Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2144 0 пікір 12 Мамыр, 2021 сағат 23:47

Әскер: идеология, айбын, рух!

Қуатты әскер идеологиялық тұғыры мықты болуы тиіс. Әскердің негізі заманауи қару ғана емес, мықты рух пен мұқалмас қайрат және шексіз патриотизмнен тұрады. Бұл жалаң сөздер емес. Шынайы тұрғыдан іске асуы тиіс құндылықтар. Рух жоқ жерде жеңіс жоқ, кіл жеңіліс. Сондықтан да Қазақстан қарулы күштері әскерді де, әскерге баруды мақсат тұтатын жастарды да патриоттыққа тәрбиелеуге барын салып келеді. Жыл сайын осы мақсатта патриоттық шаралар, жиындар, ойындар, жас ұрпаққа тәрбие беру әрекеттері мен жобалары, бағдарламалары іске асуда.

Бас штаб әскери қызметшілерді идеологиялық тәрбиелеу бойынша жұмысты ұйымдастыруды тоқтатқан емес. Оның ішінде әскердің күш-жігерін патриотизм негіздерін нығайтуға, әскери қызметтің беделі мен мотивін көтеруге бағыттап келеді. Оның ішінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен президент Қ.К.Тоқаевтың жолдауларын, құжаттарын жеке құрамға түсіндірді. Өйткені әскери стратегиялық құжаттардың басым бөлігі осы жолдаулардан бастау алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты жолдауының негізгі ережелері мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту», «Ұлы даланың жеті қыры», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламалық мақалалары аясында жас ұрпаққа партиоттық әскери тәрбиелер берілуде.

Мемлекеттік-құқықтық оқыту жүйесінде кадрларды ақпараттандыру, Қазақстанда жүргізілген саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар туралы түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылып келеді. Әскери мамандарға «Туған жер», «Сакралды Қазақстан», «Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақ мәдениеті» жобаларын іске асыруға арналған «Рухани жағыру» бағдарламасын кеңінен насихаттау, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты тақырыптар да түсіндірілуде. Неге? Себебі дәл осы бағдарламаларда туған жерді сүю, ұлтының тіліне деген жанашырлық, тарихты білу мен отанымыздың қасиетті жерлерін ардақтауға қатысты идеологиялық материалдар жеткілікті. Оны әр әскери маман мен әр сарбаз біліп, түсініп, жүрегіне құйып алуы маңызды. Сонда ғана туған жердің әр тасы, суы мен нуы, әр сүйем жері мен бір уыс топырағы үшін қасық қаны қалғанша қорғау қасиеті бойында пайда болмақ.

Сонымен қатар әскерилер қатысатын тәрбие жұмысының сағаттарында дәрістер, мәдени, этникалық, тілдік және діни әртүрлілікке негізделген негізгі қазақстандық құндылықтарды ашатын сұхбаттар өткізіледі. Бұл Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Іс-шаралар көрнекті қазақстандық мемлекеттік және әскери басшылардың мысалдары бойынша деректі фильмдер және техникалық білім беру құралдарын қолдана отырып өткізіледі. Әскери қызметшілердің жеке құрамы мен отбасы мүшелеріне түсіндіру шараларына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері қатысады. Бұл өте дұрыс. Себебі ұрпақтар сабақтастығы мен байланысы, визуалды көрініс арқылы тәрбие алудың маңызы да, эффектісі де мол.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен бірге әскери-патриоттық іс-шаралардың барлық кешені ұйымдастырылды, олардың ішінде мыналарды атап өту керек:

- «Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу;
- орта білім беру ұйымдарында «Ерлік сабақтары», патриоттық акциялар, әскери далалық ойындар, жарыстар, әскерилендірілген жорықтар және эстафеталар өткізу іске асады. Оның ішінде «Жады», «Ардагерлерді құрметтеу - олардың ерліктеріне тағзым!» «Ашық есік күні», «Жас армия сарбазының күні», «Қазақстан армиясындағы бір күн», «Ақ найза», «Ұлан», «Алау», «Батыр», «Жас Ұлан - Жаңа Миссия», «Армия балалардың көзімен», «Соғыссыз әлем», «Менің гарнизоным», «Үздік қала» сайыстары мен шаралары іске асуда. Бұл сайыстарға балалар да, мектеп оқушылары да қатысып келе жатқандықтан, жас ұрпаққа беретін патриоттық тәрбиесі көп.
- Республикалық «Ел тірегі» акциясы шеңберінде әскерге шақырылушыларды әскерге жіберудің салтанатты рәсімдерін өткізу, жас сарбаздардың әскери ант қабылдау, жауынгерлік дайындық пен қызмет негізінде ерекшеленген әскери қызметшілерді құрметтеу, марапаттау, әскери қызметке жіберу жедел әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өтеген запастағы әскери қызметшілерді ынталандыру жұмыстары іске асуда. Бұл да сарбаздың абыройын көтеріп, мерейін үстем ететін шаралардың бірі һәм бірегейі.
Дәстүрлі негізде жыл сайын білім беру ұйымдарында батылдық, ерлік сабақтары өткізіледі. Биылғы жылы Отан қорғаушылар күні аясында 2000 мектепте ерлік сабақтары онлайн түрде өткізіліп, 50 мыңнан астам оқушылар қамтылды. Оған мыңнан астам әскери қызметшілер мен Қарулы Күштердің ардагерлері тартылды. Ауған-тәжік шекарасында соғысқан ардагерлер мен бітімгерлік күштерінде болған азаматтар қатысып келеді. Жас ұрпаққа отанды қорғаудың маңыздылығы, отанның қасиеті мен ол үшін отқа да түсіп, суға да бату керектігі жайлы тарихи оқиғалар мен шынайы фактілер айтылады.

Идеологиялық тәрбие құралдарының бірі - Қорғаныс министрлігінің жан-жақты ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысымен тығыз байланысты. Соңғы екі жылда кешенді ақпараттық-түсіндіру тобы республиканың барлық аймақтарында болып қайтты. Оған барлығы 120 мыңнан астам әскерге шақырту алған жастар, әскери қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері қамтылған.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметке жұмыссыз жастарды тарту мақсатында азаматтар жыл сайын келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданады. Өңірлердегі қорғаныс ведомстволары жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына тарту бойынша үнемі жұмыс жүргізіп келеді. Оның ішінде келесіей қызметтер жасалуда:

- азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында оқуға үміткерлерді таңдау және бағыттау;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» РГКП филиалдарына әскери дайындықтан өткен резервтік бағдарлама бойынша оқудан өтуге тілек білдірген азаматтарды ақылы және ақысыз негізде жалдау;
- білім беру бөліміне білім беру ұйымдарының студенттерімен алғашқы әскери дайындық курсын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету;
- сержанттар мен сарбаздар лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызмет өткісі келетін азаматтарды іріктеу.
Әскери қызметкерлердің отбасыларындағы отбасылық құндылықтар мен моральдық-психологиялық ахуалды нығайту, әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің рухани, адамгершілік және мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін зерттеу және қанағаттандыру мақсатында әскери қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру іске асырылуда.

Жалпы келісімшарт негізіндегі әскер санын арттыру аса өзекті. Себебі заманауи жаһандық қақтығыстарға назар аударсақ, соғыс шағын бірақ жылдам қозғалып, тез маневр жасай алатын әскермен іске асуда. Оның ішінде келісімшарт негізіндегі әскерилер саны басым болып келеді. Сондықтан да ол өте маңызды. Қазақстан экономикасы келісімшарт негізіндегі әскермен жабдықталуға толық мүмкіндік бар. Себебі экономика мен әскерге бөлінетін қаражат оған жеткілікті. Жалпы алғанда Орталық Азияда келісімшарт негізінде жұмыс жасайтын әскер саны бойынша еліміз көш басында, бұл қуантарлық факт.

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, гарнизондарда әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу мәселелері жүйелі түрде шешілуде. Тәуелсіздік алған жылдары әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық мекемелер және әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына арналған мыңдаған шаршы метр тұрғын үй ретінде ең маңызды әскери бөлімдер басқаратын әскери қалашықтар салынды. Осының бәрі әскердің рухын көтеріп, ішкі серпіліс санын арттырып келеді.

Әскердің патриоттық сезімі жоғары болуы маңызды. Ол идеологияның мығымдығымен өлшенеді. Сондықтан да жүйелі жұмыс атқарылып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452