Қымбат Cіләмбеков. Тіл тазалығы: он ғасырлық күрес
ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің рухани байланысын байыптаған Махмұд Қашқаридың да мақсұты түркілік тілдердің ең тазасын ұрпаққа қалдыру болатын. Тезге түспеген, қаймағы бұзылмаған, шырыштай ұйыған тілді қалдырмақ болды. Сол себепті де Алтай-Памир арасындағы түркі әлемін шарлап, сөзін саралап, сөздік құрастырды, алғашқы түрколог ғалым болып тарихта есімі қалды...
Егер қазақтың орыс отаршылдығына қарсы күресі Көшім ханнан басталды десек, тіл тазалығы үшін күрес сонау Махмұт Қашқари бабамыздан басталған екен-ау (1923 жылдан бастап емес)... Сол арна жазба әдебиетінің негізін қалаушы Бұқар мен Абайға, Ыбырайға, одан кейін Алаш арыстарының бес тұғырлы идеясының бірі - қазақ тілі мәселесін шеше білген Ахаңға жалғасты.
Күрес әр кезеңде әртүрлі сипат алды... Патша саясатын жүзеге асырушы татар молдалары да дінді уағыздамақ болып әлифті таяқ деп танымай тілді шұбарлады және де деректерді де сол молдалар жазатын және әрқашан өз тілімен араластырып түсініксіз тілде жазатын. Бұл «шабуылға» қалқанын тосқан - Ұлы Абай еді. Бүгінгі таңда бұл сарын Мұхтар Шаханов ағамыздың шоқтығына бітті.
ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің рухани байланысын байыптаған Махмұд Қашқаридың да мақсұты түркілік тілдердің ең тазасын ұрпаққа қалдыру болатын. Тезге түспеген, қаймағы бұзылмаған, шырыштай ұйыған тілді қалдырмақ болды. Сол себепті де Алтай-Памир арасындағы түркі әлемін шарлап, сөзін саралап, сөздік құрастырды, алғашқы түрколог ғалым болып тарихта есімі қалды...
Егер қазақтың орыс отаршылдығына қарсы күресі Көшім ханнан басталды десек, тіл тазалығы үшін күрес сонау Махмұт Қашқари бабамыздан басталған екен-ау (1923 жылдан бастап емес)... Сол арна жазба әдебиетінің негізін қалаушы Бұқар мен Абайға, Ыбырайға, одан кейін Алаш арыстарының бес тұғырлы идеясының бірі - қазақ тілі мәселесін шеше білген Ахаңға жалғасты.
Күрес әр кезеңде әртүрлі сипат алды... Патша саясатын жүзеге асырушы татар молдалары да дінді уағыздамақ болып әлифті таяқ деп танымай тілді шұбарлады және де деректерді де сол молдалар жазатын және әрқашан өз тілімен араластырып түсініксіз тілде жазатын. Бұл «шабуылға» қалқанын тосқан - Ұлы Абай еді. Бүгінгі таңда бұл сарын Мұхтар Шаханов ағамыздың шоқтығына бітті.
Ал тіл ше? Түркі тектес тілдердің ішінен тиегі толғамалы тірі, сүресі сетінемеген сірі тіл өзіміздің - қазақ тілі емес пе?! Мұндай тұжырым жасарлықтай негіз бар, әрине. Ең бірінші, қазақ - текті түркілердің киелі, аруақты атамекенінің тәңірлі иесі. Мағжан тілімен түрлегенде, «көп түрік енші алып тарасқанда, қазаққа қара шаңырақ қалған жоқ па?!». Кейінгі кезде ғалымдарымыз қазақ тілі ежелгі түркі тіліне қазіргі өзге түркі тілдеріне қарағанда әлдеқайда жақын екенін айтып та, жазып та жүр. Екіншіден, неге түркітанушы шетелдік ғалымдар қазақ тілінің көркемділігіне келгенде тамсана, таңырқай, қызыға жазады. «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады»,- дейді ориенталист ғалым П. М.Мелиоранский. Ал шығыстанушы, фольклортанушы В.В. Радлов: «Қазақ тілі - исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай түпкі таза түрік-түркі сипатын сақтап қалған тіл», - дейді қазақ тілінің «тазалығы мен табиғилығына, образдылығына» тұщынып.
Ал миссионер Н.И Ильинский: «Ертедегі түркілер тұрмысының көптеген іздерін өзінде сақтап қалған қазақ тілін мен ерекше ұнаттым. Қазақ даласы менің халық тіліне деген сүйіспеншілігімді мүлде қалыптастырды, оған мен тілдік зерттеу үшін нағыз таптырмайтын құжат ретінде қарай бастадым», -дейді сырын ақтарып. Сол сияқты:
Ал түрколог И.Бенцинг: «Ғылыми, әдеби, тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең әсем, өте бай тілдің бірі».
Түркітанушы С.В. Малов: «Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа түрік, немесе түркі тілдерінен әрдайым бөлекшеленіп тұрады. Қазақ өзінің ауызекі көркем тілімен, айшықты әсем фольклорымен бұрын да, қазір де даңқы шығып жүрген халық». Татар ғалымы А. Саади: «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек».
Ал Мағжан Жұмабаев: «Түрік тілімен сөйлейміз деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы» («Педагогика» еңбегінде), - дейді. Осынау ойлар тізбегін оқи отыра қалай рухтанбайсың, қалайша мақтаныш кернемейді кеудені?...
Ұлтты тілінен айырып мәңгүртке айналдырмақ болып орыс елі талай талапай жасады. Бірақ асқан ептілікпен жымысқы саясат жүргізген патша өкіметі Ыбырайдай тұлғаларды да саясатының өзегіне айналдырды. Қазақ тілінің болмысына қайшы кириллицаны Ыбырай арқылы қазаққа әкеп таңды... Үлкен заңдылыққа бағынған қазақ тілі бірте-бірте алфавит арқылы өз табиғи құбылысынан айырыла бастады. Ал Ыбырайлар ол жіпсіме саясатты мезгілінен кеш түсінді ғой, орыс әріптестерінен қатты жеріді ғой, өмірінің соңғы сапарында аманат етіп 99 молданың өз басына құран бағыштауын, ал орыс әріптестерінің бірін де жақындатпауын өтініпті... Тіл үшін күресемін деп жүріп сұрқия саясаттың құрбанына айналып, тіліне қиянат жасап алды. Ыбырайдың күресі өкінішпен аяқталды. Бірақ Ыбырайға дейін кириллица қарпін қолданған және өте сәтті пайдаланған - Виссарион Радлов (ол да миссионер болар) екен...
Кім білсін, егер ХХ ғасырдағы қытай зиялылары сияқты ұлттық болмысты сақтап қалу үшін тарихты тірілтіп, ата-бабасының ежелгі графикасын тарих қойнауынан аршып алып, латын графикасының орнына пайдаланғанындай біз де кезінде кириллицаның интервенциясына ұшырамағанда талай дүниемізді сақтап қалар ма едік. Есесіне, ХІІІ ғасырдағы ең ірі тұлға, әлемнің әміршісіне айналған қыпшақ Бейбарыс бабамыз өзге елде сұлтан бола тұра, өз тамырынан жазып қала тұра өмірінің соңына дейін өз ана тілі - қыпшақ тілінде - сөйлеп өткен екен, араб халқымен тілмаш арқылы сөйлескен екен. Міне, бұл - нағыз қайыспас қара нар күрес... Ең жанкешті күрес... Рух деген осындай асқақ болуы тиіс, себебі рухы биік жан жеңілмек емес. Рухы биік адамның жаны да - таза, ділі де - таза...
...Жаны сірі қазақ тағдыр тезіне қайыспай қайсар рух танытып, осы күнге дейін тарихын жанкешті күреспен өткерді. Қияннан құрысқан әр қиыншылықтан туған қайғы-қасіреттің көбесін сөгіп, шиыршық атып шамырқана түсті. Тастүлектей түлеп тәуелсіздік деген тұғырда қомданды. Бірақ, бірақ, осынау тағдыр тауқыметіне тегеурінді төзімділікпен қарсы тұра білген текті қазақ тәуелсіздік байрағын бәсірелгеннен бері өз дүниесіне өзі бос белбеу бола бастады. Тағы да тіл деген «тұйық», мүшкіл мәселе, арқасы жауыр болып, қажыған мәселе. Кебежесі кері тартқан қыңыр да қысыр мәселе. Айта, айта құлақ та үйреніп қалған. Енді қайтсін! «Рухсыз ел - құлықсыз ел» (Темірхан Медетбек). Бірақ, тілдің мәселесі бөлек. Себебі «тіл байлығы, тіл тазалығы - ұлт қасиетінің, салт-сананың негізгі өнегесі, нағыз белгісі» (Б. Момышұлы) емес пе?! Ұлттық құндылық ұлттық танымнан басталады. Ал танымның өзі ойлаудан басталатыны, ал ой тіл арқылы жеткізілетіні белгілі емес пе?
Кезінде онамастикалық атауларды орыс тіліне калькалап едік: Шағалалы - Шаглинская, Боран - Бурые, Ақсу - Беловод, Мұзтау - Белуха, Балықты - Рыбачье, Бестау - Пятигорск, Көкшетау - Синегорье, деп. Темір деген есіміміз Тимур, Шолпанымыз Венера болып кетіп еді. Тіпті, кешегі күнге дейін Мұхтар Әуезовты «Шығыстың Шолоховы», Қажымұқанды «қазақтың Подубныйы», Мағжанды «қазақтың Пушкині», Жамбылды «қазақтың Гомері», Қасымды «қазақтың Маяковсийі», Бейімбетті «қазақтың Чеховы», Мұқағалиды «қазақтың Есенині» деп келген жоқпыз ба?! Сол таным бүгін «тамырын тереңге сүңгітті».
Х. Досмұхамедұлы: «Мәдениет қуған елдің, ең алдымен, тілі өзгермекші», - деген діттегенді дөп басатын ойы дұрыс-ау, шіркін. Сонда біз батысқа қарап бошалайтын, батысқа қарап құйрық күзеп, жалын тарайтын ел болғанымыз ғой? Батыс прогресшіл өркениет дедік, келістік. Бірақ шығыс өркениеті - адамгершілікті, философиялық қоғам. Әу баста солай болған. Соның ішінде батыс пен шығысты шығыршықтай байланыстырған көшпенділер өркениеті де өресі биік еді. Яғни, біздің өркениет. Осынау ұлы дала дүниетанымы дархан да дана еді. Өрісі кең, өрімі өнегелі еді. Ал қазір сонау өткеннен өзеуреп жеткен көнені кемелдендіріп, санаға сіңдіріп, көкірекке тоқу орнына ыңғайымыз жаттың ығына жығылуда. Сол себепті де тіліміз өзгерді де кетті. Неге? Себебі ұлттық сана жоқ, ұлттық рух жадыланып, жер бауырлап қалған.
Ендеше... Кім кінәлі?! Өзіміз. Демек, көшті түзейтін, сүрлейтін де өзіміз! Жалпы бүгінгі заман саясатпен мәдениетті қалыптастыратын заман ғой. Сол ұлттық мәдениетімізді өркендетіп, гүлдендіріп, жасартып қоғамдық өмірге енгізсек, ұлттық рухымыз сонда ғана еңсерілер еді. Тағы да сол ұлттық сананың жоқтығына келіп тіреледі. М.Шоқай «Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл» деген рухани үндестік елбасымыздың «Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады» деген көздегенді орып түсіретін орынды пікір-ұстанымымен желіленді. Кезінде Алаш партиясы қалап кеткен идея, бағдарламаларды бүгінгі таңда орындайтын заман туды. Соның ішінде тіл мәселесі де! Істеліп жатқан шаралар бар. Бірақ нәтиже жоқ. Үміт бар, - қарқын жоқ. Қараша халық қай тілде сөйлесе, хан да сол тілде сөйлейді. Демек, басшылар қазақ тілінде сөйлеуді қарашадан бұрын бастасын. Себебі басшылардың өзі халыққа үлгі бола білуі керек. Ал ана тілге қатысты мәселер тікелей сол басшылардың құзырында екені даусыз. М. Шахановтай ардалы, М. Құл-Мұхаммед, М. Жолдасбек, М. Әуезов ағаларымыздай ұлт мүддесін қызғыштай қорғаған ұлтжанды билік иелері болса, қазақ тілінің қарымы қатаяр еді. Ал мынау ұрпаққа тіл арқылы ұлттық сананы сіңдірмесек, тобырға айналады да кетеді. Шіркін, бүгінгі қазақ халқына ана тілінің соңғы ұрпағын асқан жанкештілікпен сақтап қалған, қазір ел боп отырған еврей халқының тағлымын берсе ғой... Бірақ, бұл рухсыздық қасіреті де өтпелі кезең ғой. Тек мезгілінен кеш оянып, опық жемесек болғаны... Егер бүкіл түрік бауырлары түсініссін десек, біріксін десек, бүкіл түркі тілінің өзегі - қазақ тілінің қағанағын қалпына келтіруге тырысайық...
Қымбат Cіләмбеков
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Филология факультетінің 2-курс студенті
«Abai.kz»