Сенбі, 23 Қараша 2024
Шолу 2878 3 пікір 17 Мамыр, 2022 сағат 14:44

ҰҚШҰ саммиті: Ағылшын тілді БАҚ не дейді?

Кеше Мәскеуде ҰҚШҰ саммиті өткені белгілі. Бұл жиында Путин «Украинадағы соғысқа ҰҚШҰ әскерлерінің қатысуын сұрайды» деп күтілген еді. Бірақ ҰҚШҰ мемлекетттері соғысқа араласпайтынын айтты.

Сонымен ҰҚШҰ саммиті туралы ағылшын тілді ақпарат не дейді? Қараңыз:

Sky.News: «Путин НАТО Финляндия мен Швецияда әскерді ұлғайтса, жауап беретінін айтты», - деп жазады.

«Владимир Путин Ресейдің Финляндия мен Швециямен араздығы жоқ екенін айтты, бірақ екі ел аумағындағы әскери инфрақұрылым кеңейіп, НАТО-ға кіруге жақындағанына Мәскеу үнсіз қарап отыра алмайды деп ескертті.

Мәскеуде Ресей басқаратын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммитінде сөйлеген сөзінде ол АҚШ өзінің жаһандық ықпалын күшейту үшін басқаратын әскери альянстың жоспарларын Ресей мұқият бақылап отыруы керек екенін айтты.

Финляндия мен Швеция Ресейдің «бұларың қате» деген ескертуіне қарамастан НАТО-ға кіруге өтініш беретінін мәлімдеді. Финляндия Ресеймен құрлықта 1300 шақырымда шекараласады, ал Швецияның Ресеймен суда шекарасы бар. Екі ел де ондаған жылдар бойы НАТО-ға кіру - Ресейді бекерге ызыландыру деп санап келген. Бірақ, тарих көрсеткендей Ресей Украинаға басып кірді. Ресей көшбасшысы НАТО-ның кеңеюі Америка «агрессивті» түрде қолданады. Қазірдің өзінде жаһандық қауіпсіздік саласындағы қиын жағдайды одан әрі нашарлатады деп санайды. Ресей президенті «НАТО-ның кеңейіп жатқанынан келіп-кетер зиян жоқ, бірақ «бұл жерлердегі әскери инфроструктураның кеңеюіне» біз міндетті түрде қарымтасын қайтарамыз... Қандай қарымта екенін бізге төнген қауіпке қарай көреміз. Мәселелер қараптан-қарап пайда болуда, сәйкесінше қимылдайтын боламыз», - деді», - дейді мақалада.

Reuters агенттігі де аталған контекске мән беріпті. «Президент Владимир Путин дүйсенбідегі ҰҚШҰ саммитінде Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруі Ресейге қауіп төндірмейтінін айтты, бірақ егер АҚШ басқаратын одақ жаңа Скандинавиялық мүшелерінің әскери инфрақұрылымын нығайтса, Мәскеу қарап қалмайды деп ескертті», - деп жазады.

1999 жылдан бастапқы Ресейдің жоғарғы басшысы Путин НАТО-ның посткеңестік елдерге, Ресейдің шығысына қарай шекараларына жақындауын Украинадағы қақтығыстың себебі деп бірнеше рет атады. Бірақ соңғы айларда Украинадағы соғыстың әсерінен Батысты ядролық қаруымен қайта-қайта қорқытқан Путин Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын жайбарақат қабылдады. Бір қызығы, Ресейдің ең маңызды геосаяси бас ауруын Путиннің бұлай жайбарақат қабылдауы мен оның Сыртқы істер министрлігі мен жоғары лауазымды жақтастарының қабылдауы бір-біріне қайшы келгендей.

Путин жиында сөз сөйлегенге дейін Ресейдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков: «Батыста НАТО-ның солтүстікке кеңеюіне Мәскеу жай қарап отырады деген қиял болмасын», - деген болатын. Бұл сөздерді мемлекеттік телеарналар көрсетті.

Путин: «Арнайы операция» Украинаға керек, себебі АҚШ НАТО-ны кеңейтіп, Ресейге қоқан-лоқы көрсету үшін Украинаны пайдаланды. Ал, Мәскеу болса орыс тілді адамдардың қысым көруін тоқтатуы керек болды», - дейді

Путиннің айтуынша, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін одақ шығысқа қарай кеңеймейді деп уәде берілген. Америка Құрама Штаттары мен НАТО мұндай уәде берілмегенін айтады. Киев пен оның батыстағы жақтаушылары Мәскеу асыра сілтеп «орыс тілділерді қудалау туралы» мәлімде жасады, бұл егеменді мемлекетке қарсы соғыс ашу үшін сылтау болды дейді.

Батыс НАТО - 30 елдің одағы, оның ішінде Польша мен Венгрия сияқты Варшава пактінің бұрынғы республикалары, сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания және Франция сияқты ядролық державалар кіреді. НАТО-ның міндеті - тек қорғаныс дейді.

Al-Jazeera: «Ресей Солтүстік елдердегі НАТО-ның кеңеюін айыптайды. Ресей шенеунігінің айтуынша, Финляндия мен Швецияның Батыс әскери одағына қосылу туралы шешімі қарулы қақтығыстың ықтималдығын арттырады», - деп жазады.

«Ресей Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру туралы шешімін қауіп деп санамаса да, онда әскери инфрақұрылымды орналастыру Мәскеудің реакциясын тудыруы мүмкін», деп ескертті президент Владимир Путин дүйсенбіде.

Ресей президенті НАТО-ның Ресей шекараларына жақындауына «төзе алмайтынын» Батысқа ескертті. Мәскеу бірнеше рет АҚШ бастаған әскери коалицияның посткеңестік кеңеюін Украинаға басып кіруінің себебі ретінде атаған. Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Рябков Хельсинки мен Стокгольмның одаққа қосылу туралы шешімін қате деп атады. Ресей НАТО-ның Солтүстікке кеңеюіне жауап ретінде не істейтіні туралы аз мәлімет берді, тек "әскери-техникалық жауап" болады деп мәлімдеген. Өткен айда Путиннің ең жақын одақтастарының бірі «Ресей Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылса, Ресейдің Калининград эксклавына ядролық қару мен гиперсониялық зымырандарды орналастырады»,- деп мәлімдеді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502