Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6172 0 пікір 31 Шілде, 2012 сағат 09:49

Өмірзақ Ақжігіт. Дала мен қала: бүгінгі бейне

1. Жер - сенікі, сол жерге салған үйің - сенікі емес...

Біздің өткен аптада еліміздің өңірлерін аралап шығуға бет алған сапарымыздың екінші кездесуі Тараз қаласының теріскей жағын қоршай орналасқан саяжайлық 37 массивтің бірінде өтті. Қазақстанның көптеген қаласы секілді де мұнда да 90-жылдардың басындағы жабайы нарық ауыртпашылығын ала келген өтпелі кезеңде тарихи отанына қопарыла көшкен орыс ұлтының өкілдерінің тастап кеткен саяжайларына - саяжайларда тұтастай дерлік солар тұратын, қазақ баласына саяжай алу оңай болмайтын, сол себепті олар саяжай алуға соншама құлшына ұмтылмайтын да - негізінен оралман бауырларымыз келіп қоныс тепкен екен. Жергілікті билік саяжай тұрған жер телімін рәсімдеп, заңдастырып берген-дағы, саяжайдағы үйлерді рәсімдемей қойған. Сондықтан сіз өзіңіз тұрып жатқан үйіңізге өзіңіз тіркеле алмайсыз. Тіркеле алмау дегеннің не екенін түсінбейтін адам жоқ шығар. Басқаны былай қойғанда, емханаға барып емделе де алмайсыз, жаңа туған нәресте балаңызға мемлекеттен тиесілі жәрдемақыны да ала алмайсыз деген сөз бұл.

1. Жер - сенікі, сол жерге салған үйің - сенікі емес...

Біздің өткен аптада еліміздің өңірлерін аралап шығуға бет алған сапарымыздың екінші кездесуі Тараз қаласының теріскей жағын қоршай орналасқан саяжайлық 37 массивтің бірінде өтті. Қазақстанның көптеген қаласы секілді де мұнда да 90-жылдардың басындағы жабайы нарық ауыртпашылығын ала келген өтпелі кезеңде тарихи отанына қопарыла көшкен орыс ұлтының өкілдерінің тастап кеткен саяжайларына - саяжайларда тұтастай дерлік солар тұратын, қазақ баласына саяжай алу оңай болмайтын, сол себепті олар саяжай алуға соншама құлшына ұмтылмайтын да - негізінен оралман бауырларымыз келіп қоныс тепкен екен. Жергілікті билік саяжай тұрған жер телімін рәсімдеп, заңдастырып берген-дағы, саяжайдағы үйлерді рәсімдемей қойған. Сондықтан сіз өзіңіз тұрып жатқан үйіңізге өзіңіз тіркеле алмайсыз. Тіркеле алмау дегеннің не екенін түсінбейтін адам жоқ шығар. Басқаны былай қойғанда, емханаға барып емделе де алмайсыз, жаңа туған нәресте балаңызға мемлекеттен тиесілі жәрдемақыны да ала алмайсыз деген сөз бұл.

Жиырма жылға жақындаған осынау бір ақылға сыймас айтыс-тартыс әлі күнге шешімін таппапты. Респуликалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы облыстық филиалының, «Ел болашағы» қоғамдық ұйымының төрағасы Өмірбай Сабыров секілді ел азаматтарының біздің жел сияқты қолға ұстатпайтын, батпақ секілді бір аяғыңды суырсаң екінші аяғыңнан тартатын бюрократиялық билікпен ұзақ жылғы күресі нәтижесіз қалып отыр екен. «Жеріміз - заңды, үйіміз - заңсыз» дейді Өмекең.  Қалалық билік басшылары әр сайлау алдында «осы жолы бәрін қатырамыз, шешпеген мәселе қалдырмаймыз» деп уәдені үйіп-төгіп беріп кетеді екен. Дұрыс қой, келес сайлауға дейін кім бар, кім жоқ. Бірақ, сайлау өткен соң сіз олардың қарасын да көрмейсіз. Жел ғой, қалай көресіз оны...

Міне, осындай жағдай. Жалпы, біздің билік араласқан жерде «мынау мүмкін емес нәрсе!» деуге болмайды. Бәрі мүмкін...

2. Араб шейхының арқасында...

Сапар бойынан тағы бір атап кетер нәрсе - Ақсу-Жабағылы ұлттық паркының аумағында орналасқан Сайрам шыңын көруге баруымыз болды. Күре жолдың бойынан тым қиыс жатпаған табиғаттың керемет сыйын жолдастарым көрсін деген осы жолдар авторы еді. Олар да аз ғана уақытын қиып барғанына аса риза болып қайтты. Шатқалдың екі беті тұнып тұрған арша болғандықтан, ауаның қоюлығы соншалық, сіміріп ішуге де болғандай. Өмір бойы қаладан шықпаған адам бірінші рет барғанда бір күн, жарты күн таза ауасына мас болып жүреді. Бірақ, сол бір көрікті мекенге 50 шақырым ғана жерле орналасқан, 700  жүз мың халқы бар Шымкент шаһарының  мыңнан бір  адамы барып көрді ме екен десеңізші! Баратындар бар. Олар кімдер? Олар Шымкенттің кәзір ары кетсе он пайызын ғана құрайтын орыстар. Қазақты емге табуыңыз қиын.

Бұрын Қасқасу ауыл округінен әрмен қарай тек тас жол ғана болатын. Енді сол ауылдан шыңның түбінен 12 шақырым беріде орналасқан шекарашылар бекетіне дейінгі жол асфальттандырылыпты. Және қандай асфальт десеңізші! Ауданның, ауылдың, тіпті облыстың әкіміне де алғысымыз шексіз болып жатыр. Сөйтсек... Әкімдердің асфальт жолдың төселуіне ешқандай қатысы жоқ болып шықты. Оны салдырған сол шекара бекеті түбінен біраз жерді өзіне демалыс аймағы ету үшін сатып алған әлдеқандай араб шейхы болып шықты. Мейлі, арабтың көзіне түскеніне де рахмет айтамыз да, қайтеміз. Ол болмағанда тағы қаншама жыл тас жол күйінле жатарын бір құдай білсін.

Енді біздің шырайлы шаһардың қазақтары ең болмаса араб салған даңғыл жолды пайдаланып, таудың шатқалына жиірек барып, таза ауамен көбірек демалып, денсаулығын түзеп отырса деп тілеу ғана қалады. Ал, әзірге... Сол күні ұлттық паркке адам басына 300 теңге ақы төлеп кіретін қақпадан бастап, шекара бекетіне дейінгі аралықта түнемелікке арналған 24 тұрақта шатырын құрып, рахаттана дем алып жатқан бір де бір адамды көрмедік...

Өмірзақ АҚЖІГІТ

 

Өзің үшін күрес

 

...Біз, кәсіпкер Құрал Ержанов, заңгер, қоғам қайраткері Жаңабек Әбішев үшеуміз 7 маусым күні Түркістанда қазақ хандарының құрметіне берілген астан қайтып келе жаттық. Әңгіме еркімізден тыс еліміздегі саяси, рухани, экономикалық ахуал айналасында өрбіді. Мысалы, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отырған Созақтағы Қарабура әулиенің басындағы аста бұдай былай әр жылы «Бізге осыншама ел мен жерді мұраға қалдырып кеткен ата-бабалар аманатына саймыз ба?» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп тұрған жөн деп шештік. Сөз арасында Жаңабек: «Мен осы өзімнің өзгелерден ерекше патриоттығымның сыры менің 1983 жылы алғашқы жеңіл автокөлігімді сатып алысыммен еліміздің алыс-жақынын, Шығыс Қазақстандағы Қатын-Қарағайдан Батыстағы Нарын құмына дейін бармаған жерім қалмай аралап шыққанымда жатқанын түсіндім, мұншама кең-байтақ елді аралаған кезде ата-бабабалардың асқан ерлік рухын, отаншылдығын бойға сіңірмеу мүмкін емес екен» деді.

Досымның сөзін естігенде маған ой келді: «Неге, біз, халқымыздың басын біріктіреміз (Абай.кз сайты, 5 маусым; «Жас қазақ үні» газеті, 11 маусым) деп алдымызға мақсат қойып отырып, сол істі өз елімізді аралаудан, оның бүгінгі хал-ахуалын көзбен көріп,  танып-білуден бастамаймыз?» Алматыға келген соң бұл идеямен досым Геройхан Қыстаубаевпен бөлістім. Ол бірден қолдады.

Сонымен, Алла аманшылығын берсе, біз бүгін, 16 шілде күні Мұхтар Тайжан, Геройхан Қыстаубаев үшеуміз жолға шығып барамыз. Ондағы мақсатымыз не? Біріншіден, жоғарыда айтылғандай, еліміздегі ахуал жайлы шынайы ақпарат жинау. Көргенімізді, естігенімізді, кездесу, әңгіме-сұхбаттың барлығын, жақсы жағымызды асырмай, жаман жағымызды жасырмай бейнетаспаға, суретке түсіру. Екінші және басты мақсат - облыстардағы, аудандардағы сөз емес, іс жүзінде «ұлтым» дейтін, өзі ойлы, сөзі сыйлы азаматтармен танысып, қазақтың басын қайтсек қоса аламыз деген тақырып төңірегінде пікір алмасу. Көппен ақылдасу. Көптен көп біле алмайсың. Халық - Құдайдың екінші аты.

Кәзір қазақтың тағдыры қыл үстінде тұр. Оның қасында «ақтабан шұбырынды» да, кешегі ашаршылық та ойыншық. Өйткені, ол кезде қалай болғанда жау ашық, анық еді, ол - сырттан келген болатын. Бұндай ауыр күн бұған дейін қазақтың басына түскен емес. Бүгінгі жау ішімізде, әр отбасыда, әр адамның өзінің жан-дүниесінде болғаны себепті онымен күресу аса ауыр болып тұр. Біз бүгін бұрынғы рушылдығымызға қоса тілден екіге бөлініп, діннен одан да көпке бөлініп,  бейбіт заманда тәуелсіз мемлекетімізді ыдыратып алу қаупінің алдындамыз. Қауіп неден - қатер содан. Тілден, діннен айрылсақ Тәуелсіздіктен айрыламыз, Тәуелсіздіктен айрылсақ - Егемен елден айрыламыз. Елінен айрылған ұлттың көрген күні құрысын! Соны жоғалтып алған ұйғыр бауырларымыз жүздеген жыл бойы қанша күрессе де қайтып мемлекеттігін орнына келтіре алмай жүр. Соғыс кезіне қарағанда бейбіт кезде егемендіктен айрылу оңай, себебі соғыс елдегі адамның басын біріктіретін ерекше құбылыс. Бізге бүгін әр қазақ ынтымақшыл, бірлікшіл, сауатты, білімді, талапты, еңбекқор, ойшыл болғаннан басқа жол жоқ.

Ей, құдыреті де, мейірімі де шексіз Алла-Таағала! Сен қазаққа бәрін бердің. Талант пен дарыннан жан басына шаққанда біз әлемде бірінші орындамыз. (Тек өзбектердің «талантты қазаққа берген, қадырын бізге берген» деп орынды әскиялайтыны бар...) Есесіне таразының басын тең ету үшін сен қазаққа алауыздық, көреалмаушылық, іштарлық, күншілдік секілді талай былық пен шылықты да аямай бердің. Сенің шексіз әділеттігің де осында - сен ешнәрсе тегіннен-тегін бере салмайсың, қай халыққа, қай адамға болса да жақсы мен жаманды бірдей етіп бересің. Жаман жағын жеңе алған адам да, халық та әрқашан әлемнің алдында болмақ. Сенен тілеріміз жалғыз ғана нәрсе: қазақтың жүрегіне ешнәрседен мойымайтын, сынбайтын қайтпас-қайсар жігер, бойына қажымас-талмас қайрат құю арқылы ұлтымызға ауызбіршілік бер! Басқасының бәрін бердің, шексіз алғыс саған, енді соны берсең болды!

Біз де сен береді екен, тілегімізді тіледік қой деп қарап отырмаймыз, Ғабит Мүсірепов атамыз: «Құдай өзі береді» деп қарап отырма, қарап отырсар болсаң бермейді, қайта қос қолдап төбеңнен ұрады» деген еді. Біз бүреуге қарсы күресу үшін емес, өзіміз үшін күресу үшін елге шығып барамыз. «Өздеріңді түзелер дей алмаймын, өз қолыңнан кеткен енді өз ырқың» деді кезінде данышпан Абай. Бірақ, ол заманда біз отар ел едік, кәзір тәуелсіз елміз. Демек, үміт бар, түзелу үшін күресті қашан бастасақ да кеш емес.

Біздің БАҒДАРЛАМАМЫЗ

1. Қазақия қағанаты (Қазақ Респубикасы) - ұлттық мемлекет!

Бүгінгі күнгі әлемдік ұстанымға сай түрі - ұлттық, мазмұны - бүкілхалықтық, басқару формасы - шынайы, қазақи демократиялық мемлекетті қайта жаңғырту - бәріміздің ортақ міндетіміз. Жаһандануға жұтылмауды тек ұлттық мемлекет қана қамтамасыз ете алады. Қытай, Жапония, Германия, Франция сияқты ұлы мемлекеттердің ұлтының іргесін бар жанын сала қымтап жатқаны да сол себептен.

2. Ер  - туған жеріне!

Шетелдердегі отандастарымызды елге әкелу - бүгінгі күннің ең кезек күттірмейтін мәселесі! Оны шешу арқылы біз тілдік орта мен қазақтың санын күрт көбейту, ұлттық өнер мен әдебиетті дамыту, халықтың сапасын жақсарту, ең бастысы - қазақтың жаншылған руһын асқақтату секілді бірнеше мәселені бірден шешеміз.Ертең 20-30 жылдан соң қытайға, өзбекке, орысқа, моңғолға айналып бітетін, бүгін Қазақстанға қарай ұшарға қанаты болмай отырған 5 миллионнан астам бауырымызды барынша ертерек алып келудің басты құндылығы да осында. Оны қалай іске асырудың Шымкенттегі «Асар» мөлтекауданын негізге ала отырып, еліміздің әр түрлі өңіріне лайықталып жасалған тетігі көрсетілген  жоспар-жоба Президентімізге де белгілі, Үкіметтің де алдында жатыр... Бауырларымызды 5 жылда көшіріп әкелуге жан аямай атсалысу  - әр қазақтың перзенттік борышы!

3. Тілің - ділің!

Қазақия қағанатының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Елдегі барша азаматтар оны білуге міндетті. Оны іске асыру кезең-кезеңімен әрі қатарласа, мемлекеттік ұйымдарда, мектепте, арнаулы және жоғары оқу орындарында, банк, өнеркәсіп пен құқық қорғау органдарында, 10 жыл ішінде, орындалар нақты шаралары мен мерзімдері, жауапты мекемелері көрсетілген бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылатын болады. 10 жылда бірте-бірте өз орнын қазақ тіліне беретін орыс тілі әзірге ұлтаралық қатынас тілі боп қала береді. Қазақстан халқының барлық әлемдегідей мемлекет құраушы ұлт - қазақ ұлтының маңына ұйысуын, сол арқылы елдің қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ету үшін, Мемлекеттік тіл туралы заңды және оны іске асырудың нақты тетіктері көрсетілген жаңа бағдарламаны қабылдау кезек күттірмейді.

4. Дінің - діңгегің!

Діндегі бөлінушілік - тілдегі бөлінушіліктен де жаман, себебі, дін - наным, ол санаға емес, түпсанаға (подсознание) байланады, ал, түпсананың санаға үстемдік ететіні белгілі. Сондықтан да діни алауыздық - ұлтты жармай қоймайтын ең қатерлі нәрсе. Еуропа мен Азиядағы кеше де, бүгін де діни бөлектік салдарынан жүріп жатқан соғыстар - сөзіміздің дәлелі. Бір ұлт - бір дін! Сонда ғана ұлт болашағы - бұлтсыз! Дәл осы мәселеде дамыған Батыс елдерінен үлгі алуымызға әбден болады. Мысалы, Ұлыбритания королевасы ресми түрде ағылшын шіркеуінің де басшысы. Бұл шіркеудің мүддесі ашық түрде алдыңғы орынға қойылған. Қалған діндер содан кейін. Ислам - үшінші орында. Францияда жергілікті шіркеу басшыларын мемлекет тағайындайды. АҚШ-та сіз протестант дінін ұстанбасаңыз, ашық айтылмағанмен, ешқашан ел президенті бола алмайсыз. Германия да сол сықылды. Іс жүзінде ұлттың, елдің бірлігін ойлау деп осыны айтады.

 

5. Білім - бүгінің, ғылым - болашағың!

«Білім капиталы» ең бірінші орынға шыққан бүгінгі заманда бұл екеуінің маңызын айтып жатудың өзі артық. Бастауыш мектепте сабақ тек қазақ тілінде өтуі тиіс. Және онда басым бағыт қазақ тілі мен әдебиетіне, тарихқа берілуі керек. Баланың ойлау қабілетін күшейтетін шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жеке пән ретінде, ал денешынықтыру пәніне күніне бір сабақ беріліп, командалық ойындар мен жүзу, гимнастика аптасына екі реттен жүруі тиіс. Бастауыш мекепте, әсіресе 1-сыныпта алгебра өту - бала психологиясына жасалған зорлық! Мектепті бітірген 18-дегі оқушы өзін және өзінің отбасын асырай алатындай кем дегенде екі жұмысшы мамандығын игеріп шығуға міндетті.

Ғылым академиясын қайта қалпына келтіруге әлі де кеш емес. Нағыз, әсіресе іргелі ғылым университетерде емес, академиялық ғылыми-зерттеу институттарында жасалады! Батыста оларды тек «лаборатория» деп атайды.

 

6. Өндіріс - өміріңнің өзегі!

Әрбір тәуелсіз мемлекет дербес экономикалық саясат жүргізеді. Түрлі одақтарға кіруге асықпайды. Еуроодақтың 50(!) асқан тыңғылықты дайындықтан кейін барып құрылғанын ұмытпайық. Біз мемлекетаралық қатынастарға, әріптестіктерге, біріккен жобаларға қарсы емеспіз. Алайда, біз мемлекеттік құзырды мемлекеттен жоғары тұрған органдарға беруге қарсымыз. Стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс. Менделеев кестесіндегі барлық элемент бар Қазақстан өндірісі өркендеген ел болуға міндетті! Олай ету үшін кәзіргі энергия көздерін арзандату жолдары да жасалған. Тек ықылас-ниет болсын деңіз. АҚШ-тың атақты менеджері Ли Якокка 80-жылдардың аяғында дабыл қаққан болатын: «Біз не істеп жатырмыз? Тек экономист, финансист, юрист дайындап жатырмыз. Инженерлеріміздің саны жағынан Жапониядан, тіпті СССР-дан артта қалдық. Енді өндірісті Қытайға көшірудеміз. Ертең құримыз!» деген еді. Айтқаны айдай келді. Біздің де болашағымыз - тек өндірісте. Және ең сапалы өндірісте. Алла-Тағала асқан алғыр етіп жаратқан азақтың қолынан бәрі келеді. 70-жылдардың басында миындағы жоспардан басқа ешнәрсесі болмаған Оңтүстік Кореяның үлгісі бізге сабақ болуы тиіс.

7.Өзіңді - өзің басқар!

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жасалмай, ол туралы парламентте жата-жата көнерген заң қабылданбай, жергілікті билік өкілдері жоғарғы басшылыққа емес, халықтың алдында есеп беруі жолға қойылмай қоғамға оң өзгеріс кірмейді. Бұл - демократиялық қоғамның маңызды алғышартының бірі.

8. Сот жүйесі - билікке тәуелсіз!

«Ет сасыса - тұз себеді, тұз сасыса - не себеді?» дейді дана қазақ. Сот жүйесінің жемқорлыққа белшеден батқаны сондай, сол сасыған тұздың кейпін киіп отыр. Біздің басты міндетіміз - халықтың әділеттікке деген сенімін ояту. Ол үшін бірінші кезекте судъяларды халық болып сайлау арқылы, биліктің бұл тармағының шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

9. Ұлттық идея мен идеология

Осы айтылған ойдың бәрін қатарластыра, ең басты назарға алына жүргізілуі - біздің ұлттық идеямыз бен идеологиямыз. Оның ішіне тегін жоғары оқу мен тегін медициналық көмек, шетелдік компаниялармен келісім-шарттарды әлемдік тәжірибені басшылыққа ала отырып қайта қарау, сол әлемдік ұстанымға сәйкес шикізаттың пайдасының 70-80 пайызы өз елімізде қалатындай етіп қайта қарау, жастарға жағдайға жасау арқылы халықтың санын күрт  көбейтуге бағытталған демографиялық мүлдем жаңа бағдарлама түзу, қазақ баспасөзін «шөміштен қаққанды» тоқтатып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, т.б. аса маңызды жобалар   кіреді.

 

Біздің байланыс телефондарымыз       8-701-682-56-52;  8701-826-22-47; 8-701-566-27-91. Өмірзақ АҚЖІГІТ

uakzhigit@mail.ru

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036