Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6261 0 пікір 27 Шілде, 2012 сағат 11:15

Құдияр Біләл. Жан мен тән қалауы

Жәннат пен тозақ туралы ұғым барлық дінде де бар. Бірақ ұғым бір болғанымен бұл тұрғыдағы түсінік, таным, ұстанған жол әрқилы. Алайда адам баласының неліктен тозаққа баратындығы кімді де болсын мазалайды. Шынында да адамдар тозаққа неге барады? Жауап айқын. Күнәсі болған соң. Шынымен солай ма? Байыптап көрелік. Әуелі мына бір жайтқа назар аударайық. Кез келген ана өзінің туған баласына деген реніші мен өкпесі кешіре алмайтындай деңгейде болғанымен, ол бәрібір баласын шексіз азапқа салуды қаламас еді. Тіпті азаптауды ойламауы да мүмкін. Біздің діни түсінік бойынша ананың баласына деген махаббаты Алланың адамзатқа деген махаббатының қасында жіп есе алмайды. Алайда күнәһар пенделердің тозақтық болатындығы да Құран Кәрімде  ашық жазылған. Сонда Алланың махаббаты... Көңілге күмән ұялайды. Ол күмән дінге деген сенімге қаяу түсіреді. Оның үстіне өзге діндегілер де Алланың мейір-шапағат иесі екендігін жоққа шығаруға тырысып бағады. Қарсыласуға... Иә. Дәрмен жоқ. Бәрі рас. Тозақтың бар екендігін қай діндар да жоққа шығара алмайды. Сонда қалай, 70-80 жылдық ғұмырымызда жасаған азды-көпті күнәміз үшін тозақта мәңгілік азап шегу әділдік пе? Рахман, Рахим (аса қамқор, ерекше мейірімді) сипатқа ие Алла соған шынымен-ақ жол бере ме? Егер жол берсе... Онда...

Жәннат пен тозақ туралы ұғым барлық дінде де бар. Бірақ ұғым бір болғанымен бұл тұрғыдағы түсінік, таным, ұстанған жол әрқилы. Алайда адам баласының неліктен тозаққа баратындығы кімді де болсын мазалайды. Шынында да адамдар тозаққа неге барады? Жауап айқын. Күнәсі болған соң. Шынымен солай ма? Байыптап көрелік. Әуелі мына бір жайтқа назар аударайық. Кез келген ана өзінің туған баласына деген реніші мен өкпесі кешіре алмайтындай деңгейде болғанымен, ол бәрібір баласын шексіз азапқа салуды қаламас еді. Тіпті азаптауды ойламауы да мүмкін. Біздің діни түсінік бойынша ананың баласына деген махаббаты Алланың адамзатқа деген махаббатының қасында жіп есе алмайды. Алайда күнәһар пенделердің тозақтық болатындығы да Құран Кәрімде  ашық жазылған. Сонда Алланың махаббаты... Көңілге күмән ұялайды. Ол күмән дінге деген сенімге қаяу түсіреді. Оның үстіне өзге діндегілер де Алланың мейір-шапағат иесі екендігін жоққа шығаруға тырысып бағады. Қарсыласуға... Иә. Дәрмен жоқ. Бәрі рас. Тозақтың бар екендігін қай діндар да жоққа шығара алмайды. Сонда қалай, 70-80 жылдық ғұмырымызда жасаған азды-көпті күнәміз үшін тозақта мәңгілік азап шегу әділдік пе? Рахман, Рахим (аса қамқор, ерекше мейірімді) сипатқа ие Алла соған шынымен-ақ жол бере ме? Егер жол берсе... Онда...

Күнәміздің бары рас. Біліп істедік, білмей істедік, қай-қайсымыз да күнәдан пәкпіз дей алмаймыз. Үміт етеріміз тек Алла. Өзі кешірер. Ал кешірмесе ше? Бұл тұрғыда өзге діндер не дейді екен? Еріксіз жаутаңдайсың. Оның үстіне олардың да үгіті басым. Уағыздарына шамалы құлақ асқанның өзіне әлгілерге еріп кеткің келеді. Олардың дінінде мәңгілік азап деген мүлде жоқ. Әйтеуір бәрінің де бір-бір құтқарушысы бар. Ал бізде...

Әңгімені өрбітпес бұрын әуелі өзімізді танып алайық. Адам өзін таныса, Алланы да таниды. Бұл - діни қағида. Сонымен біз кімбіз? Айнаға қарайық. Кім де болсын айнадағы «бейнені» өзім деп таниды. Өзгелер де сені сол «бейне» арқылы біледі. Мемлекет сол «бейненің» сен екендігін растап құжат береді. Бірақ сен ол емессің. Міне, осы ой адамға келген күннен бастап ол өзін іздей бастайды. Егер өзін тапса, таныса онда Алланы да таниды. Бұлай болмай, әр адам әлгі «бейнесін» өзім деп танудан танбаса және сол бейнедегі адам дін жолына түсіп жер бетіндегі барлық діни оқу орындарын түгесіп, Құранды жаттап, хадистерді шекілдеуікше шаққанымен кәміл мұсылман бола алмайды. Оның жасаған ғибадаты мен оқыған намазынан да қайыр жоқ. Дұрысы - ахиретте қайыр жоқ. Ал бұл өмірде... Иә. Одан өткен данышпанды таппайсың. Ол - заңдылық. Себебі әлгі «бейне» тек осы дүниеге ғана тән. Ал соны өзім деп білген адам соның даңқ тұғырына көтерілуі үшін қызмет етеді. Өкініштісі ол осы дүниелік қошемет-марапатпен тәмамдалады.

Осы жерде мынадай бір қызық сауал туындайды. «Егер жаннатқа Мен емес, мен болып өзге біреу баратын болса (мен деп әлгі бейнені айтып отыр) онда ол жаннаттың не қажеті бар?». Шындығында жаннатқа баратын «бейне» емес, өзің. «Бейне»  - ол жай әншейін бұл дүниелік киім. Мәселен өзеннен өту үшін пайдаланған қайықты арғы бетке өткен соң арқалап жүрмейтініміз сияқты, бұл дүниелік денені де уақыты біткен соң тастап шығамыз.  Оның үстіне ол «бейнені» арғы әлемге лайық көру жаннатты бағаламағандық болып шығар еді. Ең бастысы - «бейне» ауысқанымен, өзің өзгермейсің. Себебі... Иә. Мәңгіліксің. Бізді Алла тағала әу баста солай жаратқан. Тек соны, яғни өзімізді әлі біле алмай жатырмыз дә.

Адамның бет-әлпеті әр түрлі жағдайлардан, не арнайы операция арқылы өзгергенімен, өзі өзгермейді. Өзгелер оны танымауы мүмкін, бірақ ол өзін жақсы біледі. Себебі өзгермеген. Міне, біз - солмыз. «Бейнеге» кірсек, жоғаламыз. Өйткені «бейнеде» нәпсі жасырынып тұрады. Нәпсі - қалау. «Бейненің» қалауы. Егер біз «бейнеге» кірсек, онда ол біздің қалауымызға айналады. Сөйтіп біз өзімізді тағы да жоғалтып аламыз. Өйткені нәпсі «Мен» деген ұғымды қалыптастырады. Егер біз өзімізді анықтай алмасақ, онда өмір бойы сол «Менге» қызмет етеміз.

Ұғынықтылық үшін өзімізді екі адамбыз деп қабылдайық. Біріншісі - өзіміз, екіншісі - «бейне», яғни «Мен». Нәпсі де сонда тұрады. Шындығында біз «бейнені» өзіміз деп қабылдаймыз, өйткені көбіне адамның өзі мен әлгі «бейне» тұтасып кетеді. Ол өздерін екі бөлекпіз деп ұғынбайды да. Бұл - дінсіздерге тән ахуал. Екінші топ - екі бөлек екендіктерін біледі. Бірақ олар «бейненің», яғни тәннің (нәпсінің) қалауын өзінің, яғни жанның да қалауы деп ұғынады. Біз жанды өзіміз дедік. Неге олай дегенімізді сәл кейіндеу тарқатыңқырап айтамыз. Әуелі мына айтып отырған мәселені аяғына дейін жеткізелік. Сонымен, үшіншілер - өзін «бейнеден» ажырата алады. Яғни жан тәннен бөлінеді. Осы жерде кәкір бар. Бұлайша қабылдау, біздің түсінігімізше, өлген кезде болатын жайт. Сондықтан біз жанды, яғни өзімізді бұдан былай рух деп қабылдаймыз. Тәннен жанның шығуы - өлімге, ал рухтың шығуы, біз жоғарыда айтқандай өзін «бейнеден» бөлінуге алып барады. Бұл - пайғамбарларға, әулиелерге, кәміл мұсылмандарға тән қасиет. Дұрысы - ахуал.

Сонымен біз - рухпыз. Әу бастан солай. Оған дәлел - әлмисақ уәдесі. Иә, Алланы Жаратушы ием деп мойындаған біздің рухымыз. Рух өзіне қажетті қуатты Алладан тікелей ала алады. Ол соған мұқтаж, әрі тәуелді. Соны білгендіктен де ол Алланы Жаратушы ием деп мойындап отыр. Періштелердің ахуалы біздің сол рухтық сипатымыз сияқты. Сондықтан да олар пәк. Және сол қалыптарынан айнымайды. Себебі оларға жасалған іс-әрекеттері үшін күнә да, сауап та жазылмайды. Біздің жерге түсуіміз, «бейнеге» енуіміз, рухтан «ажырауымыздың» басты себебі - екі жолдың бірін, яғни сауап пен күнәнің біреуін таңдауымызда жатыр. Сауап пен күнә деп отырғанымыз да өзіміз. Сауап - рухқа, күнә - «бейнеге» тән. Егер жоғарыда айтқанымыздай рухты «бейнеден» бөліп ала алсақ, онда ол рух жаннатқа баруға лайық болады. Ал әлмисақ кезіндегі рухқа нәпсі кигізілмегендіктен оған ондай мүмкіндік берілмеген. Біздің дүниеге келу себебіміздің бір ұштығын осыдан да пайымдауға болады.

Рас, Адам ата жаннатта болды. Бірақ тұрақтай алмады. Неге? Себебі, рухы «бейнеден» бөлінбеді.  «Бейненің» бір аты, жоғарыда да айтқанымыздай - нәпсі. Сол нәпсі жаннат маңдайшасына жазылған Мұхаммед есімін оқығанда және оның өз ұрпағы екендігін білгенде «Сол жерде менің есімімнің жазылғандығы лайық емес пе еді» деген ойға ерік береді. Алла тағала сол «ойды» алдырып, жаннат бағына көмдіреді. Адам ата мен Хауа ана сол «ойдан» өніп шыққан жемісті жеу арқылы жаннаттан шығарылады. Адам баласында содан бергі уақыт аралығында өзі мен нәпсінің аражігін ажырату процесі жүріп жатыр. Оны пайғамбарымыз «үлкен жиһад» деп атаған.

Жанды рух дегеніміз сияқты енді «бейнені» де өз атымен, «нәпсі» деп атайық. Нәпсі - Адам атаны жаннаттан шығарды. Нәпсі - Ібіліске шайтандық қамытын кигізді. Нәпсі - Құран кәрімде айтылатын екі періштеге кигізілгеннен кейін оларды зина жасауға итермелеп, күнәһар етті. Нәпсі  - жеке алдамдар былай тұрсын, қаншама ұлыстарды діннен шығарды. Келе-келе нәпсі қалауы қалыпты өмір салтына айналды. Ал одан шығу... Шықпақ түгілі адам баласында ондай ұғым да, түсінік те жоқ.

Рух - Алланың ең құнды, ең асыл гауһары. Ол - Алланың жердегі орынбасары. Ол - Алланың өзіне ұқсаған сипатқа ие жаратылыс. Ол... Бірақ ол рухты біз сезінген де, түйсінген де емеспіз. Себебі...

Ұғынықтылық үшін айтайық. Әу бастағы рух ананың құрсағына келіп түсті. Соған орай оған берілетін қуаттық негіз қалыптасты. Ол - қан. Ауа да, нәр де сәбиге сол қан арқылы беріле бастайды. Бұл жайт сәби келесі кезеңге дайын болғанға дейін жүреді. Келесі кезең - мына өмір. Енді сәби нәрді сүт арқылы алады. Сүтте жер өнімінің элементтері бар. Не керек сәбиде осы өмірде тіршілік ете алатын болмыс қалыптасады. Бұл - табиғи заңдылық. Егер біз бұлай болуы мүмкін емес, адам суда да тіршілік етуі тиіс деп әлгі сәбиді суға батырсақ, ол тұншығып өледі.

Енді негізгі айтпағымызға ойысайық. Біз жоғарыда «сауап - рухқа, күнә - «бейнеге» тән» дедік. Енді осы сауап пен күнәні ана құрсағындағы сәби деп қабылдайық. Күні жеткен кезде бұл екеуі де дүниеге келеді. Әзірге екеуі де ертеңгі күні өзінің баратын жерін дайындап жатыр. Бірақ ол ананың құрсағында емес, мына өмірде жүзеге асуда.  Олар баратын жердің аты бізге мәлім. Оның бірі - жаннат, екіншісі - тозақ.

Мынадай бір тәмсіл бар. Бар өмірі қи сасыған қора-қопсыда өткен бір сорлы неше алуан гүлдердің қош иісі аңқыған бір жайға тап болғанда, тынысы тарылып талып қалыпты. Мән-жайға қаныққан бір ғұлама әлгінің есін тезекті иіскетіп жүріп зорға жиғызып алған екен.

Енді сөз басындағы сауалға қайта ойысайық. Шынында да адамдар тозаққа неге барады? Жауап айқын. Өз қалауымен.  Жоғарыда да айттық, біз келесі баратын жайға өзімізді өзіміз дайындаймыз. Ал ол қалай жүзеге асады? Байыптап көрелік. Ол жайт біз бұл дүние есігін ашысымен-ақ басталып кетеді. Әуелі «шикізаттық өнім» қабылданады. Ол - көру, есту, сезіну, дәмін алу сияқты біздің жаратылыстық мүшелеріміз арқылы жүзеге асады. Бұл жайт сәби балиғат жасқа жеткенге дейін жалғасады. Бұдан кейінгі кезеңде ол алған «шикізатты» өндіре бастайды. Яғни келесі барар жайын жасау процесі басталады. Балаларды сол кезден бастап діни үрдіс бойынша тәрбиелеу қажеттілігі соған байланысты туындайды. Себебі...

Жоғарыда айттық. Рух - Алланың асыл гауһары. Бірақ оны түйсініп жатқан ешкім жоқ. Оның асыл екендігін бізге сездірмей отырған - нәпсі. Біздің мақсат - өзіміздің сол құнды «затқа» ие екендігімізді, ол «заттың» бәрінен де тіпті жәннаттан да қадірлі екендігін ұғыну. Алайда біз рухтың сондай екендігіне сенім білдіргеннің өзінде де ондағы қасиет кейін, кейін болғанда ана дүниеде ашылады деп ұғамыз. Себебі анау айтқандай қасиетін көріп отырғанымыз жоқ. Осы жерде қарсы сауал туындайды. Неге көріп отырғанымыз жоқ? Себебі жасалған нәрсенің бәріне ие болып отырған рух емес, біз. Дұрысы - «мен». Мен дегеніміз... Иә, сол. Нәпсі. Болмаса Адам ата жерге түскенде бүгінгі біз білетін қалалар, өзге де өркениет жетістіктері бар ма еді? Бүгінгі адамзат баласы қол жеткізген жетістіктің бәрі - рухқа тән. Оның өзін нәпсі құрсауында қалып, бар-жоғы белгісіз жағдайда болғанның өзінде жасап отыр. Шынтуайтына келгенде ол - үстіне қойылған нәрсені асылдандырып жіберетін  қасиетке ие. Оның жасағанын басқа ешкім жасай алмайды. Оны ұғыну үшін Алла тағала бізге Құранда араны мысалға келтіреді. Арадағы сол «затқа» гүлдер тозаңын қойғанда ол балға айналады. Бал жасаудың одан басқа жолы жоқ. Бар болса, араға тәуелді болмай-ақ өзіміз өндіріп алар едік. Құранда келтірілетін тағы бір мысал - өрмекші торы. Өрмекші торы да сондай тәсілмен өндіріледі. Ал тордың қуаты болаттан да мықты. Адам баласы ондай тор «жібін» өндіретін деңгейге әлі жете қойған жоқ. Жетпейді де. Себебі ол - рух өнімі.

Міне, біздегі жайт та тап сол сияқты. Рух үстіне қойылған барлық ізгі амал - оның қоректік нәрі, әрі ертеңгі жайы. Діни амалдардан бөлек мына өмірде көрген қиыншылықтар мен ауыртпалықтар да рухты ажарландыра түседі. Тіпті кейбір ауыртпалықтар діни ғибадаттан да жоғары тұрады. Ең көп қиыншылықты пайғамбарлардың көретіндігі сондықтан. Бірақ бұл рух нәпсіден бөлініп шыққаннан кейін барып жүзеге асатын жайт.

Мына бір мәселеге назар аударайық. Адам баласында үш түрлі қалау болады. Оның біріншісі - Алладан, екіншісі - өз еркінен, үшіншісі - тағдырынан. Енді осы мәселелерді тарқатып көрелік.

Рух өзіне қажетті қуатты Алладан тікелей алатын қабілетке ие. Алайда ол қабілет рухтың заттануымен, яғни «бейнеге» енуімен тоқтайды. Енді рух өзіне қажетті азықты «бейнеден» ала бастайды. Ал «бейне» ол қуатты біз күнделікті пайдаланып жүрген азықтық заттардан алады. Бірақ ол әлгі заттарға қуаттың Алладан берілгендігін мүлде сезінбейді. Рухтың «бейнеге» тәуелділігі ақыр соңында екеуінің бірігіп кетуіне әкеліп соғады. Осылайша кемелдікке жеткен «бейне» барлық жаратылыстағы рухты жоққа шығаруға бейім тұрады. «Әруақ жоқ». «Әруақ қайда?» дейтіндер солар.

Екіншіні - өз еркі дедік. Бұл - нәпсі. Нәпсі қазанына түскен нәрсе ешқашан адалданбайды. Нәпсінің қажеттілігі - рухқа онсыз күнә да, сауап та жазылмайды. Егер рух үстемдікке жетсе, онда нәпсі рухқа қызмет ете бастайды. Бірақ бұл жайт рух нәпсіден бөлініп шыққаннан кейін барып жүзеге асады.  Нәпсінің рухқа мойынсұнуы Құран Кәрімде «қанағаттанған нәпсі» делінеді. Мәселен сіз бен біз намаз оқимыз. Рас, «О, намаз оқу керек екен ғой» деп ешкім бірден жайнамазға жығыла салмайды. Бұл тұрғыда адамның ішкі әлемінде екіұдай күрес жүреді. Бұл - рух пен нәпсінің күресі. Намазға жығылдық. Рух жеңіске жетті. Солай ма? Намазды не үшін оқимыз? Дұрыс. Алла ризашылығы үшін. Бірақ біз оқып жатқан намазға Алла риза ма? Мәселен бізді біреу әспеттеп үйіне қонаққа шақырды дейік. Біз қонаққа барар жолда әжетханаға тайып жығылып, үсті-басымызды былғап алдық. Енді бізді сол қалпымызда үй иесі төріне оздыра ма? Әрине, жоқ. Сол сияқты нәпсі қазанында былғанған ғибадат одан шықпайынша ешқашан қабыл болмайды. Қайта оқылған намаз күнәні үстемелей түседі. Құран Кәрімде  «Осылай намаз оқығандарға қандай өкініш» деген аят бар. Себебі, намазды оқыған рух емес, «бейне». Бір сөзбен айтқанда, нәпсі қалауымен жасалған барлық іс-әрекет - бүгінгі болмысың, ертеңгі - өзің. Ол өзі жасаған, өзі бейімделген жайдан басқа жерде өмір сүре алмайды.

Үшінші  қалау - тағдыр. Білген жөн. Адам жазылған тағдыр бойынша жүрмейді. Және ешкім де тағдырға тәуелді емес. Тағдыр адамнан бөлек жаратылыс. Ұғынықтылық үшін айтайық. Тағдыр - «базар». Барлық жақсы-жаман жаратылысты сол «базардан» табасың. Қалау өзіңде. Біз ондағы өзімізге қажет нәрсені ұдайы пайдаланып отырамыз. Соны пайдалану арқылы да келесі барар жайымызды жасау үстіндеміз. Не ішесің, не жейсің, қайда барасың, қалай барасың, жалпы мына өмірде не істедің, не істегің келеді - бәрі жаратылып қойылған. Қалау - заттанады. Мәселен «тағдыр базарынан» «үйленемін» деген қалауды алдың. Осы қалау жұбайыңа, бала-шағаңа, құда-жегжатқа айналады. Ажал да адамның өз қалауы бірінің ішінде жасырынып тұрады. Мысалы үшін мотацикл сатып алған жасөспірімнің ажалмен бетпе-бет келетінін әркім-ақ біледі. Егер ол қалауын өзгертсе, өзінің тағдырын да өзгертеді. «Тағдырың - өз қолыңда» деу себебіміздің бір сыры осында жатыр. Сол сияқты сауап та, күнә да адамның «тағдыр базарынан» алған қалауы негізінде жүзеге асады, әрі заттанады.  Гәп тағдырда емес, өзіңде. Өзің кімсің? Рухсың ба, «бейнесің» бе? «Базарда» бәрі бар. Ал таңда!

Біз адам баласының бұл өмірге келуі мен келесі кезеңге өтуі барысындағы дайындығы туралы сөз еттік. Ең бастысы, рухтың шексіз мүмкіндік иесі екендігін түйсіну қажет. Рух тәннен бөліне алатын дәрежеге көтерілгенде, ол тәнді «емдей» бастайды. Ондай тән рухтың барған жеріне бірге бара алатын қабілетке ие болады. Мәселен Пайғамбарымыз  миғражға өз тәнімен бірге көтерілген. Ал ғарышкерлер болса мына тұрған жерге скафандрды қажет етеді. Рух «шуағына» бөленген тән ішіп-жеуді қажет етпейді. Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың 63 жыл ғұмырын жер астында өткізе алуының бір сыры осында жатыр. Ондай «бостан» рух бір мезгілде барлық жерде бола алады. Мәселен екінші халифа хазіреті Омар бір сұхбаты үстінде «Тауға қарай қашыңдар, тауға...» деп айқайлап жібереді. Барлық діндарларға белгілі бұл жайт хазіреті Омардың сол сәтте өзге аймақта өтіп жатқан соғысты көре алғандығын әйгілейді. Біз айтып отырған рух шексіз қуатқа ие. Мәселен хазіреті Әли Хайбар соғысында бір дарбазаның темір есігін жұлып алып, өзіне қалқан етеді. Кейін соғыс біткен соң әлгі «қалқанын» тастағанда оны қаншама сахаба жабылғанымен орнынан қозғай да алмайды. Сондай-ақ ондай рухқа ие дене шірімейді.

Біз мұндай жайт рух нәпсіден ажыраған кезде болады дедік. Ал ол қалай ажырайды? Жауап айқын. Ислам діні арқылы. Ислам дінін қабылдаған адамның соны ұстануы үшін жасалған діни үрдіс пен заңды қағиданы - шариғат дейміз. Ал сол шириғатты жанның қабылдауы - тарихат делінеді. Біздің ата-бабаларымыз дінді осы екінші саты арқылы қабылдаған. Сондықтан біздің ұстанған өмір-салтымыз, дәстүрлі әдет-ғұрпымыз түгелдей дерлік ғибадат орнына жүреді. Бұл орайда Пайғамбарымыз хадисінде «Ғибадаттың ең оңайы және ең пайдалысы аз сөйлеу мен жақсы мінезді болу»  делінген. Сондықтан біздің өмірімізде бір рет «Алла» деп айтуымыз рухы нәпсіден ажырамаған адамның мың жыл оқыған намазынан қайырлы. Себебі ол сөз бірден рух гауһары үстіне түседі. Бұған қазақ көрмеген құқай мен азаптың жоқ екендігін қоссақ, жәннатта пайғамбарларға кімдердің қоңсы болатындығын пайымдауға болады. Иншалла!

Бір өкініштісі, қазір сол «бостан» рухты нәпсіге тәуелді етуді мақсат еткен «діндарлар» алға шыға бастады. Сақтансақ, содан сақтанайық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618