Балалар шығармашылығын дамыту - басты міндет!
Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізген соң, жаңа буын жеткіншектерінің шығармашылық бейінділігі мен қабілетін дамыту басты ұстанымға айналып, кең көлемді психо-педагогикалық зерттеулер қолға алына бастады.
Осы жолда зерделі ғалымдар мен білікті бастауыш сынып ұстаздары шығармашылық қабілетті дамытудағы ең қажетті қадам табиғи бейімділіктен шығармашылық қабілетке көшу жағдайы турасындағы проблемалардың аспектілері турасында сөз ете бастады.
Осы орайда орыстың атақты суретшісі И.Е.Репин өз кезегінде жоғарғы табыс дегеніміз – бұл аяусыз төккен тердің өтеуі деген ұлағатты сөз айтады. Дәл осыдан шығарып айтарымыз, мектепте бәрін бірден қағып тез меңгеріп кетуге бейім, бірақ аяусыз тер төгуді қажетсіз санайтын оқушылар ұшырасады. Бірақ өмірде олар өздеріне артылған үмітті ақтамайды. Оның себебі, олар алдарынан кезіккен қиындықты табандылықпен жең білуге, әр нәрсеге байыппен қарауға дағыдыланбаған.
Негізінен мектеп ұстаздары осы бағытта тер төгетін болса, оқу процесінде ұшырасатын осы келеңсіздіктің жолын кеседі. Ондай ортада жаңа буын жеткіншектерінің шығармашылық бейінділігі мен қабілетін дамыту ұстанымның даңғыл жолы қалыптасады.
Тұлға қажетті маңызды қасиет өзіне талап қойып, істеген істеріне сын көзбен қарай білу. Тап осы сипаттар алғашқы қол жеткізген еңбек нәтижесіне көңіл толмаушылықты тудырып, оны одан ары жетілген әрі барынша кемелденген дүниеге айналдыруға деген талпынысты тудырады. Міне, осы жағдай ұлы өнертапқыш Т.Эдиссонға аккумулятордың сәтті конструкциясын табу үшін мыңдаған тәжірибелер жасатты. Тап осы жағдай А.М.Горькийге “Ана” кітабының жеті түрлі қолжазбасын жазғызды. Л.Н.Толстойдың “Крейцер сонатасы” көлемі шағын туынды болып саналса да, оның қолжазба нұсқалары одан көлемі жағынан 160 есе артық. Біз бұл мысалдарды еңбексүйгіштік пен табандылық қабілеттің қос қанатты екенін біліру үшін келтіріп отырмыз.
Робото техника кабинетін құр ғана ашып, көзбояушылыққа салынып отырған білім ошақтары баршылық. Егер олар шын мәнісінде шығармашыл балаға еркіндік беретін болса, онда жоғарыда біз сөз еткен мысалдардағыдай таланатты балалар көп нәрсеге қол жеткізер еді.
Өмірге келген әр баланың бойында туа біткен белгілі бір қабілет пен жеке бастық тұлғалық дамудың алғышарттары болады. Олар кейін келе индивидуалды даму мен білім алу процесі кезінде қалыптасады. Бірақ осы қабілет дамуы үшін білім, дағды мен машық аздық етеді. Ең маңыздысы оның оқу іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылатын жеке бастық қасиеттерді қалыптастыра білу керек. Осы қозғаушы күштерді қалыптасыра білу мен қалыптастыра алмау шығармашылық қабілеттің өзін тантуы мен танытпауына негіз болады. Егер осы қозғаушы күштерді қалыптасыра білсек, баланың алдында шығармашылық ғұмырдың жарқын болашағы ашылады.
Психологтар туа біткен, биологиялық факторларды шығармашылық қабілеттің табиғи нышан-белгісінің дамуы деп мойындайды. Бұндай табиғи шығармашылық нышан-белгілерді қабілеттіліктің алғышарты деп атайды.
Алғышарттар өз кезегінде қабілеттің қалыптасуы мен дамуына әсер етеді. Егер теңгерімді де қолайлы жағдай болатын болса, онда белгілі бір іс-әрекеттің алғышарттары қабілеттің дамуына игі ықпал етіп қалыптасуына септеседі. Әрине, тек қолайлы алғышарттар мен оңтайлы өмірлік жағдайдың орын алуы табысқа қол жеткізудің өте-мөте жоғары болуымен түсіндіріледі.
Қолайлы алғышарттарға ие бірде бір адам қанша жерден оған иелік еткенімен, тер төгіп, өзі ұнатқан ісін дамытпаса, ешқашан дарынды музыкант, суретші, математик, ақын атанбайды. Өмірде бұндай мысалдар өте көп. Кей кезде өте қолайлы алғышарттары бар жандар өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмай, егер өмірі басқа арнада өрбитін болса, тамаша табыстырға қол жеткізетін іс-әрекет түрінде тек тындырымды іскер жан болып қала береді. Кеоісінше, бойында тума алғышарттары жоқ жандар еңбексүйгіштігі және табандылығының арқасында өзінде жоқ қабілетті қалыптастырып, кез келген салада танымал табыстарға ие бола алады.
Әрбір қабілет белгілі бір алғышартқа сәйкес келеді деп есептеуге еш болмайды. Алғышарт көпқырлы. Демек, бір ғана алғышаарттың ар жағында бірінеше қабілет бұғып жатуы әбден мүмкін.
Дененің, қолдың, жылдам қимылдауы гимнастқа да, музыкантқа да, хирургке де өте қажет.
Көркем тип негізінде актердің, жазушының, суретшінің және музыканттың, ойлау типі негізінде математиктің, лингвисттің және философтың дарын қабілеті қалыптасады.
Қолайлы жағдай орын алған шақта музыкалық, әдеби, көркем өнер, математикалық іс-әрекетке қабілеті бар баланың дарыны ерте қалыптасып, тез дамуы ықтимал (бұндай қабілеттің көрініс беруі кейде қабілет туа біткен деген иллюзиялы көзқарас қалыптастырады.
Орыс зерттеушісі Р.С. Немов әлеуметтік қабілетінің дамуы төмендегідей жағдай мен алғышарттарға байланысты деп санайды. Олар:
- Адамдардың көптеген ұрпақтарының еңбегінің арқасында өмірге келген қоғамның, әлеуметтік-қоғамдық ортаның болуы. Тап осы жасанды орта өз бойына адамның тіршілік кешуін және адами қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін материалдық және рухани мәдениеттің көптеген құндылықтарды сыйдырады.
- Қажетті құндылыққа қолданудың туа біткен алғышарттарының болмауы және оған бала кезден үйретудің орын алмауы.
- Түрлі күрделі де, жоғары деңгейде ұйымдастырылған адамиіс-әрекет түрлеріне қатысудың қажеттілігі.
- Өмірге келген кезден бастап, қажетті қабілетке ие, білім мен тәлім-тәрбиеде біреуге қажетті білімді, дағды мен машықтарды бере алатын ортада өсу.
- Адамның туа салған кезден бастап, қатаң да, бір ізге түсіп бағдарланған мінез-құлық типінен ада болуы.
Біз санамалаған әрбір жағдай адамның туа біткен қарапайым көптеген жоғарғы өмір иесіне тән қабілеттер мен қасиетерге иелік етіп, биологиялық тіршілік иесіне айналуы болып табылады. Осы биологиялық тіршілік иесіне айналу жолында әлеуметтік тұлға ретінде өзінің адами қабілеттерін иеленіп, оны дамытады. Осы адами қабілеттердің әлеуметтік-мәдени ортада дамуы барысында материалдық және рухани мәдениеттердің құндылықтарын кәдеге жаратылады.
Өз шәкірттерін парасаттылықпен зерделейтін мұғалім оқу-тәрбие процесін дұрысты ұйымдастыру үшін және білім беру мен тәлім беруде дербес қадамдарды басшылыққа алу үшін өз оқушыларының қабілетінің қалйа танылуы мен оның қандай деңгейде көрініс беруін білуге тиісті. Оқушының қабілеті туралы белгілі бір іс-әрекет түрі бойынша танылуына қатысты сөз ете аламыз.
Осылайша қазақ қоғамының мәдени-рухани әм қоғамдық-әлеуметтік қажетін өтеуге септігі тиетін шығармашыл тұлғаның өсіп-өркендеуіне берік іргетас қалыптастра аламыз.
Abai.kz