Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2607 0 пікір 13 Шілде, 2009 сағат 19:42

Жанат АХМАДИ. Ибн Сина iзiмен

Ибн Синаның «Медет» шипагерлiк кiтабы бүкiл Еуропада 200 жыл бойы «Медет-Сина» деп аталып, содан барып емшiлiк ғылымы «медицина» деген атпен қалыптасқаны күллi Шығыс елi үшiн зор мақтан тұтарлық жайт. Дәрiгерлiк жол адам баласына барынша адал қызмет көрсетiп келедi. Және бұл сауапкершiлiк атаулының ең биiк шыңы! Дәрiгер қауым адамды түрге, топқа, ұлтқа жiктемейдi, былғары көпшiк-креслода ырғалып отырған шен-шекпендi шенеунiксiң бе, екi етегiн белге түрiп еден жуған жанбағарсың ба, қаражаяу кедейсiң бе, қос-қос машина мiнiп ыңыранған байсың ба, ешкiмдi алалап бөлмейдi. Кiмнiң жаны-тәнi сырқаттанып жәбiрленсе - соның досы осы ақ желеңдi, ақ қанат перiштелер! Тiптi қылмыс iстеп, сол арқылы жараланғандардың өзiне қол ұшын беретiн де тек дәрiгерлер ғана. Қазақ «жамандық қылып жалынсаң, жан жоламас жаныңа» десе, қылмыскердiң пиғылына қарсы болғанмен дәрiгер қауым оның жазықсыз денесiне, шыбын жанына қарсы емес.

Ибн Синаның «Медет» шипагерлiк кiтабы бүкiл Еуропада 200 жыл бойы «Медет-Сина» деп аталып, содан барып емшiлiк ғылымы «медицина» деген атпен қалыптасқаны күллi Шығыс елi үшiн зор мақтан тұтарлық жайт. Дәрiгерлiк жол адам баласына барынша адал қызмет көрсетiп келедi. Және бұл сауапкершiлiк атаулының ең биiк шыңы! Дәрiгер қауым адамды түрге, топқа, ұлтқа жiктемейдi, былғары көпшiк-креслода ырғалып отырған шен-шекпендi шенеунiксiң бе, екi етегiн белге түрiп еден жуған жанбағарсың ба, қаражаяу кедейсiң бе, қос-қос машина мiнiп ыңыранған байсың ба, ешкiмдi алалап бөлмейдi. Кiмнiң жаны-тәнi сырқаттанып жәбiрленсе - соның досы осы ақ желеңдi, ақ қанат перiштелер! Тiптi қылмыс iстеп, сол арқылы жараланғандардың өзiне қол ұшын беретiн де тек дәрiгерлер ғана. Қазақ «жамандық қылып жалынсаң, жан жоламас жаныңа» десе, қылмыскердiң пиғылына қарсы болғанмен дәрiгер қауым оның жазықсыз денесiне, шыбын жанына қарсы емес.
Бiз қаралатын Тастақ өңiрiне қарасты №8 емхана 1980 жылы салынып iске берiлген. Бұл емханаға қарайтын 72 мың халық бар. Оның 44 мыңы - әйелдер. 2007 жылдан бастап жаңадан тiс емдеу бөлiмшесi ашылды. Қазiр ол да өз алдына емханаға айналды. Екiқабат әйелдерге, қорғансыздарға тiс емдеу жұмысы тегiн. 2006 жылдан берi ақылы бөлiмшелердi жауып, толық тегiн емдеуге көшiрiлiп отыр. Жылына екi-үш бағдарлама бойынша аурудың алдын алу, анықтау жұмысы жүргiзiледi. Ол үшiн әр адам бес жыл сайын мiндеттi түрде анализ тапсыру тексерiсiнен өтедi. Бұның өзi үш түрге бөлiнедi: жүрек тамыры, жүрек қан қысымы, жүрек талмасы – инфаркт. 48-50 пайызы таза болып шығады. 32 пайызы ауруға шалдыққандар болса, 28 пайызы алдын алу шарасымен есепке алынады. Соның iшiнде 17 пайызы тұрақты аурулар, оның шамамен 7 пайызы шығынға ұшырайды. Мәселен, Жапонияда орташа 80 жас, Қытайда 75, ал Қазақстанда ерлер-59, әйелдер-64 жас өмiр сүредi.
Бұл орайда емхананың бас дәрiгерi, «Құрмет» ордендi Жақсыбай Бижiгiтов медициналық сараптамаға жүгiнiп:
-… Жалпы халық 100 пайыз ауру десек, соның 15 пайызын медицина жазады, қалғаны әркiмнiң өз қолында. 32 пайыздай адам талапқа сай дұрыс өмiр сүрмейдi. Адам баласы шырқау шегiмен алғанда 150 жыл ғұмыр кешуге тиiстi, бiзге Алланың берген «аккумуляторы» соған өлшенген. Бiрақ бiз неге соның жарымын ғана жасай аламыз? Қоршаған орта, әдет-ғұрпы, экология – осының бәрi әр түрлi ауру әкеледi. Содан сақтанудың жолдары көп, - деген ойын айтты.
Әйелдердiң омырауының, жатыр органы қатерлi iсiгiнiң алдын алу үшiн екi жыл сайын жiтi тексеруден тегiн өткiзiлiп, рентгенге, УЗИға түсiрiледi. Өкiмет бұл емханаға 37 миллион тенгеден артық ақшаны дәрiге босатады екен. Әйелдерге - 2 миллион 475 мың тенге; жасөспiрiмдер мен балаларға - 200 мың тенге; қант ауруына - 10миллион тенге бөлiнедi. Жүктi әйелдерге 4 миллион 800 мың теңге бөлiнедi. Толық тегiн емдеуге 5 млн. 350 мың тенге, жартылай тегiн емдеуге 1 млн. 950 мың тенге жұмсалады. Қатерлi iсiк, анемия(қан аздық), өкпе қабынуы, қан басым, жүрек талмасы, қант ауру, онкологиялық науқастардың алдын алу жүйелi түрде атқарылады. Көбiнше тоқтықтан, семiздiктен болатын қант ауруына 2050 жылы әрбiр 5-шi адам шалдығуы мүмкiн деген болжам бар.
-72 мың адамға 80 дәрiгер, 200-дей медбике қызмет атқарады. Қажеттiлi - 112 дәрiгер. Ал, негiзi 45 мың адамға бiр емхана болуы тиiс. Жұмысы бастан асатын, 20 жыл жұмыс iстеген дәрiгер 31 мың теңге ғана жалақы алады. Дәрiгерлерiмiздiң тең жартысы мақтауға тұрарлық жоғары дәрежелi мамандар. Осылар 100 мың теңгеге дейiн айлық алса, жеген нандары адал болар едi,- дейдi бас дәрiгер, армандай сөйлеп. Шынында да, әлдекiмдер үлкен жиналыста қалғып-мүлгiп отырып алып жатқан мемлекеттiң құшақ-құшақ ақшасы осынау адам жанының арашашыларына неге бұйырмайды?! Еңбегiн былай қойғанда көпке жағу оңай iс емес, мың күнгi жақсылығын бiр сәттiк мүлт кеткенi жоққа шығаратын, еститiн рақметi де аз жұмыс. Оның үстiне «жаны ауырған тәңiрiсiн қарғайды» демекшi, аш адам ұрысқақ болса, ауру адам тырысқақ келедi. Дәрiгерге ешбiр ауру кешiрiммен қарау дегендi бiлмейдi. «Сенiң мiндетiң» деп түсiнедi. Бәрiне жауапты санайды.
Бас дәрiгер үзiлiп қалған ойын жалғап:
Бұнда 15 бес жылға таяу жұмыс iстеймiн. Осы уақыт iшiнде емханада жалпы тәртiп-түзiм жағынан да бiраз өзгерiстер болды. Жаңа сападағы 2 рентген, 1 флюро, 2 УЗИ, 3 ЭКГ аппаратын алдық. Ентiкпелi демiк¬пенiң(астма) көлемiн өлшейтiн аппарат бар. Асқазанды жапон аппаратымен тексеремiз. Емхананың халық игiлiгi үшiн 2007 жылы 23 миллион 918 мың теңгемен жабдықталған болса, 2008 жылы 11 миллион 165 мың теңге қаржы жұмсалып, әр түрлi қажет¬тiлiктер алынды. Соңғы үш-төрт жыл iшiнде Ревматология орталығы бөлiнiп шықты. 30 орындық күндiзгi стационар жұмыс iстейдi. Бiр жылда 2400 адам емделедi. Емханамызда 2 профессор, 1 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты кеңес бередi. Жалпы, екi мединституттың клиникалық базасы болып есептелемiз, - деп Жақсыбай Бидахметұлы өз сөзiн аяқтады.
Осындай жұмыс арқасында балалардың дүниеге келуi соңғы үш жылда 11 пайызға өскен. Өлiм-жiтiм16 пайызға азайған. Халық санымен есептегенде орташа өмiр сүру 7 пайызға көтерiлген. 2008 жылдың қорытындысында №8 емхана Алматы қаласы бойынша ең үздiк емдеу орны саналған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 2 миллион теңге сыйақы алған. 80-нен артық емдеу орны, емханалар бар қаламызда 5 емхана жаңадан салынуда. Халықтың демографиялық көрсеткiшi бiршама жақсара түскен: бала туылуы 1 пайызға өсiп, өлiм-жiтiм 16 пайызға кемiген. Орташа өмiр сүруi жасымыз және халық саны 7 пайызға жоғарылағанын мақтанышпен айтуға болады.
Бас дәрiгер Бижiгiтов Жақсыбай Бидахметұлының өзi кiм деген оқырман көкейiнде заңды сұрақ тууы әбден мүмкiн. Бұл орайда оның кейбiр марапаттары жөнiнде айта кету қажет:
«Денсаулық сақтау iсiнiң жоғары дәрежедегi ұйымдастырушысы», 2005 жылы «Алматы қаласының халқына ревматологиялық көмек ұйымдастырудағы жаңа тәсiл» деген тақырыпта диссертация қорғаған. Сондай-ақ «Құрмет» орденiмен, «Пирогов» атындағы медальмен, «Байқоңыр айлағына 30 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Кеңес Одағының және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» деген құрметтi атақтардың иесi. Социалдық гигиена және денсаулық сақтау iсi жөнiнде Қазан, Алматы, Ленинград, Киев, Москва және АҚШ елдерiнде бiлiм жетiлдiру тәжiрiбиесiнен өткен.
Атамыз қазақ «меңдей дәрi меңдеген дертке шипа болады» деген. Қазақстан Республикасының дәрiгерлiк саласы өркендей бергей!

 


Жанат АХМАДИ, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерi
«Жас қазақ үні» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413