Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4007 0 пікір 4 Қазан, 2012 сағат 10:05

Ақындардың төресі...

Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша Жазушылар одағының мүшесі, Президент стипендиясының, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері Есенқұл Жақыпбектің «Тазқара құстың тағдыры» атты жыр жинағын жарыққа шығарды.
Осыған дейін оннан аса кітапты өмірге әкелген ақынның бұл топтамасына соңғы жылдары жазылған, әлі сиясы кеуіп үлгермеген өлеңдері мен бұған дейін баспа бетін көрген таңдаулы туындылары, арнаулары, хикая-поэмалары енгізіліпті.
Мәдениет және ақпарат ми­нистрі Дархан Мыңбай көктемде айтыс ақындарының басын қо­сып, төл өнерімізді дамыту, оған мемлекеттік деңгейде қолдау көр­сету төңірегінде көшелі сөздің кө­шін бастап жүрген алдыңғы буынмен ақылдасып, пікірлерін тыңдайды. Арнайы шақырылған­дардың арасында қауырсын қалам мен қара домбыраны қатар ұстап, ел еркесіне айналған Есенқұл Жа­қыпбек те бар.

Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша Жазушылар одағының мүшесі, Президент стипендиясының, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері Есенқұл Жақыпбектің «Тазқара құстың тағдыры» атты жыр жинағын жарыққа шығарды.
Осыған дейін оннан аса кітапты өмірге әкелген ақынның бұл топтамасына соңғы жылдары жазылған, әлі сиясы кеуіп үлгермеген өлеңдері мен бұған дейін баспа бетін көрген таңдаулы туындылары, арнаулары, хикая-поэмалары енгізіліпті.
Мәдениет және ақпарат ми­нистрі Дархан Мыңбай көктемде айтыс ақындарының басын қо­сып, төл өнерімізді дамыту, оған мемлекеттік деңгейде қолдау көр­сету төңірегінде көшелі сөздің кө­шін бастап жүрген алдыңғы буынмен ақылдасып, пікірлерін тыңдайды. Арнайы шақырылған­дардың арасында қауырсын қалам мен қара домбыраны қатар ұстап, ел еркесіне айналған Есенқұл Жа­қыпбек те бар.
Парасатты ой айтып, салиқалы сөз саптай білетін сөз зергер­лері­мен жайдары өткен сол жүздесу соңынан министр мырза әр ақын­ның хал-жағдайын сұрап, шүйір­ке­лесе сөйлеседі. Айтыстың ақ­таң­герлері мәдениет саласының басшысына өз қолтаңбаларын жа­зып, жуық арада жарық көрген туындыларын кезек-кезек сыйлап жатады. Бұған сырттай көз тастап, бақылап қана тұрған ақынды бай­қап қалған Дархан Қамзабекұлы «Сіздің кітабыңыз қайда? Жаңа жырларыңызды оқымаймыз ба?» деп бұрыла сөйлейді. Жетісудың желмаясы қысылғаннан демеуші­лер арқылы 2005 жылы шыққан жұқалтаң жинағын қалтасынан шығарады. Қыры пышақтай, кө­лемі алақандай «Тау басында кәрі қарды» қолына ұстап тұрып, мә­се­ленің мәнісін бірден түсінген министр сол арада өлеңдерін дұ­рыстап шығарып беруге уәде ете­ді.
Мінеки, сол кездесудің нәти­жесінде оқырманға жол тартқан қарасаң көз де, көңіл де тоятын жыр кітабын қолымызға алып, ақырын парақтай бастадық.
Алғашқы бетте ешкімнің ал­ғысөзі берілмеген. Керісінше кі­ріспені қаламгердің өзі жазыпты. «Өзге емес, өзім айтам өз жайым­ды» басталған шағын әңгіме алты тақырыпшадан тұрады.
Бірінші бөлікте ақын «Кіммін? Немін?» деген сұрақтарға жауап іздеп, өзін тазқара құсқа теңейді. Одан соң балалық шаққа саяхат жасап, туған үй, өскен ортасы жай­лы естеліктер тізгінін ағытады. Түп-тамырына үңіледі. Айтыс ала­манындағы жеңістер мен жеңі­лістері жайлы ой қорытады. Ең соңында «Не жазу керек?» деп болашаққа көз жүгіртеді. Артына үңіле отырып, алдына мақсат қоя­­ды.
- Ақындық! Кім біледі оның қа­лай, қашан қонатынын. Ақын­дық адам басына салп етіп бірден қона сала ма, «Өлең аласың ба, көген аласың ба?» деп Қызыр Ілияс түсінде аян бере ме, жоқ әлде тұқым қуалай ма? Бәлкім ту­ған үйі, өскен ұясына, қоршаған ор­тасына, кешкен мехнат-қорлы­ғына байланысты немесе басқа да сілкіністерге байланысты мылқау­дың тілі сияқты кенеттен тілің шығып, көмекейің бүлкілдеп қоя беретін құбылыс шығар, ол.
Бәріміз бала кезімізде шексіз фанатизмге беріліп, ерлікке, ізгі­лікке, ғашықтық ғаламына бас­тай­тын батырлар, ғашықтық жы­рын жаттап өстік. Ертегі-аңыз оқы­дық. Абыз-жыраулар айтыпты деген асыл сөздерді құлаққа құ­йып, жүрекке сіңірдік. Сөй­тіп, қия­ли болып, басымызға кі­тап жас­тап оқып жүргенде көзіміз ке­неттен ашылып кетіп, өмірді өз натурасы, өз күйінде байқап көр­сек, дүние шіркін шындығына кел­генде өте майда, өте жиір­ке­ніш­ті, өте-мөте пасық, сасық және қызуы демде тарап кететін алдам­шы қызықтарға толы сұм жалған екен.
Бәлкім, ақындық осының бә­рін көріп, жаным шошығандықтан барып, туған қопарылыс шығар. Мен байғұс әйтеуір осы алпысқа таяп қалған жасымда сол ақындық дегеннің қай күні қай жағымнан жабысқанын есіме түсіре алмай, не одан айырыла алмай, Алла та­ғала өлшеп берген, онда да саған соның қадірін біліп жүрсін деп қарызға, аманатқа берген ғұмы­рын жасап келе жатырмын. Осы күні мені ақын емес дейтін пенде жоқ, тіпті атымды есіне түсіре алмағандар «Әй, ақын, бері қа­рашы» деп шақырады.
Өзімнің ақын екеніме кейде сенемін, кейде сенбеймін. Мұқа­ғали күнделігінде «Өлең жазғанда менің құлағыма біреу бірдеме деп сыбырлап тұрады» дейді. Мен де ондай қасиет жоқ. Әйтеуір тәнім - күйбең тіршіліктің құлы, жаным - өлеңнің құлы екендігі айдан анық.
Күнделікті тіршілікте мінезсіз, ешкімнен асып бара жатқан ерек­шелігі жоқ, тәуелсіз жалтақ, жа­сан­ды сөйлеп жіберуден де ұял­майтын жанбақының бірімін. Ал өлең жазғанда жаным кіреді. Өйт­кені ол кезде мен жылаймын, күр­сінемін, қуанамын, сағына­мын, сүйемін, жек көремін, боқ­тай­мын, қарғаймын, дауылды кү­ні ашық теңізге шығып кеткен шап-шағын ағаш корабль сияқты әждаһа толқындармен арпалы­сып, әйтеуір аударылып түспей, шы­бын жаным жаннан түңіліп ба­рып, барсакелмес бір аралға же­тіп жығыламын. Ертесіне қай­тадан «есектің артын жуып» ел қатарлы сөйлеп, сөлпиіп жүре беремін...
Мен көкелердің көмегімен емес, ақындар айтысының арқа­сында танымал болдым, ел қата­рына қосылдым. Ақындар айты­сында менің атым жеңумен емес, жеңілумен шықты. Өйткені ағыс­қа қарсы жүзетін албасты мінезім бар еді. Бірақ ол жеңістерге бер­гі­сіз жеңілістер ғой. Оған өкін­беймін. Өкінетінім, ойын-тоймен жүріп талай уақытымды бекер өткізіп алыппын. Бір жақсысы, екі ауыз сөзім болса да елдің есін­де қалып қойыпты. Соған мәзбін. Айтысқа қатысып жүріп, ел аралап, жер аралап, өмір таныдым. Соның бәрін өлеңіме арқау еттім. Әйтпесе өрісі тар тіршілікке құл болып, мүлдем өшіп кетер едім. Ептеп болса да өлең жазып жүр­дім. Бірақ бәрібір өлең жазатын ортаны сағынушы едім. Жазба ақын жолдастарым мені жек көріп кетті. Ал мен оларды жек көре алмадым. Бұл заманда сол баяғы поэзияға адал достарымның өзі азайып кетті. Бизнесте, үлкен қызметте жүргендер бар, баяғыша өлеңге адалдары аз қалды. Қазір олардың шегірткедей шенеунік­тер­ден айырмасы аз. Енді мен оларды жек көруге айналдым. Бүгінгі күні жаным сүйсінер еш­бір ортам, ешбір үйірім жоқ.
- Жастық шақ біздің өтті ішіп,
Жұрт құсап жөндеп іше алмай.
Түспейтін көзге көп түсіп,
Түсетін көзге түсе алмай.
Жүрміз ғой бүгін к.. қысып,
Ұшайын десе, ұша алмай...
Ұшқым-ақ келеді, бірақ қа­наттарымды зіл басып, тазқара құсап жалпылдап, самарқау ұша­мын. Әйтеуір бірдеме жетіспейді. Бірақ өмірге ешбір өкпем жоқ. Өйткені поэзия болмаса, менің өмірімде де айрықша ештеңе бол­мас еді, - дейді автор.
Іле-шала «Оқырманға» ағынан жарылып:
- Жырымды қабыл алыңдар,
Өзімнен менің аумаған.
Жауқазын мұнда жаным бар,
Жазғы бір таңда жаураған.
Мектепті бітіп ізгі шақ,
Балалық, жастық жалғасып.
Оқуға кеткен қыз құсап,
Жырларым менің жолға шық, - деп жай-жапсарын жайып салады.
«Суықтөбе тауының атауы ту­ралы тарих және...» өлеңі Қарасай батырдан қалған сөзбен өріліп, тереңнен сыр тартады.
- Басында Суықтөбенің,
Бөрілі байрақ желпілдеп.
Бабалар жауды жеңіпті,
Қонышы қанға көлкілдеп.
Сол таудың атын Қарасай,
Төбе деп атай салыпты.
«Шығатын тауың балалар,
Бұдан да биік болсын» деп...
«Бабалардан осындай аманат алып қалған алаш баласының бұдан да биікке шықпауға, соған талпынбауға қақысы жоқ» деп, ой түйеді ақын. Отансүйгіштік, пат­риот­тық сезімде туған басқа да туындылар астарынан үлкен ұғым, терең білімді, тәуелсіз сана мен пайымы мол пәлсапаны аң­ғарасыз.
Жолбарыс білек, қабылан жү­рек Қаныбек батырға арнауында да намысты ердің азаматтығын жырға қосады. Ерен ерлігін, жаяу­ға атын түсіп берген жомарт­тығын, ел басына екіталай күн туса, кеудесін оққа тосатын баһа­дүрлігін баяндайды. Намысын, арысын жоқтайды.
Жалпы, кейіпкеріміздің қай өлеңін оқысаңыз да көркем ой, кестелі тіл, сыршыл суретке бой алдырасыз. Іңкәр сезім әлдилеп, ғашықтық дерті жүрегіңізді өр­тейді. Мөлдіреген махаббат маша­қаты, сыңарын іздеп сағынған, сабылған күндер мен түндердің елесі еліктіреді. Ақынмен бірге ға­шық боласыз, ақынмен бірге күрсінесіз, ақынмен бірге бақ табасыз.
Сұлулық пен нәзіктікке құмар шайыр:
- Өмір сүрдім өзіңменен,
Елеңдетер енді елес.
Сені сүйген кезімде мен,
Періште едім, пенде емес.
Жерге түстім, жеңді бәрі,
Жақсы туыс, жолдастың.
Бұл өмірде ендігәрі
Мен бақытты болмаспын.
Кеттің ұзап жылай-жылай,
Ең соңғым да алғашқым.
Бұл өмірде бұдан былай,
Шын қуана алмаспын, - деп зар қағады.
Арада жылдар өте келе жыла­ған жүрегіне жұбаныш іздеп, әл­декімге:
- Жағаңызды келші аға, түзеп берем,
Дедің маған іңкәр бір ізетпенен.
Шымырлады жүрегім, сол жүрегім,
Былғарыдай еді ғой біз өтпеген.
Бізбен тесіп жіберсе тыз етпеген.
Есіркеген шығарсың ескі ағам деп,
Жаманшылық көп көрген жақсы ағам деп.
Құшақташы, тағы бір құшақташы,
Жағамды бір түзетіп тастаған боп...
деп назданады.
Ал «Қарауыл қайғысы» поэ­масы - Адам ата белгісінен айы­рылған қара лашықтағы қапас көңіл қазақ жігітінің жан азабы­мен не әйелі, не жесірі емес жас әйелдің жазықсыз күнәсін жуып-шаяды. Семейде атылған «саңы­рау­құлақ» салдарынан «Кебіні жоқ, көрі жоқ тірі аруаққа» айна­лып, ашынған азаматтың ақырғы сөзін жеткізеді.
Қоғамның дертінен айналып өтпеген қаламгер Қарауыл қай­ғысы арқылы қазақтың қайғысын қозғайды.
Бұдан бөлек, әнге айналған өлеңдері бір төбе. Біз талдамасақ та халықтың аузында жүрген дү­ниелер. Осыған дейін шырқалған, осыдан кейін де ұмытылмайтын көңіл тебіреністері.
Ақын сөзімен қорыта айт­қанда, ол нені тәуір жазды, нені жаза алмады, қай жерде өтірік өлең жазды, оның ақ-қарасын айыратын біз емеспіз. Ол жағын, оқырман өзі бағалай жатар...
Тек алып-қосарымыз, «Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі» деп жырлаған Есенқұл Жақып­бектің бұл кітабын толықтай оқып шықсаңыз, оның ақындар­дың төресі екенін сөзсіз мойын­дайсыз. Мәртебелі министрдің мейірімі текке түспегенін түсіне­сіз! Сөз құдіретіне, поэзия патша­лығына бас иесіз!

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340