орда» газ., 26.10.2001, Н.Қ.Сисенбай);

8. «Алаш пен Азат» («Алтын Орда» газ., 02.11.2001, С.Ерғали);

9. «Салауатты халқы бар ел-жетім емес» («Жас Алаш» газ., 15.12.2001, О.Жәкібаев);

10. «Желтоқсан - Орал оқиғаларына себеп болған жер мәселесі» («Ақтөбе» газеті» газ., 14.12.2000, Ж.Қуанышәлі);

11. «Дүрбелең» («Ақ жол Қазақстан» газ., 31.10.2003, Н.Қ.Сисенбай);

12. «Дүрбелең» («Ақ жол Қазақстан» газ., 07.11.2003, Н.Қ.Сисенбай);

13. «Азаттың күйреуі» («Жас Алаш» газеті, 20.06.2006, Н.Қ.Сисенбай),

14. «Благоразумие сильнее танков» («Экспресс К» газ., 18.08.2006, Н.Есқалиев);

15. «Олар Оралды бөліп әкетпек болып еді» («Алтын Орда» газеті,

08-14.09.2006, Н.Қ.Сисенбай);

16. «Тәуелсіздік жолындағы тағы бір бұлқыныс» («Алтын Орда» газеті, 08-14.12.2006, Ж.Шамұратова);

17. «1991 жылғы Орал оқиғасының қауіпті тұстары» («Алтын ғасыр» газеті, 07.09.2007. Н.Қ.Сисенбай);

18. «Тәуелсіздік тұсындағы соңғы бұлқыныс» («Айна Ақтөбе» газеті, №21-22 қараша 2009, Н.Қ.Сисенбай);

19. «Ел тәулсіздігіне тікелей араласқан тарихи кейіпкерлер» («Айна Ақтөбе» газеті, 19.11.2009, Н.Қ.Сисенбай);

20. «Азаттық жолындағы алғашқы ұландар» («Айна Ақтөбе» газеті, 01.10.2009, Т.Қатауов).

21. «Ел іргесін бекіткен көтеріліс» (С. Ерғали - «Абай - ақпарат» 20 қыркүйек, 2010).

22. «Жайық көтерілісіне - 19 жыл» (С. Ерғали - «Абай - ақпарат» 15 қыркүйек, 2010).

23. «1991 жылғы Орал оқиғасы. Даудың басы» (Е.Қарабек - «Алтын ғасыр газеті, №34,35,36-сандары, 2011 жыл)

24. «Қыркүйекке» қиянат жасамайық, ағайын» (Бегалы Кердерітегі, Көкбөрі Беріш, «masa.kz» ақпараттық порталы - 24.10.2011).

 

 

«Азат» тарихына қатысты баспадан шыққан кітаптар

 

«Ақиқатын айтқанда» кітабы (М.Есеналиев: «Қазақстан» баспасы, Алматы - 1998).

«1991, қыркүйек - «Орал оқиғасы» кітабы (Н.Қ.Сисенбай: «Лазер» баспасы, Ақтөбе - 2001).

«Азат қозғалысы» (Б.Дәрімбет: «Өркениет» баспасы, Алматы - 2001).

«Хакім. Михаил Иванович...» кітабы (Ғ.Қабышұлы: «Нұрлы әлем» баспасы, Алматы - 2001).

«Азат пен Аманат» кітабы (С.Жүсіп: «Тұмар» баспасы, Қызылорда - 2006).

«Азаттық» кітабы І-ІІ-ІІІ том (О.Жәкібаев: «Полиграфсервис» баспасы, Орал - 2007).

«Айсыз түнгі ақ жұлдыз» кітабы (А.Есмұрзаев: Алматы - 2007).

«Азат» азаттық жолында» кітабы (Н.Қ.Сисенбай: «Литер-А» баспасы, Ақтөбе - 2008).

«Ұлтым деп соққан жүректер» кітабы (Б.Төлепберген, Д.Көшім: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы ЖШС», Алматы - 2009).

«Әділетқисса» кітабы, (С.Жүсіп. Қызылорда - 2010 жыл).

 

Нұрлыбай Қошаманұлы, Ақтөбе қ.

14.11.2011 жыл

http://dat.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502