Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 5907 6 пікір 26 Тамыз, 2021 сағат 12:31

Ауғанстанда алапат аштық болады

Төрткүл дүниенің назары Ауғанстанда. НАТО күштері елден шығарылып, тәлібтер тұтас мемлекетті жаулап алды. Елдің 33 провинциясы тәлібтердің қол астына өтіп, тек Панджшер аймағына ғана Талибан билігіне қарулы қарсылық көрсетуде. Мемлекеттегі жағдай күрт нашарлап, қажетті тауарларды тұтынуда тапшылық байқалуда.

Көктемде Ауғанстанда ұрыс қимылдары басталып, елдің барлық аймағы соғыс ошағына айналды. Тәлібтер ең алдымен ұрысты солтүстік аймақтарды жаулап алумен көрінді. Бұл өз кезегінде елдегі астық өнімдерінің тапшылығына әкелді. Себебі солтүстік аймақтарда Ауғанстандағы астықтық ең көп көлемі өсірілетін, сонымен қатар Ауғанстанға астық экспорттаушы жолдар соғыс қимылдарына байланысты жабылды. Атап айтқанда түркімен, өзбек, тәжік шекаралары тәлібтердің әрекетінен кейін өз қақпаларын тарс жапты. Ал Ауғанстанға басты астық экспорттаушы елдің бірі Қазақстан болса, Өзбекстанның Термезі арқылы астық жіберетін. Алайда соғыс қимылдары 2016 жылдан кейін солтүстік аймаққа келіп, Мазари-Шариф маңы атыс алаңына айналғандықтан, астық жеткізу қауіпсіздік мақсатында азайтылды.

"Талибан" қозғалысының билікке келуінен туындаған дағдарысқа байланысты Ауғанстанда 14 миллионға жуық адам тапшылық салдарын шегуде. Бұл ел халқының 40%  деген сөз. Бұл туралы БҰҰ -ның азық-түлік бағдарламасының директоры Дэвид Бисли мәлімдеген болатын.

Бислидің айтуынша, Ауғанстан бірнеше жылдық құрғақшылыққа, қақтығыстарға, экономиканың нашарлауына және COVID-19 пандемиясына байланысты үлкен қиындыққа тап болады. Гуманитарлық апаттың алдын алу үшін БҰҰ қыркүйекке дейін кемінде 200 миллион доллар қаражат бөлуі тиіс. Оның барлығы тек азық-түлік алуға жұмсалмаса, онда халықтың шынайы аштыққа ұрыну қаупі артып келеді. Соғыс қимылдарына байланысты жарытып тамақ ішпегендердің саны соңғы үш айда екі есеге артқан.

БҰҰ АҚШ, Катар және Парсы шығанағының басқа елдері Ауғанстанға көмек үшін қажетті бюджетті бөледі деп үміттеніп отыр. Талибан қозғалысы болса азық-түлікті халыққа жеткізуге уәде беруде, алайда олар көмекті қаржы түрінде сұрауда. Ол қаржыны өз мақсаттарына қолдану қаупі де жоқ емес.

Мамандардың айтуынша, Ауғанстанда 36 миллион адам тұрады. Өткен жылдың қарашасында шет мемлекеттер төрт жыл ішінде Ауғанстанға 12 миллиард доллар гуманитарлық көмек беруді жоспарлаған. Алайда билікке тәлібтер келгендіктен, енді мемлекетке қолдау көрсетуді біраз ел тоқтатып тастады.

БҰҰ «Талибан» билік басына келгеннен бері бейбіт тұрғындарды өлтіру мен Ауғанстан қауіпсіздік күштерін қудалауды бастап кеткені туралы нақты ақпараттар барын айтып отыр. Тәлібтер елдегі азық-түлік мәселесіне бас қатырмайтын сыңайлы. Ал сарапшылардың айтуы бойынша күзде азық-түлік тапшылығын шешу мәселесі реттелмесе, қыста алапат аштық болып, босқындардың саны артуы мүмкін.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5254